Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мерекелі,берекелі-Алтын күз" балабақша сценарийі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы Сайрам ауданы
«Салим-би» балабақшасы
тәрбиеші: Хожиханова Гулпари
Мерекелі,берекелі алтын күз! ертеңгілік.
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.
Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.
Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті.Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.
(Әуен ойналады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Би: Жапырақтар «Осенний листок»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің шағын орталықта «Мерекелі,берекелі-Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі
Көбейді құт-береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ән: «Қуыршағым» орындайды Қахраманова Садия
Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)
Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін
Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі
Жүргізуші:Мерекемізді қыздар «Дефилесімен» жалғастырсақ, қарсы алыңыздар.
Ойын: «Өз ағашынды тап!»
Шарты: Шашылған жапырақты теріп алып, өз ағаштарының қасына тез барып тұру.
Жүргізуші:Күз ханшайымы келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістер өздерін таныстырсың.
Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар айтады.
Өрік
Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасын көріп
Менің атым өрік.
Алма
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Пияз
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам.
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Картоп
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Алмұрт
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Қызанақ
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Шие
Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім рақмет кішкентайларым.
Жүргізуші:Қыздар биі
тамашалаймыз.
Жүргізуші: Біздің балаларда
шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды
көрсетейік.
Ойын: «Тауық пен
әтеш»
Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша тауық – қызыл бұршақ,
ал
әтеш –ақ бұршақ дәнін жинау керек. Қайсысы көп жинаса соның жеңіске
жеткені болады.
Жүргізуші: біздің балалар мерекеге күзді тосып
отыр.
Күз келді.
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Мен Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.
Жүргізуші:Олай болса балалар тақпақ жаттасын.
Тақпақ: Күз туралы өлең шұмақтар.
Күзім-ау,күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау Муслима
Қарашы күз келді,күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неліктен күз енді Умар
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып Розай
Сап-сары ала теректер
Сап-сары ала атырар
Сәл тербесе самал жел
Түсіп жатыр жапырақ Содия
Айнала жым-жырт
Көк аспан сұрғылт
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда Мухаммад Рақмет тілінен бал тамған ақылдыларым.
Жүргізуші: Қыздар орындауында тамаша би
Би: «Қырманға кел».
Жүргізуші:Тақпақ: Күз туралы өлең шұмақтар.
Жапырақ ұшты
Суықта түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде Ойша
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін Севинч
Кештер ұзарады
Түнде салқын болады
Күндіз әлі жылы
Алтын күз бізге келеді Раяна
Күзде ағаштар әдемі
Сиқырлы жапырақтары
Жерге түсіп жайылады
Түсте кілем болып жатады Хадича
Жүргізуші: Әп бәрекелді ақылдыларым. Жігіттер орындауында тамаша би
Жігіттер биі «флешмоб»
Рақмет жандарым,өнерлерің өрге өссін.
Жүргізуші:Тақпақ: Күз туралы өлең шұмақтар.
Көрініп еліме
Күндерді мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке Солиха
Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті ,дән пісті
Айтамыз алғыс Махлие
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиіп-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз Ойша
Қара бұлт қабағын түйеді
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма осы ма күз деген
Бақшаға баратын бізбенен Жахонгир рақмет осы тақпағыңмен күз ханшайымға ұнадың.
Жүргізуші:Балалар, күз ханшайымының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.
Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды.
Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.
(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен « Айдана » тобының «Мерекелі,берекелі-Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын.
Елімізде тыныштық, береке болсын!
«Salim-bi» балабақшасы»
«Айдана» тобына арналған
«Мерекелі,берекелі -Алтын күз» ертеңгілігінің сценарийі.
Тәрбиешісі:Хожиханова Г
Көлкент ауылы
2024-2025 оқу жылы