15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік ертеңгілік "Кел,Жаңа жыл!"
![]()
Музыка: Сахнаға 2
жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Жылқы жылды
Ұзатып сап жыланды
2 жүргізуші Құтты болсын
ағайын
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Ертеңгілікті бастасын
«Жұлдыз, Еркетай
,Балапан » тобы да
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастамас бұрын бізбен бір жыл бойы
бірге болған.Бар қызықты бірге өткізіп , бірге қуанып, бірге
ренжіген жылан жылына рахметімізді айтып
. «Жаңа жыл жарылқасын , ескі жыл
есіркесін»деп ескі жылымыз бен жаңа
жылымызды қарсы алайық .Қане бәріміз бірге жылан
жылын шақырайық
Балалар: Жылан жылан келші(Сахнаға Жылан шығады.)
Жылан: Қуанышты ортамыз сазға
ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2014 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Жылқыға
беремін.
1 жүргізуші: Балалар , қане жылқыны шақырайық. Сендер шақырмасаңдар жылқының келетін түрі жоқ. Алдағы күтіп отырған жылымыз жылқы жылы ғой.
2 жүргізуші Ал , балалар бәріміз бірге жылқы жылын шақырайықшы
Балалар: Жылқы жылқы келші(Сахнаға Жылқы шығады.)
Жылқы: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – жүйріктігім
Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге ақ ниет
Сіздерге мың рахмет
1.Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2.Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа
жылдарыңызбен!!!
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.. Бірақ
мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды
емес..Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған
тәуелді.)
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1
Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан
келдің? Аспаннан түстің бе?
Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып
тұрған секілдімін.Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге
келіп тұрған секілдіміз.
2
Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық
бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің
өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Менің рұқсатымсыз жаңа жыл өткізе алмайсыңдар.Сендерді сиқырлап тастаймын(Өзінің сиқырымен екі сайқымазақты қатырып тастайды)
1 жүргізуші:Балалар жаңа жыл кешіне келген достарымыз қатып қалды Олар қалпына келу үшін сендердің көмектерің керек. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөз айтайық
Шырша Шырша жан деп үш рет қайталайық балалар (үш рет қайталайды)
1
Сайқымазақ:.Қарашы айналаңа адамдарда
мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсы
алуда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп,өлең оқылады.)
2 жүргізуші :Ар бол, жаңа жыл!
Бар бол жаңа жыл!
Қадамың құтты болсын, жаңа жыл
Бейбітшілік жылы бол жаңа жыл,
Құт – береке жылы бол жаңа жыл
1 жүргізуші:Балалар біздің жаңа жылда кімдер жок?
2 жүргізуші
:Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар
Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, , !
Жаңа жылдарың құтты болсын
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақарлар арайлы
Жалт жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды
Аяз
ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты
кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы
алғаныма өте қуаныштымын.
Аяз
ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге
қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім
билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Шырша әні айтылады.)
1 жүргізуші:Ал , келіңдер келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт аяз атада
Сыйлық алып көріңдер(Би, тақпақ айтылады.)
Аяз ата:Рахмет , балалар сендер өнерлі екенсіңдер , ризамын сендерге мен де құр келмедім , қуыршақтар театрын алып келдім .
2 жүргізуші:Тамаша ,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда театр
Келеме біздің бақшаға
Аяз ата:Жаңа келген жылқы жылы сіздерге оттбасыларыңа жақсылық , қуаныш бақыт әкелсін. Өздеріңе арнап алып келген сыйлымызды үлестірейік.
1 жүргізуші:Аяз ата , Ақшақар, сіздерге көп көп рахмет. Біз сіздерге ризамыз, келер жылы кездескенше, балаларды ренжінтпейміз және өзіңізді асыға күтеміз.
Аяз ата:Сау болыңдар ! бүлдіршіндер келер жылы келгенше
2-жүргізуші:
Міне, Қымбатты балалар,
бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық,
бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз
сөнбесін!
1-жүргізуші
:Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...Сау
болыңдар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген