Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мерекелік ертеңгілік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Шуақты мерекеңмен, Анашым!»
«Балауса» МАД тобы
Ұлмағанбетова Н.К
Мубаракова Н.М
Экраннан бейнекөрсетілім көрсетіліп тұрады.
Аршатай (тілші): (Экраннан көрсетіледі)
Сәлеметсіздер ме?! Еліміздің басты арнасының тікелей эфирінде таңғы жаңалықтар. Студияда Жарылқасын Аршатай. Бүгін барлық халық үшін ерекше күн. Әсіресе балабақшаларда аналарға арналған мерекелік кештер ұйымдастырылып балалар аналарына арнап өнерлерін көрсетуге асығуда. Халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты өткізіліп жатырған бұл кешке менің әріптесім Хансұлтан да қатысуда. Мерекелік кештің басы- қасында жүрген әріптесіме сөз кезегін беремін.
Хансұлтан (тілші) (Экраннан көрсетіледі): Қайырлы таң құрметті телекөрермендер! Қызылорда қаласындағы ірі балабақшалардың бірі «Шұғыла» балабақшасында тікелей эфирде аналар мерекесіне арналған « Шуақты мерекеңмен, Анашым!» атты мерекелік кеш басталуға жақын. Балалардың бұл кешке ерекше дайындықтары көрініп тұр. Қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, назарымызды мерекелік кешке аударайық. Олай болса құрметті телекөрермендер біздің арнамыздан алыстамай, бүгінгі дүбірлі кештің куәсі болып, тікелей эфирде өткелі отырған аналар мерекесіне арналған «Шуақты мерекеңмен, Анашым!» атты мерекелік кешті бірге тамашалайық!
Перде ашылады: ВХОД В АКТ ЗАЛ
Әуен ырғағымен жүргізушілер шығады.
Мадияр: Біз ғана
емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Елжан:Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз аналар мерекесі құтты болсын!
Бірге: Мерекелік кешімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Мадияр:Елжан бүгін тек қана аналарымыз бен әжелеріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Ендеше не тұрыс ортаға қыздарымызды шақырып алайық!
Елжан: Ендеше «Балауса» тобының сұлу қыздарын ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер!
Мадияр
Ақылына көркі сай
Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры - Ақсезім
Елжан: Бойына жиған өнерді
Әнші, биші өнерлі өнерпазымыз Айша
Мадияр: Ай десе аузы бар
Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы Еркежан
Елжан: Әдемі ән айтатын
Көңілді боп үйге қайтатын
Бақшамыздың көңілді бүлдіршіні Саийда
Мадияр: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын Айдидар
Елжан: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмаc Амина
Мадияр: Асқан білімді болатын
Жақсы мақтау алатын
Бақшамыздың білімпазы Айару
Қыздар көңілді әуенмен ортаға би қимылдары арқылы өздерін көрсетіп шығады.
Мадияр: Қош келдіңдер сұлу қыздар! Құрметті қонақтар олай болса сұлу қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!
Ән: «Я на мамочку пахожей быть хочу»
Ән айтып болған соң қыздар такпактарын айтады.
Айдидар
Ақ
мамам
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім!» -дейтін.
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де
Батырларша батылданам.
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ мамамды мен әрқашан
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ф. Оңғарсынова
Айшабибі
Ана
тілегі
Балапандай сәбидің,
Қанаты әсте талмасын.
Арманы ол әр үйдің,
Биіктерге самғасын!
Жол ашыңдар сәбиге,
Болашағын қорғаңдар.
Өсе берсін әр үйде
Бүлдіршіндер – армандар!
С. Оспанов
Ақсезім
Анама
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».
Амина
Кто нас крепко любит?
Мама, мама
Кто нас утром будит
Мама,мама
Книжки нам читает
Мама, мама
Песни напевает
Мама,мама
Кто нас обнимает?
Мама, мама
Хвалит и ласкает
Мама, мама
Еркежан
Подарок (О.Чусовитина)
Из цветной бумаги
Вырежу кусочек
Из него я сделаю
Маленький цветочек
Мамочке подарок
Приготовлю я
Самая красивая
Мама у меня!
Саийда
Мама нас ласкает
Солнце согревает
Солнце как и мама
Лишь одно бывает
Айару
Құтты болсын ақ
анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Би: Вальс
(Айша, Айдидар,Еркежан, Саийда,Амина, Ердәулет, Әзіретхан, Аршатай, Нұрасыл, Ерасыл)
Биден соң қыздар орындарына барады. Ұлдар тақпактарын айтады.
Әзіретхан
Сен қуансаң мен бірге қуанам
Саған ғана сенемін, жұбанам
Аспандағы ай- күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың анам
Ердәулет
Сенен өскен
балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Аршатай
Анам менің –
аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Нұрасыл
Ана дейміз
бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген - асыл жандар болаттай
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Айтуұлы
Ерасыл
Анаңды құрметтемесең
Анадан несін туасың?
Адамды құрметтемесең
Адамнан несін туасың?
Далаңды құрметтемесең,
Далада несін тұрасың?
Қалаңды құрметтемесең,
Қалада несін тұрасың?
Ән(хор): Мама я тебя люблю
Мадияр
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
Би: Қыздар барлығы
Қыздар сахна сыртына шығып кетеді. Сахна сыртында тұрады.
Ән: « Қыздар ай» Ұлдар орындайды.
Ұлдар қолдарына қамшыларын ұстап қайта шығады.
Би:Ұлдар
(Нұрдәулет, Елжан, Даниял,Хансұлтан, Жалғасбек, Ақәділ, Ерасыл А, Мадияр)
Билеп болған соң Мадияр шығып кетеді. Қалған ұлдар такпактарын айтады.
Елжан
Анама
Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде, -
Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
М. Жұмабаев
Даниял
Фариза Оңғарсынова "Анама"
Кеудеңде мені тербеттің,
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Хансұлтан
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”,
сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
мәңгілік Күндей, анашым!
Нұрдәулет
Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Жалғасбек
Бәрі де,
Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Аймахан Ерасыл
Алғашқы дәм, ол
да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Ақәділ
Анам менің –
өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Ана дейміз
бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
ӘН: «Жақсы көрем әжемді»
Мадияр: Құрметті қонақтар бүгінгі мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Қыздар, аналар мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Аналарымызға және қыздарымызға арнайы өз қолымыздан жасалған сыйлықтарымыз бар! Қабыл алыңыздар!
Мадияр
Ақылына көркі сай
Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры - Ақсезім
Елжан: Бойына жиған өнерді
Әнші, биші өнерлі өнерпазымыз Айша
Мадияр: Ай десе аузы бар
Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы Еркежан
Елжан: Әдемі ән айтатын
Көңілді боп үйге қайтатын
Бақшамыздың көңілді бүлдіршіні Саийда
Мадияр: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын Айдидар
Елжан: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмаc Амина
Мадияр: Асқан білімді болатын
Жақсы мақтау алатын
Бақшамыздың білімпазы Айару
Қыздар көңілді әуенмен ортаға би қимылдары арқылы өздерін көрсетіп шығады.
Мадияр: Қош келдіңдер сұлу қыздар! Құрметті қонақтар олай болса сұлу қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық!
Мадияр: Құрметті қонақтар бүгінгі мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Қыздар, аналар мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Аналарымызға және қыздарымызға арнайы өз қолымыздан жасалған сыйлықтарымыз бар! Қабыл алыңыздар!
Мадияр
Ақылына көркі сай
Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры - Ақсезім
Елжан: Бойына жиған өнерді
Әнші, биші өнерлі өнерпазымыз Айша
Мадияр: Ай десе аузы бар
Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы Еркежан
Елжан: Әдемі ән айтатын
Көңілді боп үйге қайтатын
Бақшамыздың көңілді бүлдіршіні Саийда
Мадияр: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын Айдидар
Елжан: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмаc Амина
Мадияр: Асқан білімді болатын
Жақсы мақтау алатын
Бақшамыздың білімпазы Айару
Қыздар көңілді әуенмен ортаға би қимылдары арқылы өздерін көрсетіп шығады.