400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

«Әйгерім» балабақшасының «Әйгерім» балабақшасының

әдіскері меңгерушісі

Н.Е. Омарова___________ __________ К.Ж.Жұманазарова

«_____» «______» 2018ж «_____» «______» 2018ж


9 Мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған

мерекелік іс-шара

Тақырыбы:

«Отан үшін от кешкендер!»


Мақсаты: Балаларға 9 –мамыр Жеңіс куні екенін ұғындыру.

Отанын,елін,жерін сүйюге,қастерлеге тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысының ардареглерін құрметтеуге,сыйлауға

тәрбиелеу.


Залға кіру: Музыкалық аспаптармен ұлдар әуенмен кіреді,артынан қыздар көк орамал ұстап шығады.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!

Ұлы кешке сенген күн

Фашисттерді жеңген күн

Ағаларға ерген күн

Бақыт гүлін терген күн – деп ақын Қадыр Мырза Алі жырлағандай «Отан үшін от кешкендер!» атты мерекелік ісшарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жеңіс күні 9-мамыр дүниежүзі бойынша ұлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен ,Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мереке.


Аз емес зор жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасырет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілде алған.


Ұлы Отан соғысына қатысқан: Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова,

М. Ғабдуллин, Т. Бигелдинов т.б және де өз жерлестеріміз де бар.

Осы кісілерге құрметпен бас иеміз.

Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, үнсіздікпен еске алайық. (1 мин. Үнсіздік)

Мәңгілік отқа гүл шоқтарын қою.


Жүргізуші: Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы

Жеңіс күні құтты босын,

Батырлардың ұрпақтары- деп бүлдіршіндердің тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Тақпақтар: Дамир,Ақсезім,Кербез, Салтанат,Інжу.


Дамир: Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,

Жаса жеңіс мұң қайғысын қашырған.

Мен жеңістін көріп тұрмын алауын,

Жанарлардан алтын шуақ шашылған.


Ақсезім: Қамықпаған қиындықтың түбіне

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.


Кербез: Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,

Жеңіс,жеңіс қоңыраулар қағылған.

Күн парақтап қып-қызыл боп ашылды,

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.


Салтанат: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды


Інжу: Жерден де, аспаннан да, теңізден де,

Соқты жауды ел күнде

Жеңем деген сенімі

Тұрды ажалдан жоғары.


Жүргізуші: Елге қауіп төнбесін!

Егестен адам өлмесін!

Есен- аман болайық,

Енді соғыс болмасын!


Ән: «Жеңіс туы желбіреп» балалардың орындауында.





Жүргізуші: Отан ана жырлағанда шер сеніп

Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.-

Балаларымыздың «Сарбаздар» биін қабыл алыңызда

Би: «Сарбаздар»


Жүргізуші: Ұмытпа сен елімізге

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен жерімізге,

Бақыт тегін келмеген – деп бүлдіршіндеріміз алғыстарын тақпақпен жеткізгілері келеді.


Тақпақтар: Анел, Жаннұр,Айару,Айбар,Іңкәр.


Анел: Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз

Отанның да, ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.


Жаннұр: Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң,Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.


Айару: Ағайлардан, апайлардан,інімнен,

Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.

Сәл күбірлеп, жеңіс,жеңіс деп едім,

Жазылғандай әжем белі бүгілген.


Айбар: Асыр салған таласып,

Біз туған ел- баласы.

Қандай байтақ – Отаным,

Жан-жағыңа қарашы.


Іңкәр: Шекарада солдат тұр,

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.


Жүргізуші: Соғыс кезінде солдаттар барлаушылар болған.Балаларымыз ойын ойнасын.

Ойын: «Барлаушылар»


Шарты: Бес бала Бірінен соң бірі кедергілерден сүрінбей өтуі тиіс.


Жүргізуші: Жасасын жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс,

Болмасын соғыс – дей отыра балаларымыздың «Тәуелсіз ел ұланы !» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: « Тәуелсіз ел ұланы»


Көрініс: « Соғыстың аяқталуы»


Жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың түбіне

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен –деп балаларымыздың «Көңілді теңізшілер» биін қабыл алыңыздар.


Би: «Көңілді теңізшілер»


Жүргізуші: Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып.


Ешқашан аспанымызды бұлт жаппасын, күніміз жарқырай берсін деген ниетпен бүлдіршіндеріміздің «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қабыл алыңыздар.


Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


Жүргізуші: Осымен Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс шарамыз аяқталды. Жеңіс туымыз көк аспанда желбірей берсін.

Ұлы жеңіс жасасын! Сау болыңыздар!



















Сауысқан: Қоянды іздеп табайын,Оған да хабар айтайын.


Қоян: Не болды алақанат?


Сауысқан: Қоян көктем келді.


Қоян: Орманға жүгіріп барайын

Бәріне көктем келгенін айтайын

Тамаша көктем, көктем келді,

Бізге жарығын,жылуын әкелді.


Сауысқан:Адамдар мен аңдар ояныңдар

Есік ,терезелеріңді ашыңдар

Бізге көктем келе жатыр


Осы кезде көктем кіреді.


Көктем: Мен сендерге асыға жеттім.

Сәлеметсіздер ме қонақтар, Сәлеметсіздер ме балалар! Айнала қандай тамаша, міне қандай бақыт, табиғаттың тіршілігі оянып, күніміз жарқырады.


Шаттық сезім алып келдім

Қуанышты күнде енді

Сегізінші Наурыз келді

Құттықтаймын сіздерді.


-Балалар көктемде алғашқы қандай мереке болады ?


Балалар: Халықаралық әйелдер күні.


-Дұрыс айтасыңдар.Мен байқап тұрмын,сендер аналарыңа, әжелеріңе тақпақ,би, әндеріңді дайындап отырсыңдар.

-Балалар мен асығайын, мені басқа жақта да күтіп жүр.барайын,оларды да қуантайын. Сау болыңдар!


Жүргізуші: Көктем келді шуақты

Көктем келді көңілді.

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.


Ән: «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.




Тақпақтар: Бекарыс, Кәусар, Айша, Ролан, Әсел.


Бекарыс: Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар қадырлей біл ананы,

Жат халыққа ақыл-ойды тонатпай.


Кәусар: Ана деген үш әріптен құралған,

Ақ сүтімен барлық адам нәр алған

Отбасының ұйытқысы аналар,

Бала үшін күн нұрынан жаралған.


Айша: Анам менің шаршамайды,талмайды,

Бітпей тағы бір жұмысы қалмайды.

«Ана» деген айналайын адамдар,

Бар өмірін балаларға арнайды


Ролан: Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсан шаттанған.

«Алтыным» деп мақтаған,

Айналайын ақ мамам.


Әлел: Мен нәресте болғанда

Сыйладыңыз гүл маған.

Әлемнің бар байлығын

Сыйлайыншы мен саған.


Би: «Қуыршақ» биі.


Жүргізуші: Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.


Тақпақтар: Жасұлан,Дәулет, Әлібек, Ақару, Жанел, Жанерке.


Жасұлан: Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс.


Дәулет: «Айналайын» деген

Жанға рахат береді

Көңілінді табады,

Әнді қалай салады.

Әлібек: Жылылықтан жаралған,

Құшағы оныңтаң бе мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу барма екен


Ақару: Анамызды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.


Жанел: Әжем,әжем ақ әжем

Ұйықтатады әнімен.

Жасырғанын береді

Түн ұйқысын бөледі.


Жанерке: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.


Ән: «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.


Біздің балалар ағылшынша да ,орысша да тақпақтар біледі.


Тақпақтар: Назерке, Әнел, Айару, Аяна, Бекнұр, Инабат.


Назерке: Май мазэ из вери найс

Ши хоз гот айс

Ши хоз гот смайлс

Ай лав ю диа мами.


Әнел: Май диа,диа мами

Лет ми кис е фдис

Би хеппи,би хеппи

Тудей енд олвейс.


Айару: Май дия,дия мами

Ай лав ю вери мач

Ай уант ю ту би хеппи

Ин зис дей вери мач.


Аяна: Нет ласкавей на свете,

Бабушки моей.

Она как солнце светит,

Мен радости,теплей


Инабат: Я с бабушкой заботливой,

Пойду гулять

И будем с нею вместе

Вечером играть.


Бекнұр: Мама так тебя люблю,

Что не знаю прямо

Я большому кораблю

Дам название мама


Ән: «Солнышко лучистое.


Би: «Көктем» биін орындайды.


Ойын: «Өз анаңды тап»

Ойын шарты : Бірнеше фото суреттен өз анасын табу.


Ойын: «Өз балаңды тап»

Ойын шарты: Ананың көзін байлап,сипалау арқылы баласын табу.



Ақмарал: Много мам на белом свете

Всей душой их любят дети

Только наша есть одна

Всех дороже мне она.


Ән: «Мамина улыбка» Назерке ,Кәусар, Әсел.


Жүргізуші: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой Аналар

Зор денсаулық, мол бақыт.

Тілейміз біз балалар.


Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп көргендеріңізге көп-көп рахмет.












Құрметті Ата-аналар!



Сіздерді « 8- Наурыз» халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір,шат күлкі тілей отырып, 03.03.2017 жылы сағ 09-30 да болатын «Бәйтерек» ортаңғы тобының «Аяулы анашым» атты ертеңгілігімізге шақырамыз.





КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

«Әйгерім» балабақшасының «Әйгерім» балабақшасының

әдіскері меңгерушісі

Н.Е. Омарова___________ __________ К.Ж.Жұманазарова

«_____» «______» 2017ж «_____» «______» 2017ж


«Астыққа толы- Алтын күз!»


Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігін,адемілігін,

құбылыстарын ұғындыру,мерекелік көңіл күй сыйлау, өлең,

тақпақ, ән, би,ойын арқылы сөздік қорын, ой –өрісін

дамыту. Әдемілікке, әсемдікке,,Табиғатты, күз мезгілін

сүйюге тәрбиелеу.


Зал іші күз мерекесіне сай безендірілген. Балалар музыка әуенімен қолдарына жапырақ ұстап залға кіреді.


Тәрбиеші: Жиылған қауым, армысыздар бәріңіз,

Келіп жетті алтын дәнді сары күз

Бірге болып қуанышта бәріміз

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз

Күз мереке күз ырыстың белгісі.- деп отырып біз сіздерді «Астыққа толы- Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз.

Алтын күз туралы тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Ақсезім, Алинұр, Інжу, Дамир, Бекзат,Кербез, Салтанат, Анел,Іңкәр.

Ақсезім: Астық толы қамбамыз

Алтын күзді тойлаймыз

Құтты болсын мереке

Қош келіпсіздер біздерге.


Алинұр: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін сыйлауға

Шақырады біздерді.


Інжу: Құстар қайтып ән салып,

Күзгі суық басталды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.


Дамир: Қамба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз.

Бекзат: Жемісі мол беретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.


Кербез: Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің желбіреп.


Салтанат: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсің халқымыз


Анель: Келістіріп бар сәнін,

Берген өзің табиғат.

Алтын күзді ал қане,

Қарсы алайық жамағат!


Іңкәр: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жемістеріп болған соң,

Той тойлайды халқымыз.


Тәрбиеші: - Балалар біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?


Балалар: «Алтын күз» мерекесін.

Тәрбиеші: - Күз мезгілі нешеге болінеді?

Балалар: Үшке бөлінеді: 1. Ерте күз. 2.Алтын күз. 3. Қара күз.

Тәрбиеші: Күз мезгілінің келгенін қалай білеміз?

Бала: Күн суытады, жел тұрып жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Күн күркірейді: Музыка ойналады.


Тәрбиеші: Балалар бұл күз мезгілінде болатын ауа – райының құбылысы, қорықпаңдар.


Балаларымыздың «Күзім –ау» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Күзім- ау»


Тәрбиеші: Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Сүйкімді аралар мен гүлдер» биін тамашалаңыздар.

Би: «Сүйкімді аралар мен гүлдер»

Райланар, Інжу, Қарақат, Салтанат,Айбар, Абылай.

Жел тұрады. Күз ханшайымы кіреді. (Музыка ойналады)


Күз: Сендердің дауыстарыңды естіп мен өте ашуландым. Себебі сендер менің желімнен, нөсер жауынымнан қорықпайды екенсіңдер. Қане найзағайымды ұрғызайын ба?!


Тәрбиеші: Алтын күз біздің мерекеге қош келдіңіз, ашуланбаңыз. Біз сіздің келгеніңізге, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз.


Күз: Несіне қуанасыңдар, менсіз де мерекелеріңізді өткізіп жатырсыңдар ғой.


Тәрбиеші: Алтын күз сіз өте әдемісіз, сұлусыз, сіз келген кезде көкөніс жемістердің барлығы пісіп, бақтың іші алтын түске енеді.Ең әдемі керемет мезгіл сіз боласыз.


Күз: Шынымен де солай ма балалар? Мен сендерге ұнаймын ба? Мен сендерге өте қатал болдым сонда да ұнаймын ба?


Тәрбиеші: Әрине Алтын күз біз сіздің дәруменге толы көкөністерді жеп, бойымызға қуат аламыз. Ендеше Алтын күз біздің балаларымыздың сізге арналған тартуы бар.


Кел балалар шырқайық

Алтын күзді тойлайық

Баянды болып мереке

Әннен шашу шашайық


Ән: «Бізге күз не береді?


Күз: Балалар сендер менің күзде не беретіндігімді де біледі екенсіңдер. Менің ашуым тарқайын деді.

Қызықтыру сәті: Көкөністер мен жемістер дауласып кіреді.( Музыка ойналады)

Тәрбиеші: Көкөністер мен жемістер неге сонша дауласып,неге таласып жүрсіңдер.

Жеміс- жидектер: Өз пайдалары туралы айтады.


Тәрбиеші: Әрқайсысыларыңның өз пайдаларың бар. Мысалы: Пияз біздің тамағымыздың дәмін кіргізеді, сәбіз бойымызды өсіреді, қызылша қанымызды көбейтеді. Қызанақ тамағымызды қызартады.


Жеміс- жидектер: Балалар біздің дәруменіміз көп екен, ондай болса біз ата-аналармен ойын ойнағымыз келеді. Ойынның аты : «қысқа дайындық».

Ойын шарты: Кім жылдам банкаға қияр мен қызанақты жауып бітіреді. жауып бітіреді.

Ойын: «Қысқа дайындық»


Тәрбиеші: Көкөністер мен жемістерге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Айбике, Айбар, Жаннұр, Аянат, Алисұлтан,Эльмира,Анел, Аружан, Абылай, Қарақат, Толғанай.


Айбике: Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз


Айбар: Ақ түйнек біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.


Жаннұр: Асханадан шықпаймыз

Атым пияз бұқпаймыз

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан да сақтаймыз


Аянат: Мен бананмын,бананмын

Таудай үлкен боламын

Сап- сары ,сары балапандаймын

Ен дәмді жеміс боламын

Алисұлтан: Мен өрікпін, өрікпін

Бау бақшаға көрікпін.


Эльмира: Біз шиеміз, шиеміз

Анель Піскенде тон киеміз

Бала келсе қасымызға

Басымызды иеміз

Аружан: Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім.


Абылай: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.


Қарақат: Қане қарбыз таңдайық

Үлкен ,кіші,кәріміз

Үлкенін ал, кішісін ал

Жейміз оны бәріміз


Толғанай: Көктеп ерте шырмалып

Өсемін мен бүр жарып

Атым қияр, теріп ал

Жиі-жиі суғарып.


Тәрбиеші: Келістіріп бар сәнін

Берген өзің табиғат

Алтын күзді ал кәне

Қарсы алайық бименен.

Кішкентай көңілді жеміс- жидектеріміздің биін тамашалаңыздар:

Би: «Көңілді жеміс- жидектер»


Тәрбиеші: Біздің балалар көкөністер мен жемістерді ажырата алады.олай болса балаларымызбен ойын ойнайық.


Ойын: «Көкөністер мен жемістер»

Ойын шарты: Екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып, жылдамдықпен салу.


Күз: Балалар сендер маған өте қатты ұнадыңдар.Өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Менің сендерге тосын сыйым бар. Мен сендерге алма әкелдім. Бұл алма дәрумендерге өте бай, ғажап алма.


Күз бен жемістер қоштасып кетеді.


Тәрбиеші: Біздің балалар үш тілде де тақпақтар біледі, балаларымыздың орысша, ағылшынша тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Тақпақтар: Райланар, Толғанай, Алдияр,Қарақат, Шапағат,Қайнар Дамир.


Райланар: Дождик,дождик веселей,

Дождик,дождик гуще лей.

Не жалей живой воды,

На деревья и цветы.


Толғанай: Рейн,Рейн, гоу ту спей

Неве шоу ю фес эгейн

Литл, рейн гоу э у эй

Алдияр: Частый дождик на дворе

На лугах мертва трова

Замалчал кузнечик

Заготовленый дрова

На зиму для печек


Қарақат: Аутм, аутм, аутм

Елоу енд рэд

Аутм, аутм, аутм

Ай эм вэри сэд.


Шапағат: Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.


Қайнар: Мен алмұртпын ,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың


Дамир: Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.


Тәрбиеші: Балаларымыздың «Саңырауқұлақтар» биін тамашалаңыздар.

Би: «Саңырауқұлақтар»


Тәрбиеші: Біздің балаларымыздың орыс тіліндегі әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Осень»

Тәрбиеші: Осымен біздің күз мерекесіне арналған шағын і-шарамыз оз мәресіне жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі