Мерекелік ертеңгілік тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелік ертеңгілік тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік ертеңгілік тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерекелік ертеңгілік тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар. Балалар үшін ең әсерлі, ең ғажайып мереке —

Жаңа жыл мерекесі басталмақ! Баршаңызға жаңа жыл тек қуаныш, шаттық, береке әкелсін!Ендеше, біздің мерекеміздің ең басты қонақтары — сүйкімді балдырғандарымызды қарсы алайық!

Ән:«Жаңа жыл».(балалар орнына отырады)

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда, Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (Балалардың жауабы).

Балалар:Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге Аяз атамен, Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата! Ақшақар! (үш рет) (Кенет есік тарс ашылып, үстіне ақ қар жабысып, қоңыр жүні үрпиген Аю сүріне-қабына кіріп келеді.)

Аю: - Ойбай-ойбай! Не болып жатыр? Құлағым шыңылдап кетті ғой! Кім айқайлап жатыр өзі?-Машаны да жоғалтып алған едім… Балалар мұнда бәрің жиналып қалыпсыңдар, Машаны көрмедіңіздерме? Бұл не мереке өзі?

Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі ғой.

-Балалар, бұл кім?

Балалар: - Аю!

Аю (маңғазданып, басын изеп):

- Дұрыс тани білесіңдер екен! Бірақ мен Аяз ата емеспін, Аяз атаны неге

шақырдыңдар


Жүргізуші:Аяз ата жылда бізге қонаққа келіп,балалардың өнерін тамашалап, сыйлықтар

алып келеді. Аю сен Аяз атаны көрмедіңбе?

Мерекені Аяз атасыз қалай бастаймыз?

Аю (қолын беліне қойып):

- Мен үйде отырып, қарындаштарымды реттеп, бал жеуге дайындалып отырғанмын. Бір кезде — паф! — даладағы шырша жарқ етіп жанды! «Уһ, бұл Машаның ісі шығар» деп ойладым. Сол қызға қарап жүрмесең болмайды, бір минут тыныш отырмайды ғой…

- Содан бері Машаны іздеп жүрмін. Міне, дәл осында келдім! Әлі таба алмай жүрмын.

(Осы кезде Маша кіреді,есіктен секіріп, шыршаға таңырқай қарап, қуанып кіреді)

Маша (қуанышпен):- А-а-а! Мында не деген әдемі! Қараңдаршы, қандай үлкен шырша! Жанып тұр, ойнап тұр! Бұл жерде бірдеңе болып жатыр. Ммм… торт бар ма? Кәмпит бар ма?

Жүргізуші: - Сәлем, Маша! Біз жаңа жылды қарсы алып жатырмыз.


Маша: - Жаңа жыл ма? Ооо, мен мерекені қатты жақсы көремін! Әсіресе сыйлықты!

Аю (ренжіп, қолын бұлғап):

Маша! Сен қайда болдың? Мен сені барлық жерден іздедім! (ашулана сөйлейді.)


Маша (қолын сермеп):- Ой, Аю, сен мүлде қызықсың! Мен шыршаны көріп қалдым да,

тоқтай алмай қалдым. Өте әдемі ғой! Сен де қарасаңшы!

Аю: - Бірақ мен сені уайымдадым ғой…


Маша: - Ештеңе етпейді! Мен осындамын ғой! Ал сен енді көңіліңді түсірме.


Жүргізуші: - Аю, Маша, біздің

балалар сендермен ойын ойнағысы келеді.

Аю (жүзі жылып): - Ооой, ойын десең болды! Мен ойнағанды жақсы көремін!

Маша (секіріп): - Иә, иә! Мен бірінші боламын! Балалар, менің тобыма келіңдер!

(Балалар Аю тобы және Маша тобы болып бөлінеді. Ойын өтеді.)

Ойын: «Аяз Ата мен Ақшақар»

Аю: - Ммм, достық жеңді! Достық деген — ең үлкен сыйлық.

Маша: - Иә, иә! Ең бастысы — бірге ойнау!




Аю: -Балалар, рақмет! Өте көңілді болды. Енді біз кетейік, орманға баруымыз керек.

Шыршамызды әзірлеп, Жаңа жылға дайындалайық.


Маша: - Ал Жаңа жылдарың құтты болсын! Тәтті көп жеп қоймаңдар — бәрін маған

қалдырыңдар! Хи-хи-хи!


Жүргізуші: - Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Барлығымыз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата, Ақшақар

Біз Сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға.

Аяз ата, ақшақар 3 - рет

(Аяз Ата мен Ақшақар кіреді)


Аяз Ата : Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата!


Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Жаңажылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт - жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын


Жүргізуші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл деміңді ал.

Балалар ән айтып берсін

Аяз ата:Неге біздің шыршамыз көңілсіз?

Кәне бәріміз бірге шырша шамдарын жағайықшы?

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

(балалармен бірге айтады,шырша шамдары жағылады)



Жүргізуші: Аяз Ата біздің балалардың сізге арналған тақпақтарды тыңдаңыз.

(балалар Аяз Атаның қасына барып тақпақтарын айтады)


Хафиз:Жаңа жылда бақшамыз

Гүлдей болып жайнасын.

Аман болсын барлық бала.

Шат-шадыман ойнасын.

Тілекші:Жаңа жылым, мол болсын,

Басқан қадам, оң болсын,

Төрле, Төрле, Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!


Есимхан:Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Аңсарбек:Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.


Айлин:Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз.


Аяла:Жаңа жыл , Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Ән: «Аяз Ата» (қимылды ән)


Ақшақардың сұрақтары: Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал,

Сендер аяқтаңдар сөйлемді.

Хормен жауап айтыңдар!


Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!


Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге....

Балалар: Аязата!


Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі......

Балалар: Әдемі!


Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын - күлкі таралсын

Құтты болсын.....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)


Жүргізуші: Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз.


Ақшақар:Ия,ия менде бірге билеймін қар бүршіктермен


Би:«Қар бүршіктері » қыздардың орындауда:


Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!


Жүргізуші: балалар атамызға тақпақтарымызды , әнімізді айтайық

Балалар ән орындайды.

Амир: Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе, аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз.


Гүлназым:Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді, міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап.


Дана:Жаңа жылда,балалар

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен.


Жасмин:Аяз ата келеді

Бала бәрі күледі.


Қайнар:Аяз ата келеді

Әр балаға сый береді



Нұрғиса:

Біз күтеміз қуанып,

Жаңа жылды таң атып.



Жүргізуші: -Аяз Ата ал сіз балалармен бірге ән шырқауды жақсы көресізбе,келіңіз бірге

Шырша жанында ән салайық,би билейік,Жаңа жылды қарсы алайық.


Ән: « Шыршаға бардық»

(Аяз Ата, Ақшақар балалардың қолын ұстап, шыршаны айнала ән айтады.)


Аяз Ата: әнді айттық,тақпақ тыңдадым,би биледіңдер,ал енді мен сендермен қатырмақ ойынын ойнағым келіп тур,ойнаймызба?


Ойын: «Мұз қатырмақ». Балалар өте көңілді қатысады.

Жүргізуші:-Міне, балалар өнерлерін көрсетті.Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған.

- Аяз ата Ақшақар сіздер ештеңе ұмытпадыңыздарма, сыйлықтар дегендей?

Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....

«Aқалай! Мақалай! Суф-суф-селяфим!» – деп сиқыр жасап сыйлықтар таратады.

Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап

келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі

екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің

сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да

балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,

өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, әріптестер және балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!»

атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Осындай керемет өтуге

ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп

тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыңызға тек

бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі