400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

«Әйгерім» бөбекжай бақшасының әдіскері

--------- Н.Е.Омарова

«---» «----» 2019 ж

«Айналайын,ақ мамам!»

Мақсаты:

-мерекелік көңіл-күй құру

-анасына ,әжесіне сыйластық тәрбиелеу,махаббат тарту

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге,мейірімділікке тәрбиелеу.


Әсем безендірілген залға балалар кіреді.


Тәрбиеші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін бастайық

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің әр айың.

Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер,асыл да аяулы аналар,ұстаздар,ару қыздар!

Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Ендеше «Балдәурен»тобының «Айналайын,ақ мамам!» атты мерекелік іс-шарамызды тамашалаңыздар!


Ортаға екі тәрбиеленуші (екі жүргізуші) шығады.

Алдияр:-Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар!Ақ жаулықты әжелер,асыл да аяулы аналар,балабақшамыздың ұстаздары қыздар!

Інжу:-Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен ( екеуі бірге ) құттықтаймыз!

Алдияр:-Білесің бе? Інжу ана деген керемет асыл жан,менің анам кішентай кезімде не айтсам соны алып беріп,түн ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін.

Інжу:-Ал менің анам ұйықтар алдында ән,ертегі айтып,ұйқыдан оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.

Алдияр:-Ендеше бүгінгі көктем айының алғашқы мерекесі.Сондықтан аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ оған қалай қарайсың?

Інжу:-Әрине,өте дұрыс айтасың мейірімді де сүйкімді аналар мен әжелерге «Анашым-анажаным» әнін Кербез орындап береді.Қабыл алыңыздар!


Ән: «Анашым-анажаным» орындайтын Сейітқасым Кербез

Тәрбиеші: Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келер айналасы-деп Абай атамыз жырлағандай балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Салтанат,Толғанай,Жанболат,Нұрсезім,Еділхан.Әйгерім.

Салтанат: Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып


Толғанай: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз


Жанболат: Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.


Нұрсезім: Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт,ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын!


Еділхан: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам!

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам!


Әйгерім: Бізді өсіріп баптаға

Жақсы болсақ шаттанған.

«Алтыным»деп мақтанған

Айналайын,ақ мамам!


Тәрбиеші: Біз әдепті баламыз

Оттай болып жанамыз

Тақпақтарды жақсы айтып

Би де билеп аламыз-деп сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыздар


Би: « Ана мен бала» Інжу,Кербез,Салтанат Әйгерім,Әнел,Қарақат

Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар!

Іңкәр: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық- балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Алинұр,Әмина,Айбар,Інжу,Беклан

Алинұр: Сүйікті анашым,

Аштыңыз көзімді.

Бір сағат көрмесем,

Сағынам өзіңді.


Әмина: Әлпештеген анамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз


Айбар: Ананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Інжу: Құшағына кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетпейді көзіне,

Мейірімді күннен де

Үн қатасың бал тіліңмен,

Еркелеймін әр күнмен

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.


Беклан: Анашым! Анам!

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам!


Тәрбиеші:Бүгін біз,құрметті де,ардақты әжелерімізді де ерекше атап құттықтаймыз «Қариясы бар үйдің-қазынасы бар»-деп халқымыз бекер айтпаған.Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті әжелер!

Тақпақтар: Кербез,Карақат,Әнел,Айару

Кербез: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән,беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін»,деп

Ақырын құлағына сыбырлаймын.


Қарақат: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шәй қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.


Әнел: Өзің мені өсірген,

Айналайын,ақ әжем,

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе,дана әжем.


Айару: Шәй қайнатып берейін,

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем

Тәрбиеші: Әсем әнім сырнайды

Әлем сүйіп тыңдайды

Тамылжытып ән салмай

Күнде думан болмайды демекші кезекті әдемі әнге берсек


Ән: «Сағындым әже» хормен

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа Көктем келіпті.(Көңілді муз ойналады)

Көктем ортада билеп балаларды мерекесімен құттықтайды.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Көктем!

