15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік ертеңгілік "Мерекеңізбен анашым" ІІсәбилер тобы
05.03.2014ж.
Тақырыбы: «Мерекеңізбен анашым!»
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық
сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік
пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби
жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Мерекеңізбен анашым!» - атты
ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін
тамашалаңыздар.
Балалар тұрып тұрады.
Балалар бәрі: Құттықтаймыз сіздерді, 8-ші Наурызбен!!!
Ән: «Құттықтаймын ана, туған күніңмен!»
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
(Балалардың тақпағы айтылады)
-
Келді көктем күнің, Айжамал
Күлімдейді гүлің.
Алтын ойлы анам,
Мерекеңіз бүгін!
-
Бізге қарап елжіреп, Қарақат
Сүйсе беттен елжіреп.
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Ән: «Зеңгір көктем»
Жүргізуші: «Тәтті нан» ертегісінен көрініс тамашалайық.
Әже (кіреді) Міне қамырым да көтерілді, жұмсақ, дәмді, тәтті нан пісетін болды. Дастарханға қамырды илейін. Арасына картоп, сәбіз, салайын. Ару көктем қонаққа келгенде дәм татқызайын.Тәтті нан секіреді.
Әже: Ой, мынау не? Мына тәтті нан маған бірдеңе айтқысы келеді. Менің сиқырлы орамалым қайда? Орамалмен жабады.
Чуф-чуф көрінші,
Чуф-чуф тірілші.
Тәтті нан тіріледі.
Тәтті нан: Әже сәлем бердік, мен бәрін естідім. Сіз көктем аруын күтіп отырсыз. Көңілді мереке болатын болды. Жарайды мен ана жолмен көктемді қарсы алайын.
Мен тәтті нанмын,
Көңілденіп келемін.
(Қоян шығады алдынан).
Қоян: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін.
Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін:
Мен тәтті нанмын,
Көңілденіп келемін.
Жолда жүгіріп келемін.
Көктем аруын күтемін.
Қоян: Сен дәмдісің, сонда да жеп қоямын.
Тәтті нан: Балалар көмектесіңдерші, қоян неден қорқады?
Балалар: Желден қорқады.
Қане бәріміз жел болып гуілдейік. Балалар гуілдейді, қоян қашып кетеді. Тәтті нан домалап кете береді, алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Сәлем тәтті нан мен сені жеймін. Бокс-бокс.
Тәтті нан:
Тоқташы сен қорқытпа,
Тезірек қаш орманға.
Керек етсем егерде.
Ұрып тастаймын сені де.
(Қасқыр қорқып кетеді) Саған не болды тәтті нан, неге мені ұрасың?
Тәтті нан: Балалар қасқыр неден қорқады?
Балалар: Иттен. Ендеше бәріміз итше үрейік АФ-АФ-АФ
Қасқырдан құтылған тәтті нан әрі қарай домалап кетеді. Алдынан аю шығады.
Аю: Сәлем тәтті нан, мен сені жеймін.
Тәтті нан: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін:
Мен тәтті нанмын,
Көңілденіп келемін,
Жолда жүгіріп келемін.
Көктем аруын күтемін.
Көктемге өнерімді көрсетемін.
Аю: Мен сені бәрібір жеп қоямын.
Тәтті нан: Сені қалай қорқытсам екен? (ойланады) Балалар аю неден қорқады?
Балалар: Аю бал жейді, арадан қорқады.
Тәтті нан: Бәріміз ара болайық. Балалар ара болады. Ж-Ж-Ж-Ж-Ж Аю қашып кетеді.
Тәтті нан: Қой мен шаршадым, әрі қарай көктем аруын іздей алмаспын., деп томарға отыра кетеді. Осы кезде түлкі келеді.
Түлкі: Мен әдемі түлкішек, ән салуды ұнатқан. Ой, бұл не өзі?
Тәтті нан: Не емес кім? Мен тәтті нанмын, сұлу көктемді күтуге шығып едім, жете алар емеспін.
Түлкі: Қандай дәмді нан, алақаныма отыршы.
Тәтті нан: Иә, балалар бірінші алақаныма отыр, одан мұрныма отыр, сосын бауырсақ сияқты мені ап-п деп жеп қойғың келеді ғой. Ал сонда көктем аруын кім күтеді? Оданда қайта дос болып, көктемді бірге қарсы алайық. Ол қазір жақындап қалған болар.
Жүргізуші: Балалар, біз де көктем аруын күтеміз бе?
Балалар: Иә.
Жүргізуші:
Жасыл көктем, сен көктем.
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты, мейірлі,
Балалары әндеткен.
Төрлет көктем жоғары.
Көктем кіреді. (сөзі)
Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.
3.Мен гүлдерді жұлмаймын, Имран
Торғайларды қумаймын.
Жұмсағанда тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын!
4.Анам,анам,ақ анам, Адиль
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын!
Жүргізуші:
Қыс кетіп, көктем келді.
Құстар келе бастады.
Жан-жануарлар, жәндіктер ұйқысынан оянды.
Көктемде тіршілік қайтадан жаңарады.
Ойын: «Гүлдерді тез жина» «Көктем»
Ал енді, барлығымыз ойнап жіберейік.
Жүргізуші:
Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті.
Баға жетпес ақ әжем.
(Балалардың тақпақтары)
5.Әжем менің әлі де, Беглан
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді,
Керек болса бәріңе!
6. Анамыздың мейірлі, Ғазиза
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді,
Жомарт жанға балаймыз!
7.Әлпештеген,аялаған, Аружан
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып,бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Жүргізуші:
Аялы ғой сипаған.
Алақаның әжетайым.
Арналады сіздерге.
Қазіргі біздің әніміз.
Ән: «Әжемді жақсы көремін».
Көктем аруы: Балалар,сендерге үлкен рахмет!Сендер сондай әдемі,көңілді,ақылды балалар екенсіңдер.Жарайсыңдар,мен сендерге ризамын!Менімен ойнағыларың келе ме?Олай болса «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын,кім жұмбақтың шешуін дұрыс тапса,сол гүлге ие болады.Кім көп гүл жинаса,сол жеңіске жетеді
Жүргізуші:
Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың!
Ана дейміз бәріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне
арналған «Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты
аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген