Материалдар / Мерекелік ертеңгілік "Қош бол,балабақша!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мерекелік ертеңгілік "Қош бол,балабақша!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік ертеңгілік "Қош бол,балабақша!" Байсерке ауылы "Ұлы дала" бөбекжай балабақшасы "Айгөлек"ересек тобы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2022
374
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

«Ұлы дала» бөбекжай балабақшасының

Меңгерушісі_______Қыдырбек М.Р.



Мерекелік ертеңгілік

«Қош бол,балабақша!»

Shape1 Shape2 Shape3

Тәрбиеші: Алмабекова Г

Тобы: «Айгөлек» ересектер тобы



2022 жыл

«Қош бол,балабақша!»

Мерекелік ертеңгілік

Тақырыбы: «Қош бол,балабақша»

Күні: 30.05.2022

Тобы: «Айгөлек» ересектер тобы

Тәрбиеші:

Ерте, ерте ертеде, тәрбие атты өлкеде,
Балабақша атты сарайда, білім шашқан маңайға.
Бір патшалық болыпты, ішіне бақ қоныпты,
Іші өнерлі, өрелі, балаларға толыпты.
Сол сарайдың біріне, 2021 – ның қысында,
Бір топ бала келіпті,барлығы да көрікті
Кіп - кішкене өздері, былдырлаған сөздері.
Ештеңені түсінбей, таңырқаған кездері.
Алдарынан күлімдеп, « Балаларым, күнім»- деп,
Тәрбиешілер шығыпты, оң мен солын танытты.
Содан бері мінеки, екі жыл өтті білінбей,
Бір ананың төліндей, ынтымағы жарасқан.
Елді аузына қаратқан, етек жеңін жинаған,
Тәрбиешілерін сыйлаған, сол балалар өсіпті.
Буындары бекіпті, балабақшамен қоштасар,
Кезде келіп жетіпті.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз! Бүгін бізде үлкен мереке,балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне бүгін балабақшамен қоштасқалы отыр.

Ал енді ортамызға бақшамыздан түлеп ұшқалы отырған бүлдіршіндерімізді шақырайық.

(Аты аталған балалар бір бірден қызыл кілеммен жүріп өтіп,орындарына тұрады)

Кіп кішкентай болса-да Елді аузына қаратар Сүйкімді қыз Нұрлыайым Көркі оның қөз тартар

Мына біздің Батырхан Ақылды да да, өнерлі Ақылы оның өте көп Сүйкімді боп жүреді

Ән салғанда шырқап бір Шаршамайды, сірә, бір Гүлнур біздің өнерлі Тобымыздың бұлбұлы.


Ойы ұшқыр Алинур,

Достықты әркез сүйеді. Достарынан аямай, Бәрін бөліп береді.

Еркежан қыз тобымның, Гүлі болып шыға ғой. Сені көрген адамның Қуанбауы күнә ғой



Қайсар деген жігіт бар, Ақылды әрі еркеміз. Әр қылығын көтеріп, Еркелете береміз.

Инабатты сұлу қыз. Әдемі де түзу қыз. Медина топтың аруы, Еркелетіп жүреміз.

Сабырлы, жайсаң мінезі Адалдықты сүйеді. Бәрі де бәрі сыйлайды Сымбатты жігіт Дидарды.


Батыл әрі білекті

Мейірімді жүректі

Шақырайық ортаға

Ринат деген жігітті


Білімді әрі өнерлі

Айсултанды білеміз

Болашақта біз сенен

үлкен үміт күтеміз

(балалар жартылай шеңберге тұрып,ән айтады)

Хор «Балабақша»

Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл- ойларың Қуанышты бүгінгі Құтты болсын тойларың

Менің ақылды балаларым! Міне бүгін балабақшамен қоштасып мектеп табылдырығын аттағалы тұрсыңдар.Балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған бүгінгі ертеңгілімізде қонақтарға бар өнерімізді көрсетейік.

Балабақша туралы тақпақтарымызды айтып берейік

Алинур:

Сүйген өз қыз,өз ұлын,

Бөбегім деп аянбай

Балабақшам өз үйім.

Апай болды анамдай.

Медина:

Қызық күндер өткіздік,

Балабақша бағында.

Көп оқыдық,көп білдік,

Ел мен Отан жайында

Ринат:

Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол,әсем бақшамыз

Гүлнұр:

Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би - биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.




Қайсар:

Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.

Нұрлыайым:

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз

Батырхан:

Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Мектепке кеттік бүгінде.

Еркежан:

Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Бала бақшам қош енді.
Дидар:

Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.

Д.Айсултан:

Еркелігім аз енді

Бүгінде есті баламын

Мазаламай анамды

Мектепке өзім барамын.

Тәрбиеші:

Оқып, білім алатын,
Болашақ жолын салатын.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге баратын
Ұл қыздарымызды керемет биімен ортаға шақырайық

Би

Тәрбиеші: Қазір балалар сендермен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

                       1.Мектепке біз барамыз ба?

                       2.Кілең 5-тік аламыз ба?

                       3.Айтқан тілді аламыз ба?

                       4.Ақылды бала боламыз ба?

                       5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

                       6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

                       7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

                       8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

                       9.2 алғанда жылаймыз ба?

                      10.Оқушы біз боламыз ба?

Тәрбиеші:Енді ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнап көрейік.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып,еспке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?

4.Еркелікке әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?

8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.Бала үшін асулардан асасыз ба?

Тәрбиеші:

Көңілді өскен баламыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Тойымызға сән беріп,
Әсем әнге саламыз!

Хор «Оқуда озат боламыз»

Ойын ата аналармен

Тәрбиеші:

Балалар енді сендер мектеп табалдырығын аттайсыңдар.Казір сендер сияқты мектеп табалдырығын аттағалы тұрған баланың мектепке барған алғашқы күні туралы көріністі тамашалайық
«Мектепке Қайсар барады» қойылымы:

Қатысушылар: Жүргізуші,Қайсар,атасы (Алинур),әжесі (Медина),анасы (Еркежан),әкесі(Ринат)
Жүргізуші:Қайсарда бүгін мереке,
Барады ол мектепке,
Көшемен Қайсар барады
Таңғалып жұрт қарады.
Қайсар жалғыз емес қой
Саусақпен қане, санап қой!
Артынан еріп келеді
Пойыз боп бәрі жүреді.
Жүргізуші: Қайсардың артынан кім екен асыққан?
Анасы (Еркежан): Анасы ғой!
Жүргізуші: Қайсардың артынан кім екен жүгірген?
Әкесі (Ринат): Әкесі ғой!
Жүргізуші: Қайсардың артынан тәттісін беретін кім екен?
Әжесі (Медина): Әжесі ғой!
Жүргізуші: Қайсардың артынан кім бауын байлайтын?
Атасы (Алинур): Атасы ғой!
Жүргізуші:
Айтыңызшы біздерге,
Не істеп жүрсіз сіздер де
Бәріңді жалғап әкелген
Қайсар паравоз ба әлде!
Анасы (Еркежан):Көйлегінің түймесін кім салып береді?
Әкесі (Ринат): Сумкасын баламның кім көтеріп жүреді?
Әжесі (Медина): Кім нанға май жағып оған береді?
Атасы (Алинур): Бәтеңкенің бауын оған кім байлап береді?
Балалар: Өзі!
Анасы (Еркежан): Ол әлі кіші ғой!
Әкесі (Ринат): Әрі ол әлсіз ғой!
Әжесі (Медина): Ол әлі нәзік қой!
Атасы (Алинур): Ол тағы әлжуаз ғой!
Анасы (Еркежан):
Аяңдаршы баламды
Бірінші сыныпқа тек барады!
Әкесі (Ринат):
Қамын ойлап баламның
Жұмыстан да сұрандым!
Әжесі (Медина):
Немерем бәліш жеу керек
Жүдеген бала кімге керек?
Атасы (Алинур):
Сабақтан жіберіп тұрыңдар
Бауын байлап берейін!
Жүргізуші:
Мұның бәрі бос әуре
Жарамайды бүйтуге.
Қайсарды сіздерден аламыз,
Осылай сыныпқа барамыз!
Сыныпқа Қайсар кіре ғой,
«Өзім» деп жауап бере ғой!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!