жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік ертеңгілік: "Аяулы анашым" Ортаңғы топ
Әділханның орындауында «Аяулы анашым» әні.
Ұлдар биі.
Жигиттер биі.
Бәрі:
Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер! Армысыздар қызғалдақтай құлпырған
қыздар!
Аналар, барша қонақтар
8-наурыз мерекесі құтты
болсын!
Дидар: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Бәрі: Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Нұрдаулет: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Бәрі:
Құрметті қыздар
мерекелеріңіз құтты
болсын!
Музыка әуенімен залға (Көктем)
кіреді.
Көктем:
Мен көңілді
көктеммін,
Былтыр келіп
кеткенмін.
Көзін ашып
бұлақтын,
Түбіне тал
екенмін.
Гүл боп қырда
егілем,
Дән боп жерге
себілем.
Жаңбыр болып жауам
да,
Нұр боп көктен
төгілем.
Шуағын төгіп
әлемге.
Жылуын күннің
әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін
сыйлаймын.
Балалар, қандай мерекені тойлап жатсыздар? Ол күні кімдерді құттықтайсыздар?
Әже мен аналарыңыздың есімдерін білесіңдер ме?
Өте жақсы.Әжелер,аналар, қыздар мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Ал, балалар, әжелеріңізге арнап не дайындап қойдыңыздар?
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған.Құрметті әжелерімізге арналған құттықтауларымызды қабыл алыңыздар.
Темирлан:
Менің әжем,ақ әжем
Сені жақсы көремін
Сізге арнап мен бүгін
Өлең оқып беремін
Әділхан:
Менің әжем ақ әжем
Аман болшы әрқашан
Менің әжем ақ әжем
Табылшы әркез қасымнан
Ержан:
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана
әжем?
Мунира:
Менің әжем
мейірбан,
Мені жақсы
көреді.
Қажетіне
жарасам,
Жас балаша
күледі.
Сезім:
Әжем менің
әйбат.
Ешкім оған
жетпейді.
Күні бойы бірге
ойнап,
Жанымнан бір
кетпейді.
Ән:
«Аппақ-аппақ, ақ әжем!»
хор.
Нұрдаулет:
Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап
Әдеппен бас
иеміз.
Дидар:
Еркелесем күнім
дейтін
Ұрысқаны
білінбейтін
Маңдайымнан искеп
менің
Құлыншағым күнім
дейтін.
Ансар:
Әже деген көп
шығар,
Әжемдей жоқ
шығар.
Мейірімді бұл
кісі,
Қандай ғажап
күлкісі.
Иса:
Мені жақсы
көреді,
Күндей күліп
жүреді,
Көп ертегі
біледі,
Маған айтып
береді.
Жандаулет:
Менің әжем жыр
әжем,
Шуағы мол, нұр
әжем.
«Әжетайым» Даярлық
сынып.
Ойын:
«Йогурт»
Би: «Раз ладошка»
Көктем:
Бала, бала, бала
деп,
Түнде шошып
оянған
Түн үйқысын төрт
бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Қаймақты сүттей
қалқытқан
Суық болса
жөргегі
Қорғасындай
балқытқан
Айналасына ас
қойып,
Өзенді көлдей
шалқытқан.
Қолын қатты
тигізбей,
Иісін жүпар
аңқытқан
Бұл
кім?
Балалар: Ана, ана,
ана!
Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Алихан:
Әр сөзімді
жаттаған,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
мамам.
Ерасыл:
Еркелесем күнім
дейтін
Ұрысқаны
білінбейтін
Маңдайымнан искеп
менің
Құлыншағым күнім
дейтін.
Айжамал:
Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл алшы
анашым.
Ұзақ өмір жүр
жасап.
Ауырмашы
анашым.
Аягөз:
Айтсаң болды тіл
алам.
Әйбат мамам әй
мамам.
Сені көрсем
қуанам.
Сен керексің
қашанда.
Ән: «Ақ мамам»
даярлық.
Бағлан:
Бүгін Наурыздың
сегізі
Сұлулықтың
егізі
Әдемі сөз
адамның
Анаға айтар
лебізі.
Бекарыс:
Мәпелейсің мені
анам
Қолыңдағы
құсыңдай
Құлпыра өсіп дем
алам.
Құшағында
қысылмай.
Рустем:
Жүре берсем
қасымда
Әйбат анам, әй
анам
«Ботам» деген
дауысыңнан
Мен мәз болып
оянам.
Әдия:
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
Бізді ана
қуантып
Ұзақ өмір
сүріңіз.
Ән: «Ана» хор
Ойын: «Жылы сөздер». Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
Би: «Топни ножка моя»
Жүргізуші:
Ойыннан келген
Әйгерім
Қуыршағын
іздейді.
Столдың астынан
тапты да,
Хал сұрауды
көздеді.
Әйгерім:
Қызым, менің
қалайсың
Томсырайып
қарайсың.
Қарның ашып
отырмай,
Тамақ ішсең
жарайсың.
Егер тамақ
ішпесең
Қу сүйек боп
қаласың.
Отыр қане
қасыма,
Тамақтанып
аласың
(Қуыршағын
алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Әйгерімнің осы
сәт,
Анасы үйге
кіреді.
Тағат таппай
қызының
Қалын сұрап
біледі
Анасы:
Әйгерімжан,
бүгін сен,
Тамақ ішіп
көрдің бе?
Қызықтап әлде
ойынды,
Кешке дейін
жүрдің бе?
Күнде саған
ұмытпай,
Тамағыңды іш
деймін.
Тіл алмайсың
қырсығып,
Осы сені не
істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының
артынан,
Аптығып әже
кіреді.
Ол – дағы өз
қызының
Қалын сұрап
біледі.
Әжесі:
Айналайын,
алтыным
Шаршадың ба,
жарқыным.
Ішпедің – ау
тамақ та,
Жайын ойлап
жалпының.
Қарашығым,
қарағым,
Түсіңкі ғой
қабағың.
Сөткемен тұрып
жұмыста
Болмай қалды –
ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың
елжіреп,
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген