Жаңа жылдық
ойыншықтар.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс
жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа
жыл би де бар, ән де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы
алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады,
басталады, жаңа жыл! Жаңа жылдың иелерін қарсы
алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді.
Әуенмен би билейді).
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер
бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман
аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін
балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
3 баланың
тақпағы.
Жүргізуші:
Балалар, ортамыздағы әсем
не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші:
Балалар жарайсыңдар! Бүгін біз Жаңа
жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып
жүріп ән салайық.
Ән: «Жасыл
шырша»
Шырша шамын жағады.
1,2,3 шырша шамы жарқыра.
Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар, енді осы
шыршаға би билеп берейік.
Би:
«»
Балалар орындарына
отырады.
Жүргізуші: Міне бүгін бізге
балабақшамызға жаңа жыл келіпті. Қандай әдемі
балабақшамызда...(түлкінің дауысы естіледі). Ой, қызық ай! Бұл кім
болды екен? Жаңа жылға асығып келе жатқан кім болды
екен?!
Әуенмен түлкі
кіреді.
Түлкі: Ой, қандай әдемі, қандай
тамаша?! Мен бекер келмеппін, (мұрынымен иіскеп). Мына шыраның және
сыйлықтардың иісін – ай!
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бізге кім
келді?
Балалар: Түлкі!
Түлкі: Ия, ия бұл мен – Түлкімін!
Ормандағы ең сұлу аңмын. Бірақ мен не көріп тұмын, мұнда не деген
көп балалар мен қонақтар жиналып қалған. Тіпті маған орын
қалдырмағансыңдар және шақырмағансыңдар. Мұнда не жиналыс болып
жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсің
бе, Түлкіжан! Сен, қарасаңшы мына
әдемі шыршаға жарқыраған шамдары, әдемі ойыншықтары бар. Қане,
балалар шырша туралы тақпақтарды кім айтып береді
екен?!
(Балалар ораға
шығады).Балалардық шырша туралы
тақпақтары.
Түлкі: Мені де неге жаңа жылға
шақырмайсыңдар? Міне мен мерекеге арнап жаңа көйлек тіктіріп, жаңа
туфли алдым ғой. Сендердің енді шыршаға ғана емес, мағанда ән
айтып, тақпақ айтып, би билеп бергендеріңді
қалаймын.
Жүргізуші: Кешір түлкі біз сен туралы ән
де, би де білмейді екенбіз, мүмкін өзін айтып, көрсетіп
берерсің.
Түлкі: Қалай ғана білмейсіңдер?!
Жақсы онда өзімнің кішкентай түлкілерімді шақартып өнерімізді
көрсетейік. Ал сендер тамашалап
отырыңдар.
Би: «Кішкентай
түлкілер»
(Балалар би билеп жатқанда
түлкі шыршаның шамдарын ұрлап алып
кетеді).
Жүргізуші: Ой, балалар қараңдаршы мына қу
түлкі бізді билерімен алдап, шыршаның шамдарын алып кетті енді
қалай жағамыз. Бұл шыршаның шамдарын тек 2 адам ғана жаға алады.
Сол адамдарды шақырайық. Олар
кімдер?
Балалар: Аяз ата мен
Ақшақар!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше
оларды Аяз ата, ақшақар деп шақырайық. (Балалар
шақырады).
Аяз ата мен Ақшақар
кіреді.
Аяз
ата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Ақшарқар: Сәлеметсыңдар ма,
балалар!
Орманды көктей өтіп жеттік -
ау.
Қандай әдемі, неткен сұлу
шырша!
Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар
ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе
жатыр....
Балалар: Жаңа
жыл!
Аяз
ата: Балалар, Шыршаларың қандай
әдемі, бірақ неге көңілсіз, әрі шамдарыда
жанбааған.
Жүргізуші: Аяз ата жағдай былай болып
тұр. Бағана түлкі келіп бізді алдап кетті. Шыршамыздың шамдарында
алып кетті.
Аяз
ата: Ай, қу түлкі – ай! Қулығын
жасамаса жүре алмайды ғой. Мені білемейді екен. Қазір біз бұл
шыршаға сиқырлы сөзді айтсақ, шамдары лезде жанатын болады. Менмен
қайталап айтасыңдар ма?
Балалар: Ия!
Аяз
ата: Кәне, сиқырлы сөздерімізбен
оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды
жарқырат! (Балалар қайталайды. 3 рет
айту керек). (Шырша жанады).
Ақшақар: Балалар, сендер аяз ата туралы
ән білесіңдер ме?
Балалар: Ия!
Жүргізуші: Балалар, қане аяз атаға арнап
ән шырқап берейік.
Ән: «Аяз
ата»
Аяз
ата: Тамаша, балалар! Ал енді
менімен ойын ойнасыңдар ма?
Балалар: Ия!
Ойын: «Аңдар
биі»
(Балалар орындарына жүгіріп
барып отырады).
Аяз
ата: Балалар менің ойыным ұнады ма?
(жауап) Міне менде шаршадым, орындыққа отырып, балалардың
тақпақтарын естігім келіп отыр.
Балалардың
тақпақтары.
Аяз
ата: Жарайсыңдар,
балалар!
(Осы кезде түлкінің
музыкасы ойналып, түлкі
кіреді).
Түлкі: Ай, жақсы болды ғой, сумканан
әдемі шамдарымды алып бір тамсанайыншы. Ой, мынау не? Шамдарға не
болды, әлде мұз болып қатып қалды ма? (тістеп көреді). Туф, қандай
қатты, бәрі қарға айналып кетіпті?! Сендермен енді
ойнамаймын.
Аяз
ата: Саған сол керек қу
түлкі!
Ақшақар: Қу түлкі сен неге ұялмайсың
шыршаның шамдарын ұрлап, және де жаңа жыл
қарсаңында?
Түлкі: Ұят, кешіріңдерші мені
балалар, мен енді олай істемеймін. Енді ғана түсіндім өзімді қалай
жаман ұстағанымды.
Жүргізуші: Балалар, түлкіні кешіреміз
бе?
Балалар: Кешіреміз!
Ақшақар: Ендеше, осы қарлармен
ойынойнайық.
Ойын: «Қарларды
жинау»
Аяз
ата: Тамаша, балалар! Қане, ақшақар
қызым менің дорбам қайда, балаларға сыйлық беретін кезде келіп
қалыпты?!
(Ақшақар шыршаның жанынан
дорбаны алып, аяз атаға
береді).
Аяз
ата: Балалар, бұл менің дорбам жай
дорба емес, сиқырлы дорба. Мен қазір сиқырлаймын, сендерге
сыйлықтарын беремін. (сыйқырлайды). Міне балалар, қандай әдемі
сыйлық. Осы сыйлықтарыңды топта ашасыңдар, қазір тәрбиешілеріңе
беремін. (береді). Балалар, біздің енді қайтатын уақытта таяп
қалыпты, жаңа жылдарың құтты
болсын!
Ақшақар және
түлкі: Ақ мол
болсын!
Бірге: Сау болыңдар!
(Кетеді).
Жүргізуші: Сау болыңыздар! Міне, балалар
бүгінгі біздің жаңа жылға арналған мерекемізде аяқталды. Сендерге
жаға жыл ұнады ма? (Жауап).