«Келісемін»
«Бекітемін»
«Әйгерім»
балабақшасының
«Әйгерім» балабақшасының
әдіскері
___________
меңгерушісі___________
Н.Е.Омарова
К.Ж.Жұманазарова
«__»____________2019ж
«__» __________ 2019ж
«ТӘУЕЛСІЗДІК
– ТӨРІНДЕ»
Құрметті
қонақтар, әріптестер және бүлдіршіндер.
Егеменді еліміздің тәуелсіздік күні
жастар үшін заман талабына сай өнерліде
білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз
еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,
өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ
басты.
Шырқаған
балапанның өз тілінде,
Күнің
шықты алдыңнан сен күлімде.
Тәуенлсіздік
күнінде ән аитып, би билеп,
Құштар
болып өнерге, сен білімге – деп
бүлдіршіндеріміздің орындауында
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Гимнін қабыл алыңыздар.
Ән:
ҚР Гимні
Арай:
Отан
дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл
жайлау, жаңа жол жас қаланы.
Отанның
шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол
бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан
туралы тақпақты қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Әсел:
Отанымның
төрінде ,
Сарарқаның
өрінде .
Ту
ұстаған Астанам,
Әсем
қалам бас қалам.
Айзере:
Қазақстан
даласы
Кереметқой
қарашы
Нұрсұлтандай
елбасы
Кереметқой
қарашы.
Нұрәділ:
Егеменді
елімнің ,
Президенті
бастаған.
Отанында
барлық ұлт,
Татулықты
қостаған.
Бекасыл:
Отан
біздің – әніміз,
Отан
біздің – сәніміз.
Ер
жетеміз туған ел,
Сені
сүйіп бәріміз
Мадина:
Отан
– сенің ата – анаң,
Отан
– досың бауырың.
Отан
– үлкен Астанаң,
Отан
– аудан, ауылың.
Ақнар:
Отан
– менің өз елім,
Отан
– туған өз жерім.
Отан
– далам өз елім,
Гүлдей
жайнап өсемін.
Сабыржан:
Қазақ
жері Қазақстан,
Мөлдіреген
ашық аспан.
Алыс
кетсем сағынамын,
Отаным
– сен Қазақстан – деп ән айтамыз.
Ән: «Туған
жер»
Көрініс:
«Баланың түсі»
Абубәкір:
Рәмізіміз
- елдігімнің белгісі
Білу
керек баладағы ең кіші.
Рәміздеріміз
– елтаңба, ту, гимнді,
Рәміздерді
– жатқа білген көп кісі
Айзере:
Туға
мойын бұрамыз,
Елтаңба
деп тұрамыз.
Әнұран
боп асқақтап,
Біздің
елдік рәміздер.
Айткүл:
Күміс
күннің астында
Желбірейді
туымыз.
Қазақ
деген халықтың
Ұлы
менен қызымыз
Тәуелсіздік
жолында
Талай
талай тер тамған
Билігің
өз қолында
Еркіндігім
Елтаңбам
Мақал
– мәтелдер:
Бекасыл:
Туған
жердің күні де ыстық, үні де ыстық
Мұхаммад:
Отан
үшін отқа түс күймейсің
Арың
үшін алыссаңда өлмейсің
Абубәкір:
Шат
көңілді қыздарымыз,
Шаршағанды
білмейді.
Тәуелсіздіктің
құрметіне,
Ақ
сиса биін билейді.
Би:
«Ақ сиса»
Арай:
Мен
қазақпын
мың өліп мың тірілген
Жүргегімде
таныстым мың тіліммен
Жылағанда
жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда
күлкімнен түн тірілген.
Сезім:
Қайраттай
қайсар ұлдардың,
Жанымен
келген еркіндік.
Жазира
мен Ләзаттың ,
Арымен
келген еркіндік.
Қасірет
пен қайғының,
Бәрімен
келген еркіндік.
Сымбат:
Он
алтыншы желтоқсан,
Ел
мерейі тасыған.
Қазақ
деген қалың жұрт,
Бәрін
кешті басынан.
Айару:
Әр
қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық
өрендер ақталады.
Ел
намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің
мәңгілік сақталады.
Нұрасыл:
Әділеттің
ұраны,
Ақиқаттың
шырағы.
Тыныштықтың
туы боп,
Зор
салтанат құрады.
Мұхаммад:
Енді
міне біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен
терезесі тең болдық.
Әрқашанда
біз дайынбыз тайсалмай,
Отан
үшін болуға да құрбандық.
Ілияс:
Дүбірлетсін
өңірді ,
Дүбірлесін
дүлділі.
Қазақ
деген елімнің,
Құтты
болсын бұл күні
«1
минуттық үнсіздік»
Айбар:
Біз
балдырған баламыз,
Оттай
лаулап жанамыз.
Мерекеде
бас қосып,
Шырқап
әнге саламыз.
ӘН:
Асел , Сезім
«Жаса
мәңгі Қазақстан»
Ұлттық
ойын: Теңге алу.
Шарты:
Шеңбердің
ішіне орамалға байланған теңгені
тастаймын, шеңберді айналған балалар
атпен шауып теңгені алуы тиіс , ала
алмаған бала ойыннан шығады.
Сымбат:
Как
повезло тебе и мне!
Мы
родились в прекрасной стране.
Айдын:
Родина
– это леса и поля,
Родина
наша – родная страна.
ӘН:Ата
– анамен жұмыс
Қазақ
халық әндеріне попури.
Әбубәкәр:
Жүзімізде
күлкі ойнап,
Қанаттанды
жанымыз.
Тәуелсіздікті
біз тойлап,
Би
билейік бәріміз.
БИ:
«Текемет»
Нұрай:
Желтоқсанның
ызғары – ай,
Кірпікке
қатқан мұздары – ай.
Елім
– ай деп егілген,
Қаһарман
ұлдар, қыздар – ай
Диас:
Желтоқсан
айы естесің,
Дауыл
боп бұрқап ескенсің.
Азаттық
күйі қашаннан,
Көкейін
елдің тескенсің.
Нұрай:
Батамен
ел көгереді,
Бодандық
билік жойылды.
Тәуелсіз
атқан таң үшін,
Еске
алам өрттей өреңді.
Айдын:
Қазақ
деген қайсар жұртым,
Не
кешпеді басынан .
Үніңді
түгел естісін,
Көк
туымды биік көтер жасұлан.
Әбубәкір:
Әрқашанда
біз біргеміз,
Ажырамас
іргеміз.
Тәуелсіздік
жырын білеміз.
ӘН:
«Тәуелсіз ел ұланы»
Тәрбиеші:
Болашақтың
тірегі міне бүгінгі бүлдіршіндер
сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана
мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын,
тәуелсіздігіміз құтты болсын. Рахмет
құрметті ата – аналар алтындай
уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз
үшін алғысымызды білдіреміз.