Ұстазым
менің ұстазым
Мақсаты:
Ұстаздың
адам өмірінде алатын орны зор екендігін,
ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және
қадірлеу қасиеттерін оқушылардыі бойына
дарыту. Танымдық қабілеттерін арттыру.
Мұғаліммен оұушы арасындағы байланысты
нығайту. Айналасына білім, тәрбие нұрын
төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,
лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу.
Міне,
жадырап жаз өтіп , алтын күзде келіп
жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін
әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен,
мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың
қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты
сәттері елестейді. Жаңа оқу жылы мен
қатарлас келетін мұғалімдер күніде
күздің үлесіне тиіпті. Құрметті ұстаздар
қауымы! Сіздерді қазан айында аталып
өтетін мұғалімдер күнімен шын жүректен
құттықтаймыз! Мерейлі мерекеде
дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Үйретіп
өмір ұстазым,
Үлгілі
іске нұсқадың
Ақ
көңіл, іскер қашанда,
Ақылшым-
менің ҰСТАЗЫМ! –деп алдарыңызға
өз өнерімен мектебіміздің оқушылары
Шарапатова Айдана, Оспан Нұрбол, Райымбек
Әбдіразақты шақырымыз.
Шәкіртерін
азаматқып саналы,
Ұстаз
ана-дана бола алады.
Ең
бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат
боп, ұлылық боп қалады.
Ортаға
«Қазақ»- биімен 9-сынып оқушыларын
шақырамыз.
Ұстаз
болған баршаға
Ардақты
жандар қаншама.
Шәкіртің
күнде қуансын,
Шаршама
ұстаз, шаршама.
Данышпан
да, дана да оқып сенен,
Атақ
- даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз”
деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы
көрем, арнаймын жақсы өлең!
Мектебіміздің
оқушыларының орындауында қол-қимыл
әні.
Ұстаздарға
арналған ойын.
Шарты:
шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады.
Мұғалімдер сол шарды жарып ішінен
сұрақты алып жауап береді.
1.
Домбырада- жетеу,
Сырнайда-алтау
Қобызда-
бесеу
Бұл
не? (әріп)
2.
Бұл санда қанша әріп бар болса,сонша
сан бар
Ол
қай сан ? (жүз)
3.
Жел соққанда тау ық болама? (ық
болады)
4.
Теңізде қандай тас болмайды?
(құрғақ)
5.
Ертістің оттасында не бар? (Т
әріпі)
6.
Өзі судан шығады,
Бірақ
судан қорқады
Бұл
не? (тұз)
Келешекке
алтын бақ,
Қосар
таудай үлесін.
Жасай
берсін жарқылдап,
Ұстаз
атты ұлы есім-
деп
ортаға «Әппәғым» әнімен Есентаева
Гүлнараны шақырамыз.
Ұрпақпен
өмір жолы жалғанады,
Көңілді
күндер тусын алдан әлі
6-сынып
ұсынатын биі
Ұстаздарым
сіздерге арналады! (6 «б» сынып оқушыларының
биі)
Ұлы
өмірге жетелеп ,
Ашқан
білім есігін .
Құрметтейік
мәпелеп,
Ұстаздардың
есімін.
«Ұстазыма
гүл шоғы» байқауына қатысып жеңімпаз
болған сыныптарды марапаттап өтсек.
«Сүйікті
ұстазым» байқауының жеңімпаздарын
марапаттау рәсімі.
Ұстаз
болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз
болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз
болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын
адамның алтындығы.
Құрметті
ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Назарларыңызға
үлкен рахмет.
«Саңырау
және нашар еститін балаларға арналған
Облыстық
«Мейірім»
арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ
Ұстазым
менің, ұстазым
Дайындаған:
Тоқсейтова Ж.С.