Тақырып бойынша 20 материал табылды

мерекелік ертеңгілік "Республика күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күніне арналған мерекелік ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қазақстан – Республикам менің» республика күніне арналған іс-шара

Ересек  «Балапан» тобы

Мақсаты: Балаларды туған жерін, туған елін, халқын құрметтеуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі- туған Отанды сүюден басталатындығын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Өз мемлекетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Тулар, суреттер, буклет, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қолдарына ту ұстап кіреді.

Кенге толы қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол- біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі- ақ

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан!

Қайырлы күн Қазақстандықтар!

Балалар, бүгінгі іс-шарамыз  ерекше болғалы тұр ендеше әнұранмен бастайық.

Әнұран ойналады.

Таңғажайып сәт. Ой, балалар бізге почташы хат әкеліп берді кәне бірге оқиық. Хатта жазылыпты 25-шы қазан қандай мереке күні?  Республика  күніне байланысты мен сендерге суреттер жібердім, сол суреттерді құрастырып көріңдер депті.

Дидактикалық ойын «Мемлекетік рәміздерді құрастыр»

Сұрақ-жауап және түсінік беру

-Балалар 25- қазан  Республика күні болып 2022 жылы қайта бекітілді.

Республика күнінің тарихына тоқтала кетсек, Республика күні 1990 жылы қазан айының 25-і Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  шешімімен «Қазақ КСР-нің  мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.  Әлем картасында  жаңа мемлекет Қазақстан Республикасының негізі қаланды.

Қабылданған декларатция Қазақстанның  болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналады.  Бұл декларацияның  қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік өкіметтің дербестігі мен толықтылығы, мемлекеттік  бюджеті, халықаралық қатынсатардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютасы бекітілді.

-Балалар  сендер қандай мемілекетте тұрасыңдар?

- Қазақстан мелекетінде тұрамыз

-Қазақстан мемлекетінің  президенті кім?

-Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы

-Сендер қай қалада тұрасыңдар?

-Байқоңыр қаласында тұрамыз.

Балаларға жан-жақты түсінік бере отырып слайд арқылы түсінік беру.   

(Слайдқа назар аударту)

Балалар бүгін бізде ерекше  күн, біз  бүгін  барлық  әндерімізді, тақпақтарымызды   біздің  Отанымызға арнаймыз, өйткені  25- қазан күні Республика күні болып тойланады.

Отан туралы кім тақпақтар біледі?

Нұрай

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Алинур

Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Санжар

Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,

Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.

София

Атандың сен барлық әлем тілінде,

Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.

Асия

Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,

Есіміңді естігенді қуанам.

Амина

Қазақстан – қиял жетпес биік тау,

Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.

Айбар

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Бибинур

Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

-Жарайсыңдар балалар, Республикамыз туралы тақпақтар айттық.

 Қазақстан рәміздері туралы мәлімет

1992  жылы 4-маусымда  жаңа  мемлекеттік рәміздер  Елтаңба, Ту, Әнұран  бекітілді.

Елтаңбаның, тудың  суретін  көрсету.

-Елтаңбаның  қандай  белгілері  бар?

-Тудың  түсі  қандай? Қандай белгілері  бар?

- Балалар, көңілімізді көтеріп оркестрде ән шашу жасайық.

«Көңілді оркестр»

Қорытынды:

25- қазан қандай күн?   Республика күні

Қазақстанның тұңғыш президенті кім? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстанның қазіргі президенті кім? Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы

Бүгінгі іс-әрекетіміз  сендерге несімен ұнады?

Ән: «Қазақстан - елім»






Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№24 бөбекжай-бақшасы» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорын














«Қазақстан – Республикам менің»

республика күніне арналған іс-шара

«Балапан» ересек тобы









тәрбиешілер: Баймаханова К.А.

Мняжова А.С.












2023-2024 оқу жылы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2024
1015
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12