Көктем: Сәлеметсізбе!

Тәрбиеші: Мерекелі Көктем айы біздің балабақшаға қош келдің! Сен неге мұңайып тұрсың?

Көктем: Мен өз бақытымды іздеп келген жанмын.

Тәрбиеші: Эхэ,э,э,э бақыт іздеп жүрмін дейсіңбе!

Көктем: -ия бақыт іздеп

Тәрбиеші: -Көктем сен бақыт дегенді қалай түсінесің!

Көктем: -Мен бақыт дегенді,қуанышты өмір,мерекелік көңіл,ән мен би деп түсінемін!

Тәрбиеші: -Ән мен би дедің бе? Ендеше сенің тілегіңді орындамасақ болмайды.

Тәрбиеші: Ой балалар,балалар

Ойналық та күлейік

Қане енді бұралып

Би билеп те берейік-деп мың бұралған қыздарымыз билеп береді


Би: «Гүлдер» Толғанай,Іңкәр,Айару,Нұрсезім,Әмина,Шапағат

Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар! Көрдіңіздер ме,Көктем бақыт дегенді осылай түсінеді екен,ал біз ата-анамыз қасымызда аман болап,күліп жүруін,ешқашан ауырмауын қалар едік.

Тәрбиеші: біздің балалар орыс және ағылшын тілінде тақпақтар айтқылары келеді.

Тақпақтар: Бекзат,Қайсар,Алдияр,Дамир,Дәурен.

Бекзат: Май диа,диа Мамми

Ай лав ю соу мач

Ай уонт ю ту би хэппи

Он зе ейтз оф Мач


Қайсар: Ху лавс Мамми бест

«Ай»сэйс Фред

Ай гив хе флауерс

Уайт,йеллоу энд рэд


Алдияр: Маму нежно обниму,

Крепко поцелую.

Потому что я люблю,

Мамочку родную.

Мама, как звездочка пусть освещает.

Мама, как любит тебя.

Милая мама, тебе посвяшаю.

Нежные эти слова.


Дамир: Каждый день могу её

Ждать до самой ночи

Потому что мамы наши

Занятые очень

Каждый день хочу дарит

Мамочке букеты


Дәурен: Помагаю бабушке,

Яуже большая.

Улыбнулась бабушка,

Стала моладая.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!Ал көктем көңіл-күйің көтеріліп жүзің нұрлана түскенге ұқсайды ғой

Көктем: -Ия дұрыс айтасың.Мен қысымен өз кезегімді күттім.Енді әр күн сайын бүкіл дүние жүзіне мейірімділік пен сұлулықты,әдемілікті сыйлаймын.Әр күндеріңіз қуанышқа тола берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Тәрбиеші: Рахмет саған Көктем.Ал балалар көктемді біз әнімізбен шығарып салайық. Шапағат: Үстін жасыл түк басып

Көктем келді нық басып.

Жылғыларға жылыстап,

Кете барды қыс қашып-деп « Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар

Ән: «Көктем келді»хормен. Көктем шығып кетеді ( Музыка ойналады)

Тәрбиеші: -Балалар бізге есік қағып келген кім екен!Балалар сендер мына қызды танисыңдар ма?

Балалар: -Ия

Тәрбиеші: -Бұл кім өзі?

Балалар: -Бұл ертегідегі Қызыл телпек

Тәрбиеші :-Қызыл телпек сен мұнда нағып жүрсің?

Қызыл телпек: -Ой мен әжемді мерекесімен құттықтауға бара жатыр едім,бірақ жолда қасқыр кездесіп мені қуып келеді,мен одан қорқып қашып кеттім.Ол мені жеп қояйын деді ғой

И.И.И,деп жылайды

Тәрбиеші: -Қызыл телпек,сен мұңайма жылама,бізде бүгін үлкен той.Айналаға қарашы сен бүгін тойға келдің ғой,қарашы саған қонақтар қарап отыр ғой.

Қызыл телпек: -Айналаға қарап,ұялып тәрбиешінің артына тығылады

Тәрбиеші: -Қызыл телпек,сен жасырынбай-ақ қой сен әжеңе барғанда қандай сый жасамақшы едің?

Қызыл телпек: -мен әжеме арнап тақпақ айтпақшы едім

Тәрбиеші: -Ол қандай тақпақ?

Қызыл телпек:- «Менің әжем» деген тақпақ

Тәрбиеші: -Жарайсың Қызыл телпек! Қызыл телпек сен біздің балалармен қосылып ән салсаңшы

Қызыл телпек: -Жарайды

Тәрбиеші: -Ал ендеше әнге кезек берейік

Ән: «Мама»хормен

Тәрбиеші: Қызыл телпек ,сен әлі де қорқып тұрсың ба?

Қызыл телпек: -Ия

Тәрбиеші: -Неге?

Қызыл телпек: -Әне анау қасқыр маған қарап тұр ғой,қазір ол маған келеді.Себеттен әжеме алып бара жатқан тоқаштарды жеп қоятын болды ғой.

Тәрбиеші: -Ой айналайын қорқағым-ау,біз мұнда неге тұрмыз,біз саған көмектесеміз.Балалар Қызыл телпекке көмектесеміз бе?

Балалар: -Ия

Тәрбиеші: -Онда біздің батыр балаларымыз билеп қасқырды бұл жерден қуып шығады.

Біз әдепті баламыз

Оттай болып жанамыз

Тақпақтарды жақсы айтып

Би де билеп аламыз

Би: «Лизгинка» Дамир,Айбар,Дәурен,Қайсар

Қызыл телпек көңіл-күйі көтеріліп,алақай, енді қорықпай әжеме баратын болдым,рахмет балалар. ( Шығып кетеді)

Тәрбиеші: -Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Балалар: -Ия

Тәрбиеші: -Ендеше бізге бүгін ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті.

Залға бір-бірінеренжіскен ұрысып шал мен кемпір кіріп келеді

Кемпір: -Осы сен қашан өзің біліп айтқызбай жұмыс істейді екенсің!

Бүгін менің мейрамым маған сый жасамайсыңба!

Шал: -Кемпір,кемпір сен маған ұрыспашы.Ай ұмытшақ басым-ай.Бүгін сенің мейрамың екен ғой

Кемпір: -Менің мейрамым осылай өтеді (кір жуғышты тақылдатып кір жуа бастайды)

Шал: -Жарайды кемір бүгін сенің мейрамыңа мен саған дәмді тағам дайындап берейін.

Көлге барып балық аулап келейін (музыка ойналады)

Шал: –Көлге барып,ауды үш рет лақтырып балық ұстай алмай көңілсіз болып қалады

Төртінші рет лақтырған кезде,алтын балық түседі.

Алтын балық: -Шал,шал,мені жіберші,мен сенің барлық тілегіңді орындаймын

Шал: -Жарайды, мен сені жіберемін,сен өте әдемі балық екенсің.

Шал кемпірінің қасына басы салбырап келеді ( Қолында ештеңе жоқ)

Кемпір: -Не болды тағы түк жоқ па!

Шал: -Ия,бірақ бір балық ұстаған едім ол адамға ұқсап сөйлеп мені жіберші деп жалынған соң оны жібере салдым.Ол маған бар тілегіңді орындаймын деді.

Кемпір: -Эй сен не дедің!

Шал: -Ештеңе керек емес деп жібердім

Кемпір: - Ой ақымақ,бар балығыңа барып айт ештеңе керек емес дегенің не! Менің сыйлығым ше!

Шал: -Жарайды айтқаның болсын ( Шал көлге барып балықты шақырады)

Шал: –Алтын балық,Алтын балық

Алтын балық: -Не болды шал!

Шал: -Алтын балық,бүгін кемпірімнің мерекесі еді,кемпірім көңіл көтергісі келіп отыр

Алтын балық: -Жарайды,сен бара бер!Біз қазір кемпіріңе арнап ән айтып береміз


Ән: «Мамина улыбка» хормен


Кемпір: - Әй шал,әлгі балығыңа барып айтшы,мені немере қызым Қызыл телпек келіп құттықтауын қалаймын

Шал: -Жарайды ( шал және көлге барып алтын балықты шақырады)

Алтын балық: -Шал сен мені шақырдың ба!

Шал: -Ия шақырдым менің кемпірім өзінің немере қызы Қызыл телпектің құттықтап келуін қалайды.

Алтын балық: -Жарайды тілегің орындалады

Шал мен кемпір –( екеуі столда отырады ар жақтан әже,ата деген қыздың дауысы естіледі)

Қызыл телпек: –Әже,әже, ата

Әже: - Ой айналайын Қызыл телпек қызым-ау сені сағындық ғой,қане бетіңнен сүйейінші,сені қатты құшақтайыншы ой алтыным,жарқыным,ботақаным,балапаным сол.

Қызыл телпек:-Әжесін мерекесімен құттықтап әжесіне арналған сый сияпатын беріп тақпақ айтып береді,әжесін құшақтап бетінен сүйеді

Тәрбиеші: -Жарайсың Қызыл телпек.Өркенің өссін ( шығып кетеді) Музыка ойналады


Тәрбиеші: Ана менен баланы айырмасын,

Бірі ән де,бірі оның қайырмасы.

Болғанда әке дәулет,ана бақыт

Тағдыр бізді олардан айырмасын!


Би: « Батыл жігіттер»

Тәрбиеші: -Құрметті аналар,қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды

Сіздерді 8-науры мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Отбасыларыңызға бақыт,шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып кешімізді «Мен қазақтың қызымын» әнімен аяқтаймыз

Ән: «Мен қазақтың қызымын» орындайтын Құралбай Әнел.

Тәрбиеші: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірлеп

Аналарға сыйлаймыз-деп балаларымыздың сіздерге арнап жасаған гүлдерін қабыл алыңыздар!

Қош сау болыңыздар!






Іншу:Көркіменен әдемі,

Би билейді майысып.

Інжу деген қызымызды

Шақырамыз ортаға


Әмина: Тобымызда байсалды,

Бағдарлайды жан-жағын.

Әмина атты аруымыз,

Гүлдей болып жайқалды.


Қарақат: Қарақат неткен көңілді,

Жүзінен нұр төгілді

Қарақаттай әпкесіне,

Ұқсағысы келеді

Әйгерім:Ұлы ақын таңдаған,

Талғамына жараған

Әйгерімдей аруға

Тамсанады бар адам


Іңкәр: Өзі сондай тым нәзік

Өнерін елге паш етіп

Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық

Іңкәр біздің керемет


Кербез: Инабатты әдемі

Тамылжытып әуенді

Кербез ару кызымыз бар өнерлі


Нұрсезім: Өзі сондай байсалды

Жүрген ізі білінбес

Күліп жүреді қашанда

Нұрсезім қыз тек алға

Әнел: Сурет салады керемет

Би билейді бұралып

Қызымыз бар тобымызда

Қарсы алайық Әнел сынды аруды


Айару: Көңіліне қарасақ

Тұнып тұрған бұлақтай

Айару қызды шақырамыз

Кіп-кішкентай лақтай


Толғанай:Толғанайдай ару қыз

Тоты құстай таранып

Келді міне ортаға

Қошеметпен қарсы алайық


Шапағат:Бар әлемді оятқан

Таңмен шашып шуағын

Шапағаттай ару қыз

Нұрланып күліп тұрады


Салтанат: Тобымыздың еркесі

Апасының тәттісі

Салтанаттай қызымыз бар

Достарына қамқоршы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі