жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мерекелік ертеңгілік. Тақырыбы: Сиқырлы күз.
КМҚК «Бастау» балабақшасы
Мерекелік ертеңгілік
Тақырыбы: «Сиқырлы күз!»
Ортаңғы «Балауса» (4-5 жас) тобы үшін
Тәрбиеші: А.К.Бахтина
Шуақ ауылы
2019-2020 оқу жылы
Сиқырлы күз!
Әсем
әуен ойнап тұрады. Балалар залға көңілді
әуенмен кіреді. Ән біткен соң жарты
шеңбер құрып тұрады.
Тәрбиеші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ата –
аналар,әріптестер, және осы «Балауса»
тобының кішкене бүлдіршіндері! «Сиқырлы
күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Балалар, біздер күзгі орманға келдік.
Күзгі орман ағаштарының жапырақтары
қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары
сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?!
Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп
қойғанын білесіңдер ме?
Балалар:
Сиқырлы күз әдеміледі.
Тәрбиеші:
Күз мезгілінде табиғатта қандай
өзгерістер болады? Күн суытады, жапырықтар
сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа
ұшып кетеді. Күн бұлттанып, жаңбыр
жауады. Сендер жаңбырдың қалай жауатынын
білесіңдер ме?
Балалар:
Иә,білеміз!
Тәрбиеші:Өте
жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, баяу
түрі болады. Оны салу үшін қолымызды
жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын
жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен
қатар қатты жаңбырлар да болады ( балалар
қолды қаттырақ, тезірек соғады, әуеннің
дауысы қатты шығады).
Ойын:
«Қандай жаңбыр?».
(Жай
жаңбыр дегенде қолды жай соғады. Қатты
жаңбыр дегенде қолды қаттырақ соғады.)
Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане,
бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф...
үрлейді)
Тәрбиеші:
Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге
кім келе жатыр?
Алтын
күз әдемі
әуеннен билеп келеді.
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар,
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Алтын күз: Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?!
Балалар мені таныдыңдар ма? Мен Алтын күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйіп аламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілдігім үшін бәрі де ұнатады. Мен сендерге құр қол келмедім, бір себет сыйлығымды да ала келдім. Бірақ балалар осы сыйлықты алу үшін сендерге еңбектеніп, өз өнерлеріңді көрсету керек.
Тәрбиеші: Иә, біз де сізді жомарттығыңыз, молшылығыңыз үшін ұнатамыз. Біздің балалар өз өнерлерін көрсетуге дайын. Солай ма, балалар?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Біздің балалар сізге арнап «Жаңбыр жауды» әнін дайындады.
Ән:
«Жаңбыр жауды»
Тәрбиеші:
Тамаша балалар, біз жаңбыр жауғанда
орманда саңырауқұлақтардың үлкен болып
өсетінін білеміз. Саңырауқұлақ болып
би де билейміз. көргіңіз келе ме?
Алтын
күз:
Әрине.
Би:
«Саңырауқұлақтар»
Алтын
күз:
Ой, балалар,қандай тамаша биледіңдер.
Балалар жаңбырдан кейін жерде не пайда
болады?
Балалар: шалшықтар
Алтын күз: Ендеше ойын ойнайық: «Шалшықтардан секірейік»
Тәрбиеші: Біздің топтың өнерлі балалары күз мерекесіне арнап тақпақтар айтамыз дейді.
Айзере
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бүзық-ау!
Жаңбырың сіркіреп,
Келгені қызық-ау!
Айсұлтан
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап.
Асем
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Абылай
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Бибинұр
Күз айы тамаша,
Ән айттық жаңаша.
Би билеп бәріміз,
Қуанайық балаша.
Назлы:
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Сары алтынға малынған.
Жетті міне алтын күз.
Көптен күтіп сағынған.
Алтын күз: Тамаша балақайлар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Естідіңдер ме? Не екенін білгілерің келе ме?
Балалар: Иә
Қонаққа көңілді тиін келеді.
Тиін: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!Сендерді көргеніме қуаныштымын, мен сендерге қонаққа келдім.
Мен тиінмін, тиінмін
Қыста жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші толы үйімнің.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз, тиін. Біз Күз мерекесін тойлап жатырмыз.Бізге қосылыңыз.
Тиін: Мерекелеріңмен балапандар, мен өзіммен бірге кішкентай тиіндерімді ала келдім.Тиіндер өз өнерімізді көрсетеміз дейді.
Би:
«Тиіндер »
Алтын
күз:
Қандай тамаша, рахмет тиіндер! Күз
мезгілінде жануарлар да еңбектеніп,
қыс мезгіліне дайындалады. Адамдар да
бақшаларында піскен көкөністері мен
жемістерін жинап, тазалап қыс мезгіліне
дайындалады.
Тиін: Балалар сендермен уақыт өте қызықты, тез өтеді екен. Мен өз достарыма барайын. Сендердің қандай ақылды,көңілді екендеріңді айтайын.Сау болыңдар, балалар.
Тәрбиеші:Ерте ерте ,ертеде
Бау-бақшасы көп өлкеде
Көкөністер мен жемістер жиналып
Үлкен айтыс құрыпты. Көкөністер мен жемістер туралы өлең шумактарына кезек береміз.
Әдемі әуенмен «Көкөністер мен жемістер» ортаға шығып, өз тақпақтарын айтып береді.
Хормен
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Нұрия
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басымды иемін.
Алинур
Жасауратып көзіңді,
Аураға қыламын төзімді.
Мың да бір шипа пиязбын,
Серт қылам осы сезімді.
Аделя
Алма деген арумын,
Темірдің көзі-дәруім.
Сақталамын тым ұзақ,
Сондықтан мен тәуірмін.
Айдана
Сөлді, дәмді қиярмын,
Дәрумен бойға жиярмын.
Салаттың менсіз сәні жоқ,
Кез келген жерге сиярмын.
Нұрлы
Мен қарбызбын,қарбызбын
Балдай тәтті қарбызбын.
Асхат
Мен ұялшақ қартоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Аяжан
Қызылша деген атым бар,
Қант берер затым бар.
Адам қанын көбейтем,
Ал сендер тыныш жатыңдар.
Азиза
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Жансұлу
Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Кәусар
Ішім толған шәрбат,
Дәмім сондай әйбат.
Үзсең бірдей жүзін,
Менің атым – жүзім.
Алтын күз: Тамаша балалар, рахмет, сендер мені таңғалдырдыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы шығады?
Қонаққа аю келеді.
Аю:Салеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім. Балалар мен ренжіп тұрмын, орманда менің жидектерім бар еді. Біреу жинап әкетіпті. Қайда екенін білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Иә, аю мында сіздің жидектеріңіз. Жидектер пісіп, жетілген соң біз жинап алғанбыз.
Би: «Жидектер»
Аю: Рахмет, балалар! Менің көңіл-күйімді көтеріп қойдыңдар!
Аю: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба?
Ойын: «Қай жеміс?» деп аталады. Балалар көздеріңді жұмып, жемісті жеп, қай жеміс екенін айтасыңдар. (Ыдыста туралған әр түрлі жемістер болады)
Аю:Сендер сондай өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер. Ал енді мен үйіме қайтайын, сауболыңдар!
Тәрбиеші: Балалар бәріміз орнымыздан тұрып «Алтын күзге» арнап ән айтайық.
Ән: «Келді Алтын күз»
Алтын күз: Рахмет балалар, өнершіл-өрендерім. Міне менің сыйлығым бір себет күз сыйы! Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші: Алтын күз сізге мың алғыс! Бүгінгі сыйлығыңызға рахмет! Бізге тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз.
Осы кезде әуен ойналады, Алтын күз қоштасып кетеді.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар! Міне, балалар осымен «Сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген