Материалдар / Мерекелік ертеңгілік "Төрлет, құтты жаңа жыл!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мерекелік ертеңгілік "Төрлет, құтты жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2021
367
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Төрлет, құтты Жаңа жыл!»

Көңілді әуен ойнатылып тұрады.

Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі қараңыздар!

Сайқымазақ ортаға шығып ата-аналарға сыйқыр көрсетеді.

Соңғы сыйқыры дұрыс шықпай өзі де сасып қалады.

  • Ой мені қоя беріңдерші. Оданда кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыздар. Ортада батырлар мен арулар, ұлпақарлар менкішкентай

аяз аталар

Перде ашылады. Балалар 2 топқа бөлініп отырады. Балалар билейді.

Би: «Обший танец»

Балалар отырады. Перде жабылады. Жүргізуші сахна алдына шығады.

Жүргізуші:Армысыздар қадірлі қонақтар! Бүгінгі біздің «Ботақан» тобының «Төрлет, құтты Жаңа жыл!»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз,
Арта берсін жақсылық пен берекеңіз
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұрға
Толы болсын әрдайым керегеңіз! – дей келе біздің бүлдіршіндеріміздің ертеңгілік кешін бастауға рұхсат етіңіздер!

Перде ашылады


Ән: «Ақ қоян» хор

Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

Жүргізуші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың

сықырын естідіңдер ме?

Балалар: Иә, естіп тұрмыз.

Жүргізуші:Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аязата мен Ақшақардышақырайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Әуенойналады.Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

Аязата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, қандай керемет балалар!

Жүргізуші:Аяз ата, қош келдіңіз.Біздің балалар сізді асығакүтті.Сізге арнайлап дайындаған өлең,жыр шумақтарымыз, билермізде бар.

Аяз ата:Ал, қанекей, ендеше бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.


Жүргізуші:Ал, балалар, тұрмайық

Аяз атаға арнаған

Әнімізді айтайық

Ән: «Аяз ата» хор

Жыр шумақтарын:«Батырлар мен арулар» (Жомарт- Нұрила, Иса- Құралай, Шадияр-Айша )

Орынбек Нұрила

Жасыл желен жамылған

Асыл моншақтағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.


Қалжан Жомарт

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын


Нұрлан Құралай

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын


Сұлтан Иса

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың


Жүніс Айша

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


Кеңесбай Шадияр

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарап жылыстап


Жүргізуші:Жаңа жыл келеді, Шатыққа бөлейді,

Вальске тербетіп әуенді
Би: «Ұлпақарлар»(Инабат, Анель, Даяна, Айнәзік)
Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар.Билерің керемет екен.




Жүргізуші: Әкелсін жыл ырыс-құт

Әлемде болсын тыныштық

Жаңа жылым тамаша

Ән салайық жаңаша!

Ән «Ай да елочка» хор

Жүргізуші:келесі кезекте кішкентай аяз аталарымыздың өлең шумақтарын тамашалаңыздар.

Тақпақ:«Кішкентай аяз аталар »(Бағдаулет, Ақназар, Шахмардан, Әмірбек, Иманали,Бекжан)

Жеңісұлы Шахмардан

Жаңа жыл жаңа жыр

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр


Қонысбекұлы Ақназар

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп



Шәріпбекұлы Бекжан

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып


Серікбай Иманәли

О, алақай, Аяз ата,

Келе жатыр алыстан!

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл!


Сералы Әмірбек

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға


Ахмет Бағдаулет

Шыршамызды әсемдеп

Ән шырқаймыз билейміз

Өзімізде күлімдеп

Жабырқауды білмейміз.


Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақарға арнап біздің сұлу қыздардың дайындаған билері бар. Соны тамашалап көрейік


Аяз ата:

-Жарайды!


Би:«Батырлар мен арулар» (Жомарт-Нұрила, Иса- Құралай, Шадияр- Айша)
Ақшақар:Қандай сұлу қыздар мен жігіттер?!

Жүргізуші:Сіздерге біздің бүлдіршіндеріміздің өнері ұнап жатыр ма?

Ақшақар:Әрине, өте қатты ұнап жатыр.Бұл бүлдіршіндер өте өнерлі екен. Бұл бүлдіршіндер адамның жүрегіне сондай ыстық сезім береді екен.

Жүргізуші:Бала деген өмірдің бар қызығы. Бүгінгі кешіміз ұнап жатса ары қарай жалғастырып балалардың өнерін тамашалайық...

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Ән «Аққала» хор

Жүргізуші:Келесі кезекте ұлпалардың өлең шумақтарына берейік

Жыр шумақтары: «Ұлпалар» (Даяна, Айнәзік, Инабат, Анель)

Ерланқызы Анель

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз Ата келгенде

Билейміз, ән саламыз


Идрис Инабат

Келді, келді жаңа жыл

Қуанып қарсы ала біл

Аяз ата сыйлығын

Алайық айтып жаңа жыр



Ғарифолла Даяна

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарады


Өмірбекова Айнәзік

Ақшақар, ақшақар

Аппақ болып қонасың

Тоса қалсам қолымды

Алақаныма толасың


Ақшақар:мынау не деген сұлу қыздар мен жігіттер, тақпақтарыда да керемет екен

Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар біздің бүлдіршіндер өте өнерлі ғой солай ма?

Аяз ата:Иә, өнерлі балалар екен



Жүргізуші:Бұнымен біздің балаларымыз тоқтап калмайды, тобымыздың ең кішкентай балапандарымыздың өнерін тамашалайық

Жүргізуші:Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ би.

Би:«Кішкентай аяз ата» (Бағдаулет,Шахмардан, Ақназар, Әмірбек, Бекжан, Иманали )

Ән: «Жасыл шырша» хор

Общий би: «Көңілді би»

Перде жабылады

Ойын ойнатылады

Перде ашылады

Оркестр

Аяз ата:Жарайсыңдар балалар.Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер сияқты басқа да балалар күтуде. Мені асыға күтіп қалған шығар, енді сол жақа барайын. Айтпақшы менің сендерге әкелген сыйлығымды тапсырайын. Сендер өте өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші:
Арылмасын жаныңыздан жақсылық,
Алдыңыздан шықпасын еш жат қылық
Лүпілінен жүректердің күлімдесін,
Қуаныштан шаттана жүздеріңіз!!!!!

Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мың да бір алғыс! Қош сау болыңыздар!!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!