400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Мерекелік іс - шара Тәуелсіздік тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал музыка мұғалімдеріне өте қажет. Әсіресе балабақшада. Бұл ашық сабақ мектеп алды даярлық тобына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Балалар залға кіреді.Флешмоб билейлейді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңдер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

Ән: Әнұранды орындау.

Орындарына отырады.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің елбасы кім?

Балалар: Тоқаев Қасым Жомарт Кемелұлы.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Нұр - Астана.

Жүргізуші: Жақсы балалар. Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Балалардың тақпақтары.

Жүргізуші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет. Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

1 минуттық үнсіздік.

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Топ балаларының орындауында әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Болашағы елімнің» - 3 топ, «Бейбітшілік» - 9 топ

Жүргізуші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арнап топ ұлдарының орындауында «Батырлар биі» биін қабыл алыңыздар!

Би «Батырлар биі»

Жүргізуші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Ойын: «»

Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Ән: «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Құрметті қонақтар, Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.11.2020
1268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі