Материалдар / Мерекелік ертеңгілік "Анаға қарап қыз өсер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мерекелік ертеңгілік "Анаға қарап қыз өсер"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2024
93
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

«Балауса-1»бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі:

______________Е.А.Ержума



«Анаға қарап қыз өсер»

мерекелік сайысы

Жүргізуші: Армысыздар апайлар, ардақты да аяулы аналар, сымбатты қыздар кішкентай бүлдіршіндер!

Міне, жыл аралатып  көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 наурыз Халықаралық әйелдер  күні де келіп жетті. Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметті біздің мерекеге жиналған қауым, бүгінгі мерекеміз ерекше өтеді. Себебі, аналарымыз бен қыздарымыз сайысқа қатысқалы отыр.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңда жауқазындай  құлпырған

Алаңсыз да балғын шақты балалар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,- деп ортаға сайысқа қатысушыларды  шақырамыз.

1. Сәулетбек Марал, анасы – Айдарбекова Маржан

2. Арсен Раяна, анасы – Кертай Айгерім

3. Ғалым Нұрай, анасы – Әділақын Дана

4. Қасым Лаура, анасы – Маметекова Айым

5. Марат Жанайым, анасы – Әлиасқар Айым

6. Дәуен Дана,анасы – Қасенова Жанерке

7.Ерәділ Көзайым ,анасы – Бейсенбай Құралай

Енді сайысымызды бастамас бұрын әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық. Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Балабақша меңгерушісі: Еңлік Айтқожақызы

Кәсіподақ Төрайымы: Кәмшат Қойшыбайқызы

Ата аналар комитеті: Чингизова Дамира

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру.

  2. «Өнерлі өрге жүзер» (анасы мен қызы бірге өнер көрсетеді)

  3. Біліміңді тексеріп көрейік! (мақал-мәтел жасыру)

  4. Үй тапсырмасы (қолөнер)

  5. Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі)

Енді аналар жеребе бойынша өз нөмірлерін таңдап алса.

Жүргізуші:

Гүл көңілің қуаныштан өрілді

Жанарыңнан жалын нұры төгілді

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен

Көпшілікке таныстыршы өзіңді – дей келе сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.

  1. Әділ қазылар алдында парақтар таратылды қатысушалардың ата - жөнімен, сайыс бөлімдері бар, сонымен қатар әр бөлімге баға беріп отырасыздар. "Таныстыру" сайысының ең жоғарғы бағасы "5"

  2. Қатысушыларға сәттілік!!! Ал, біз бастаймыз.

  3. Бірінші нөмірлі қатысушыларды өз таныстыруларымен ортаға шақырамыз.

  4. Таныстыру.

  5. Енді кезекті әдіс қазы алқаларына береміз, бағаларыңызды көрсетсеңіздер.


Ана – деген адамзаттың данасы

Ана – деген сәбилердің панасы

Ана – деген жарық жұлдыз шырағың

Ана – деген қайнар ыстық бұлағың

Ана – деген өмірдегі қамқорың

Ана – деген  сүйенерің жан құрбың, — деп бүгін балапандарын қолдап, сайысқа қатысуға келген аналар мен қыздарымыздың өнерін тамашалайық.


«Өнерлі өрге жүзер»

Сахнада биші емес құс сияқты,
Елестейді бір көрген түс сияқты.
Әжесінің ұршығындай иірілгенде,
Жер шарын айналдырған күн сияқты.

Көзайыммен анасы Құралайдың орындауында «Орыс » биін қарсы алыңыздар.

Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата - ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп өз өлең шумақтарымен
Алдарыңызда Сәулетбек Марал өз өнерін көрсетеді
Ән салады, билетіп,
сахнаның жұлдызы,
Алдарыңызда жарқырап

Айбарқызы Нұрай тұр
Ортада Ғалым Нұрай Айбарқызы « Көңілді күн » әнімен

Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған -
Ортада Лаура қыздарыңыз анасы айыммен «Анашым ана жаным» әнімен қарсы алыңыздар.

Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Өнерін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер

Ортада Дана мен анасы Жанеркені қарсы алайық «Испан»биімен.

Талаптанып ортаға шыққал тұрған

Еркелеп өзгелерден бөлек тұрған

Қарсы алайық ортаға Жанайымдай әнші ерке қызымызды.

Ортада Марат Жанайым «Біз бақытты баламыз» әсем әнімен.


Ән айтып,би де билейтін,

Раяна қызымыз өнерлі.

Бұрымдары желбіреп

Шақырайық ортаға Раянадай сұлуды.

Ортаға Раяна анасымен бірге шақырамыз. «Туған жер»әнімен.

Сайысқа қатысушы аналарымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

Сайысымыздың келесі кезеңі «Біліміңді тексеріп көрейік» (мақал-мәтел)жасыру деп аталады. Анаға қарап қыз өсер дегендей аналарымыздың мақал-мәтел қаншалықты білетіндерін білетін боламыз. Әр анаға әр түрлі тақырыпта бес бестен мақал қойылады мен бастап айтам аналар жалғасын айту керек. Ең жоғарғы баға "5". Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

1- Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — 
анам" дейді.

Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.


Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.

2- Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы


Туған жердей жер болмас,
Туған елдей  ел болмас.


Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

Ел іші — алтын бесік.

3- Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.


Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.


Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Өнер алды қызыл тіл

4- Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.


Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.


Шеше көрген тон пішер

Әке көрген оқ жонар


Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.


Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,
Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.

5- Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.


Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.


Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.


Оқу инемен құдық қазғандай.

Сайысымыздың 4-ші кезеңі Ендігі кезекте "Қол өнер" сайысы. Анасы мен қызы үйден бірге жасаған жұмыстарын ортаға шығарып, таныстыру қажет. Ең жоғарғы баға "5". Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.

Жүргізуші: «Қыздарға әсемдік жарасады» деп сайысымыздың соңғы кезеңіне дайындалу үшін қатысушыларымызды шығарып саламыз.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген- тіршіліктің тірегі

Аман жүрші қасиетті аналар деп, - апайларымызды, аналарымызды тобымыздағы ер балалар құттықтайды.

  1. Айхай,қыздарай әнімен қарсы алайық

  2. Балапандарымыздың орындауында «айналайын ақ мамам»әнін қабыл алыңыздар.

  3. Жүргізуші: кішкентай жүректеріңнен шыққан ақ тілектеріңе үлкен рахмет!

  4. Жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік

Аяулы аналар мен инабатты қыздардың

сән үлгісін көрейік

Сыры менен сымбатына қарап біз

Әділдікпен бағаларын берейік.

Ендеше кезекпен ортаға сән үлгісін көрсетуге дайын болған аналарымызбен ару қыздарымызды шақырайық.

Осымен «Анаға қарап қыз өсер» деп аталатын сайысымыз аяқталуға жақын. Әділ қазылар алқасының шешімі дайын болғанша мерекелік құттықтау тілектерін білдіру үшін сөз ата – аналарға, көрермендерге беріледі.

Сөз кезегін әділ – қазылар алқасына  береміз.

Қатысушыларға номинация бойынша алғыс хат, сыйлықтар беру үшін ортаға балабақша меңгерушісі Еңлік Айтқожақызын шақырамыз.

Осы жарысқа  уақыттарыңызды қиып, балаларыңызбен біздің бақшамызға келіп жарысқа қатысқандарыңызға мың алғыс айтамыз.

Адам барма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықтың ар намысын сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам,- деп  бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бірлік пен татулық тілейміз. Мерекеден мерекеге жете берейік.Қош сау болыңыздар.























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!