жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мерекелік ертеңгілік "Бастауышпен қоштасу"
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Мақсаты:
А. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Б.Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
В.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе сөз:
Мұғалімнің
сөзі: Қош
келіпсіздер, құрметті ата-аналар,
қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық
шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік
асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып
өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан
басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер
өміріне өшпес із қалдырған бастауыш
сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да
есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат
өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен
сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға
жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына
өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Той
бүгін -кең сарайда шалқып
тасқан
Той бүгін- жұрт жиналып шашу
шашқан,
Той бүгін- шат өмірді күйге
бөлеп,
Би билеп, асқақтатып әнге
қосқан.
Бұл тойда жан табылмас
тасымаған,
Ақ сәуле әрбір тұстан
шашыраған,
Жұпарлы гүлге оранған осы
тойдың
Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!
Ендеше осы бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады
Кәусар: Армысыздар,
ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар мен
ақ жаулықты апалар!
Оразәлі: Бүгінгі
«Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне
қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке,
бірлік, табыс тілей отырып тойымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
Нұрсезім:Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Даниал: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Каусар: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Түймебай: Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Шуақ: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Диас:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Жансая:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Нұрдәулет:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Оразәлі:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Кәусар : Дұрыс айтасың Оразәлі! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Оразәлі : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
Кәусар : Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап
« Мектебім, аяулы, мектебім» әнін шырқайық!
Шуақ: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Кәусар?
Кәусар :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Даниал:Дұрыс айтасың Раушан,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жансая : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Нұрсезім:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Түймебай:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Диас: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Нұрдәулет:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
С. Кәусар: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғысмына отты жүректерден!
Ән: «Ардақты ұстазым»
Түймебай: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Нұрсезім: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Диас: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
С.Каусар : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Түймебай: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Каусар: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Даниал:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Жансая:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Оразәлі: Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Ән: «Алтын ұя мектебім»
Қазақ биі
Шуақ:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.
Нұрдәулет:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
С.Каусар:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін
Оразәлі: Иә, дұрыс айтасыңРаушан. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Мұғалім ата-аналарға алғыс хат тапсырады.
Нұрсезім:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Каусар:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән: «Ана,әке»
Ақжол: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Оразәлі:Оразәлідей
балаға
Мен
сеніммен қарадым.
Үмітімді
ақтадың
Шәкіртім
менің жарадың.
Нұрсезім:Мерекеде
бүгінгі
Жарқырайды
белсенді.
Еркелігі
көп тегі
Нұрсезім
біздің ортада.
Садиева
Каусар:Мейірлі
әрі жат көрмейтін кісіні
Мақсаты
көп көздеген әр ісінің.
Кәусар
сынды
қызымыз бар ортада
Қошеметтеп
қол соғайық шаттана.
Нұрдәулет:
Тез сөйлейтін асығып
Жүгіріп
жүрер жарысып.
Нұрдәулет
біздің
ортада
Таныңыздар,
қараңдар.
Шуақ:
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Біздің Шуақ талапты әрі үлгілі,
Оқу
менен билеуден алдына дес бермеген.
Түймебай:
Кей баланың өнері
Бара
бара ашылар.
Тіл
алғыш бала Түймебай
Ортамыздан
табылар.
Даниал:
Даниал сондай салмақты
Сабақтан
бірде қалмапты.
Әр
іске сондай жауапты
Сурет
салар жан жақты.
Диас:
Еңбекқорлық қасиеті бойында бар
Қате
ісін әрқашан мойынына алар.
Өзі
момын жауапты ер Диас қой
Арманың
болашақта орындалар.
Жансая:
Мінезге бай жайдары ашық,
Жастайынан
өзі де оқуға ғашық.
Жансая
дейтін шәкіртім
Шақырамын
ортаға қазір.
Каусар:
Ұстаз менен мектепті пір тұтатын
Бір
қызым бар есімі Каусар деген.
Өзі
әнші, өзі озат, бала ғой
Бұл
өмірде өз орныңды таба ғой.
Мұғалім:
Бір ұядан ұшты деп
Бөліп
жармай қарадым
Қоштасатын
сәт келді
Қош
шәкіртім қарағым:
Жасыңа
жас қосылды
Көз
алдымда өскесін
Баламдай
боп қаласың.
«Алғашқы ұстазым» әні
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Құрметті
ұстаздар!
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз
балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз
кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел
алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн
айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз
тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден
ізгі кішілікті,
Үйрендік біз
кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне
ғылымның
Алғысымыз сізге біздің
шексіз мың!
Болашағы бейне
қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын
күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге
бастасын,
Алдарыңда сан тарау жолдары
тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы
тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамын
білімнің мен кілтін.
«Бастауышпен
қоштасу» әні
Бар білгеннің аямаған,
Өз гүліңдей
аялаған,
Мың рахмет ұстаздарға.
Төрт
жыл бойы нұрын төккен,
Аттандырған
ақ тілекпен.
Ұстаз үмітін ақтаймыз,
Серт
береміз шын жүректен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген