15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік іс -шара «Қош бол,балабақша!»
«Қош бол,балабақша!» мерекелік іс-шара
Дайындаған:
Тәрбиеші:Бериктаева А.К.
Семей
Әуенмен 5 бала қолдарына ойыншық ұстап залға жүгіріп кіреді
Жүргізуші:
Балаларым шаттанып
Сауық сайран салып жүр
Қуанышты дауыстарың
Бақша сыртына естіліп тұр
Неге сендер жалғызсыңдар?
Қайда кетіп барасыңдар?
Алихан:
Біз бақытты баламыз
Ойнаймыз,сауық құрамыз
Сүйікті ойыншықтарменен
Соңғы рет ойнап аламыз
Данеля:
Балалықпен қоштасып
Мектепке жол ашылды
Жетіліп ой санамыз
Биікке самғап ұшамыз
Жүргізуші:
Тоқтаңдаршы балалар
Асығыстық қылмаңдар
Мерекені көңілді
Әнмен,бимен ашыңдар
Тамерлан:
Кешегі сәби балалар
Бүгінде оқушы болар
Дайындықпен асығып
Ұмыттық барлық өлеңді
Томирис:
Әдемі көйлек киемін
Жүрегім сәл дірілдеп
Мерекенің ашылу
Салтанатын ұмыттық
Ұят болды ,не істедік?
Айша:
Менде бір ой бар!Тоқтаңдар!
Жүрг.Қандай,қандай?айтсаңшы?
Балалар кане бірігіп
Мына залдан шығайық
Мерекені көңілді
Басынан бастап ашайық.
Залдан шығып кетеді
Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Бүлдіршін, балдырған балаларға,
Ақ жол тілеп, ақ тілекті арнайық!
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
-Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар, құрметті әріптестер! Балабақша - әрине мектеп емес, бірақ бізде де сабақтар, сабақ кестесі, емтихан да бар. Емтиханды біздің балалар балабақшадан түлеп шыққанда тапсырады. Бүгін бүлдіршіндердің өнерін тамашалай отырып, олардың не үйренгенін байқаймыз. Осының өзі біз үшін өзіндік емтихан. Сондықтан әр емтихан алдында балалар ғана емес, педагогтар да, ата- аналар да толқиды. Бүгінгі емтиханға арнап Балалық шақ қаласын «қаладық». Бұл қала еш картада белгіленбеген, алайда бұл қала бар, және балаларымыз осы қалада көбірек болсын деп тілейміз. Ал енді, Балалық шақ қаласының тұрғындарын қарсы алайық!
Балалардың аттарын атау, қос-қостан кіреді
Бос орындарға тұрады
Алинұр:
Біз балауса баламыз,
Жетіліп ой-санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынармыз әлі-ақ біз.
Жангелді:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз
Оқу білім үйреткен,
Апайларды қимаймыз.
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Жарқын:
Қуанамыз,сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін!
Таирлан:
Ана тілін ардақтап,
Ана тілді біз сүйдік
Сурет салып,ән жаттап
Оқып,жазып үйрендік.
Ән «Кішкентай жұлдыздар әні»
Балалар орындарына отырады.
1 бала: -Арайлым Қадырбекқызы,есімізге түсірейікші біз балабақшаға қандай болып келдік,қандай мерекелер өткіздік.
Жүрг:-Жарайды,олай болса есімізге түсірейік.
«Айналайын» тобы
Ән: «Балапан»
Би: «»
Жүрг: Иә,балалар сендерде балабақшаға келгенде осындай едіңдер,қазір балабақшамен қоштасып жатырсыңдар.
Ал,сендер балабақшада қандай мерекелер өткіздіңдер?
Балалар:-Алтын күз.жаңа жыл,аналар мерекесі,наурыз.
Иә,балалар біздің өткізген мерекелерімізді еске түсіру үшін біреудің көмегі керек қой?!
(Әуен ойналып,Сиқыршы Сулеймен келеді.билейді)
Сулеймен: -Сәлеметсіңдерме,балалар!Мен Сиқыршы Сулейменмін,сендердің көңілді дауыстарыңды естіп келдім.
Жүрг:-Қош келдің,құрметті Сулеймен біздің балалар балабақшамен қоштасып жатыр.Өткен күндерді еске түсіру үшін сіздіің көмегіңіз керек.Бізге көмектесе аласыз ба?
Жүрг: -Балалар ,сендер білесіңдер ме,1-қыркүйек қандай мереке?
Балалар: - 1- қыркүйек білім күні.
Би «Дорога к солнцу»
Сулеймен: -Көмектесемін,әрине көмектесе аламын.
Сим сала-бим,сала-бим,
Сим сала-бим,сала-бим.
(Дымбілмес Екілік кіреді)
Жүрг: -Ей, бала сен кімсің?
Бала: Мен Жалқаутегі Екілікпін.
Жүрг: Есімің бір түрлі екен!
Бала: Неге біртүрлі? Мен өз тегімді мақтантұтамын. Ал, сендер кімсіңдер?
Балалар: -Біз оқушымыз.
Бала: Менде барғам мектепке, тастап кеттім.
Жүрг: Сен нешінші сыныпқа бардың?
Бала: Екі рет бірінші, үш рет екінші сыныпқа бардым.
Жүрг: Е,е енді түсіндім сенің есімің неге бұлай екенін!
Бала: Оқу дегеннін не қажеті бар? (жерге жатып армандайды) –Одан да үйленген дұрыс!
Жүрг: Ал, сен білесін бе, мектеп болмаса не болатын еді?
(Дымбілмеске үстел үстіне дәптер мен қалам береді.)
Қазір сені тексереміз.Мен саған сөздер айтам сен соларды жаз.
-Бала,нан,машина
Бала: А-ла-ла,ба-қа.А-н,на-на.Ми-ша-на,ша-на-ми.
Жүрг:-Жалқаубек көрдіңбе,сен ештеме жаза алмайсың.
Бала: -Жоқ,мен бәрін білемін.
(Тақта шығарып әріптерден сөз құрату)
Жүрг: Ендеше әріптерден мектеп,шана сөзін құра.
Бала: -Жарайды,қане әріптер.Тепмек.Нааш.
Ойын: «Сөз құра»
Жүрг: -Ал,балақай енді не істейміз?Біздің балаларды көрдіңбе,мектепке баруға дайын.
Біздің балалар тақпақта, әнде айтады.
С. Адель:
Ботақаным бөбек деп,
Еркелеткен ұл-қызың.
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін.
Еркеназ:
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
Мансұр:
Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық, көп білдік,
Табиғат, Отан жайында.
Дінмұхамед:
Қызғалдақтай гүл жайнаған,
Бақшамызға қараңыз.
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Біз бақытты баламыз.
Амина:
: Балабақша, балабақша,
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғанышы,
Балғын сәби жастықтың.
Жасмина:
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Ән : «Қош балбұлақ »
Бала: Мен өз сөзімді қайта аламын, мен мектепке барамын.Сау болыңдар балалар, мектепте көріскенше!
Жүрг: Көрдіңдер ме балалар Екілік қалай қорқып кетті. Шынымен де мектеп болмаса қандай жаман болар еді, солай емес пе?!
Сулеймен:
Сим сала-бим,сала-бим,
Сим сала-бим,сала-бим.
(Әуенмен залдың екі жағынан күз бен көктем кіреді,екеуі дауласады)
Күз:- Көктемде күн жаңбырлы,жердің бәрі балшық болады,ал күзде жемістер піседі,алтын күз мейрамы болады.Сондықтан мен бірінші шығамын.
Көктем:-Жоқ,күзде күн суытады,құстар жылы жаққа кетіп қалады,ал,көктемде күн жылиды,құстар оралады,мейрамдар көп болады.Сондықтан мен бұрын шығамын.
Жүрг: -Күз,Көктем сендер ұрсыспаңдар,екеуің екі түрлі мезгілсіңдер,бізге екі мезгілдіңде пайдасы мол,ал бүгін бізде «Балабақшамен қоштасу мерекесі» қош келдіңдер!
Күз бен Көктем: Онда біздің көңілді ойынымызды ойнайық.
Ойын: Күз жапырақ жинатады,
Көктем гүлдер жинатады.
Жүрг: Рахмет сендерге,біздіңде сыйымыз бар.Би.
Би: «Көктем келді»
Ата-аналармен ойын:
Күз бен Көктем:-Сау болыңдар ,мектепте кездескенше!
Жүрг:-Балалар,тағы қандай мейрам қалды?
Балалар:-Жаңа жыл!
Жүрг: Жаңа жылда бізге кім келеді?
Балалар:-Аяз ата!
Сулеймен:
Сим сала-бим,сала-бим,
Сим сала-бим,сала-бим.
(Аяз ата кіреді музыкамен)
Аяз ата: -Амансыңдарма балаларым!Жаңа жылдарың құтты болсын!
Шыршаларың қайда?
Жүрг:Қымбатты Аяз ата,біздің балалар балабақшамен қоштасып жатыр.
Аяз ата: Е,дұрыс,сендерге мектепке бара жатырсыңдарма,қандай үлкен болып кеткенсіңдер!Бәрін білетін шығарсыңдар,билеуді де,ән айтуды да?!
Ән: «Борандатып»
Аяз ата: -Рахмет,сендерге,меніңде сүйікті ойыным бар ойнайық.
Ойын: « Қатырып тастаймын»
Аяз ата: -Ой ,шаршадым,терледім.Жоқ,балалар мен ерімей тұрғанда еліме қайтайын.Сендерге тілейтінім жолдарың ақ болсын,сабақтарыңды жақсы оқып,үлгілі оқушы болыңдар!Сау болыңдар!
(Аяз ата шығып,жалмауыз кемпір кіреді)
Сулеймен:
Сим сала-бим,сала-бим,
Сим сала-бим,сала-бим.
Сыпырғышқа мінген Жалмауыз кемпір кіреді,айналып жан-жағына қарап:
Ж.к: Бәсе,бәсе!Менсіз тойлап жатырсыңдар ма,бәрі бақытты!
Мен ғана жалғызбын(жылайды)
Жүрг: Жылама,Жалмауыз!Керісінше ,біз сені түлектер мерекесіне шақырамыз.
Ж.к: Иә,Жарайды онда мен сендерге сыйлықтарымды көрсетейін.
-Міне!
Жүрг:-Бұл не?
Ж.к: Бұл кішкентай ойыншық көлік.Мұғалім сендерге сабақ түсіндіріп жатады,ал сендер вуууун-вуууун деп ойнап отырасыңдар.
1бала: Жоқ,сабақтың үстінде ойнауға болмайды.
Ж.к: -Ал,мынау тапанша,тарс-тарс деп атып терезені сындырасың.Қалай күлкілі.
Жүрг: -Мүлдем күлкілі емес.
Ж.к: Әне айттым ғой бәрі бір жаманмын.
Жүрг: Жалмауыз сен отыра тұр,біздің балалардың биін тамашала!
Ағылшын әні
Би: «Шығыс биі»
Ж.К: Балалар мектепке не керек екенін біле ме?
Жүрг: Әрине, біледі.
Ж.К: портфельдері де бар ма?
Жүрг: Казір, олар «Мектеп жәрменкесі» ойынын ойнайды. (столдардың үстінде мектепке қажетті заттар, ойыншықтар, тәттілер қойылады)
Ойын: «Мектеп жәрменкесі»
Жүргізуші: Көрдің бе, жалмауыз кемпір біздің балалар бәрін біледі.
Ж.К: Бәрекелді, мектепке барғанда мерекелеріңе шақырып тұрыңдар мен кеттім, сау болыңдар!
Жүрг: Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой,
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Ән: «Тәрбиеші апай»
Сулейман: Балалар бүгін сендер не үшін жиналғандарыңды білесіңдер ме?
Балалар: -Балабақшамен қоштасу мерекесі.
Сулейман :-Мінеки, балалар мен сендерге көмектестім. Ал енді кететін уақытым келді,
Сау болындар!
Жүрг: Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерін
Естен кетпес үндерін.
Жүрг: Құрметті ата-аналар! Бідің түлектеріміз Отанымыздың болашақ мақтанышы. Ал қандай мамандық иесі болатындарын кәзір көреміз.
Ойын «Өскенде кім боламын»
Әр бала болашақта кім болатынын айтады.
Жүрг: Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқындар
Ойға білім тоқындар!
Ән: «Қош бол,балабақшам!»
Жүрг: Ал енді балалар балабақша қызметкерлеріне алғыстарын айтады.
Тақпақтарын айтып, гүл сыйлайды.
Алинұр: Балабақша басшысы,
Игі істерге бастаған.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
---------------------------
Баға жетпес жақсы адам.
Басымызды иеміз,
Сізге рахмет айтамыз!
Айша: Әдіскер боп бақшада,
Атқарған зор қызметті.
--------------- қашанда,
Бәрімізге құрметті.
Сізге мың алғыс айтамыз!
Таирлан: ---------------- сымбатты,
Бар балаға қымбатты.
Шынықтырып біздерді,
Денсаулықты шыңдатты.
Сізге рахмет айтамыз!
Данеля : Деніміздің саулығына
Боп жүретін әбігер.
Ақ халатты абзал жан,
------------------- дәрігер
Сізге мың алғыс айтамыз!
Жарқын: Таза сүлгі береді,
Апта сайын тазалап.
Тазалыққа шақырған,
----------------- құрметті,
Сізге мың алғыс айтамыз!
Тамерлан: Біздер үшін асығып ас қамдаған,
Бір сәтке де қолдары босамаған.
Асханада жүреді аспазшылар,
Дастарханға дәмді тамақ дайындаған.
------------------ апайларға мың алғыс!
Камила:
Баулап баптап өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді.
------------------------------- мың алғыс!
Нұрлыхан:
Ақ төсекке жатқызған,
Тәтті тамақ жасаған,
Бала болып ойнаған
---------------------------- мың алғыс
Әділ:
Әлпештеп бізді баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
----------------------------------
Айтайыншы мың алғыс!
Жангелді:
Орындық, шкаф, төсек те,
Шанышқы мен кесе де.
Бәрі де өзі келе ме?
Соның бәрін табатын
Шаршамайтын, күлетін,
Зыр жүгіріп жүретін
--------------------------------- мың алғыс.
Алихан:
-------------------- өзіңізді
Жақсы көрем әрдайым.
Әрқашан бізге жалықпай,
Ағылшын тілін үйреткен.
Томирис:
Естен кетпес үніңіз,
Бізбен өтті әр күніңіз,
Бізге үміт артасыз
Шығар деп әнші, күйшілер.
Үмітпен бізге қарайтын
--------------------- мың алғыс.
Айгерім:
Мың бұралтып билеткен,
Әсемдікке үйреткен.
-------------------------- мың алғыс.
Би «Вальс»
Балалар отырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген