400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелік іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
тарбиешіге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

«Әйгерім» балабақшасының «Әйгерім» балабақшасы

әдіскері меңгерушісінің м. а.

Н.Е. Омарова___________ __________ Д.Е. Асанова

«_____» «______» 2017ж «_____» «______» 2017ж


Балалар музыка ырғағымен залға кіреді. Балалардың қолдарындағы шарлардаАна, Бала және Қазақстан деп жазылып, әр жазу бойынша тақпақтар айтылады.


Інжу: Ана өмір мәңгілік,

Жүзі нұрлы таң күліп.

Ана десе әркімнің

Көкрегінде жанады үміт.


Ақсезім: Бала,бала,баламыз

Балдай тәтті баламыз

Бала болып ән салып,

Би де билеп аламыз.


Дамир: Отан менің ата- анам,

Отан досым, бауырым.

Отан өлкем- астанам

Отан туған ауылым


Аяна: Құрметте досым, қазақтың жерін,

Қазақстан Республикам менің.


Тәрбиеші: Армысыздар құрметті әріптестер және кішкентай бүлдіршіндер. «Елімменен, тілімменен мақтанам» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

Ана тілім- тірлігімнің айғағы

Тіл барда, айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін- деп Әбілдә Тәжібаев атамыз да жырлап кеткен.

Қазақ тілі- өзеннің даласындай кең пейілді, жайдарлы, жалпақ тіл. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз,біз сондықтан « Ана тіліміз» дейміз. Ата- бабамыз да « Ананың тілі» деп ерекше құрметтеген.

Олай болса балаларымыздың тіл туралы тақпақтарын тыңдайық.

Райланар: Ана тілің арың бұл

Ұятың болып тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Абылайхан: Өсірген ой білімді

Сүйем ана тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.


Толғанай: Ана тілім ырысым,

Ана тілім қылышым

Ана тілсіз тартылар

Кең дүниеде тынысым.


Қарақат: Ана тілім- елдігім

Ана тілім- ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


Осы кезде ұлттық киім киген орыс қызы кіреді.

Орыс қызы: Здраствуйте, ребята!

Балалар: Здраствуйте.


Тәрбиеші: Балалар бізге келген қонақтын аты-жөнін сұрап танысайық.

  • Как вас завут?

Орыс қыз: -Меня завут Света


Тәрбиеші: -Балалар Света қай тілде сөйлеп тұр?


Балалар: -Орыс тілінде.


Орыс қыз:- Мен қазақ тілінде де өте жақсы түсініп,сөйлеймін.


Тәрбиеші: Олай болса Света дәлелің болсын, сен біздің балаларға бір тақпақ айтып берші? (Света тақпақ айтып береді)

Тәрбиеші: Рахмет Света, өте тамаша сөйлейсің. Балалар біз өзге ұлттармен сөйлескенде орыс тілінде сөйлесеміз. Өйткені орыс тілі бүкіл ұлтқа ортақ тіл. Света мерекеміздің қадірлі қонағы бол, төрге шық.

Ақыл- ойын адамның

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның- деп балалардың «Туған жердей жер болмас» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Туған жердей жер болмас»


Тәрбиеші: Ана тілім –елдігім

Ана тілім –ерлігім –дей отыра балаларымыздын тақиақтарын қаьыл алыңыздар.

Салтанат: Ана тілің біліп қой

Бостандығың, теңдігің

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің

Алинұр: Ана тілім елім

Қажыр қайрат күшім

Ана тілім менің

Бабам артқан сенім


Алдияр: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған

Орыс қыз: Балалар жарайсыңдар ,маған оте ұнады. Енді мен қазақша әндерді де жаттаймын. Мектепке барып үйренейін. Сау болыңдар балалар.


Тәрбиеші: Балалар біз өлең, тақпақ айтқан кезде өз тілімізді қадырлеп, сүйе білуіміз керек. Біздің ана тіліміз ата-бабамыздан келе жатыр. Мысалы: шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, ертегілер,батырлар жыры арқылы жеткен.

  • Ал, біз қандай батырларды білеміз?

  • Қобыланды батыр,Алпамыс батыр,қамбар батыр.Осы батырлардың барлығы ауыз әдебиеті арқылы тараған.


(Осы кезде залға батыр кіреді.)

Тәрбиеші: Кешіріңіз, сіз кім боласыз?

Баян батыр: Менің атым Баян батыр.

Тәрбиеші: Баян батыр сіз қалай батыр болдыңыз?

Баян батыр: Мен кішкентай кезімнен бастап, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап өстім.Ата-әжеме көмек бердім.Ер жеткенде жерімді, елімді қорғадым.Сондықтан елім мені Баян батыр деп атады.

Тәрбиеші: Ал балалар баян батырға кім мақал-мәтел айтып береді.


Кербез: Тіл халықтың жаны


Айбике: Піл көтермегенді

Тіл көтереді

Аружан : Тіл қылыштан да өткір.


Анел: Тіл тас жарады.

Тас жармаса,бас жарады.


Шапағат: Шешенннің тілі өткір

Шебердің бізі өткір.

Тәрбиеші: Баян батыр балалр туған жерге ,елге деген сүйіспеншілігін «Батырлар» биі арқылы жеткізгісі келеді.

Би: «Батырлар»

Тәрбиеші: Олай болса Баян батыр балаларымыздың «Ана тілім тұғырым» атты әнін қабыл алыңыз.

Ән: «Ана тілім тұғырым»

Баян батыр: Жарайсыңдар балалар, енді ұлттық ойын ойнағыларың келе ме?

Олай болса ойынның аты «Теңге ілу»


Ойын: «Теңге ілу»

Баян батыр: Бәрекелді балалар, сендер осал емес екенсіңдер. Күштерің өте көп екен.Өте қызықты ойын болды.Маған өте ұнады. Рахмет.

Тәрбиеші: Бүрмелі әсем көйлек,

Жарасқан тал бойына көрік беріп

Түрленген гүл шоғындай қөзді қарап

Қыздары киген бүрмелі көйлек- деп сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Ару қыздар»

Тәрбиеші: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту деген екен Бауыржан Моиышұлы атамыз. Ендеше өз тілімізде сөйлейік, қадірлейік,ұмытпайық.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.- дей отыра балаларымыздың «Тәуелсіз ел ұланы» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Тәуелсіз ел ұланы»

Баян батыр қоштасып шығып кетеді.

Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі