ҰСТАЗДАРҒА
МЫҢ АЛҒЫС!
1
— оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар
баршаңызға,
Сіздермен тола берсін
ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған
азаматтар,
Білім алған сіздердің
арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн
құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің
саулығы мықты болсын.
Білімменен
суарған шәкірттерің,
Төл мерекең
ұстаздар құтты болсын!
3 —
оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең
қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек
білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым
баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге
жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік
мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 —
оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар
таудай үлесін.
Жасай берсін
жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6
— оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен
тереңнен
Бар әлемге еңбегімен
еленген.
Сенің бағың өрге қарай
өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7
— оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән
қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды
ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың
ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
1
— жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді
ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған
оқушылар!
2 — жүргізуші:
Дария,
бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар
қауымының төл мерекесі. Олай болса
бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн
сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз
есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Олай болса, бүгінгі ҰСТАЗДАРҒА
МЫҢ АЛҒЫС!
атты мерекелік кешімізді бастауға
рұқсат етіңіз!
1 — жүргізуші:
Ұстаз,
ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша
ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын
жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен,
Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы
— қып.
Ұстаз шебер қисықтарды
жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен
емдейтін,
Болса дағы малға кедей
өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен
дейтін!
2 — жүргізуші:
Сіздерді
бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын
жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана
көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін
нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын
төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге
саулық, отбасыларыңызға амандық,
істеріңізге сəттілік тілейміз!
1
Айару Аруназ «Ардакты устазым»
1
— жүргізуші:
Білім көшін жылжытып
келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау
үшін сахна төріне мектеп басшысы Гульмира
Оралбекқызын шақырамыз!
2 —
жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл
жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін
төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма
Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп
өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты
зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы
бар.
Ағайын, тойларыңа тарту
етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл
алыңыздар!
2
Ақнұр «Асыл досым»
3
2 сынып оқушылары «Фламенко» биі
2
— жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ
сөздің мәйегін.
Шәкірттерін
оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
1
— жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет.
Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ
берген аналарды қалай ардақтасақ, сол
ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да
сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген
Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы
ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай
білейік достар!
4
Трио «Әлқисса» «Еркесылқым»
2
— жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле
шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар
қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру
үшін ортамызға Кәсіп одақ ұйымының
төрағасы Маржангүл Сағиданқызын
шақырамыз.
1 — жүргізуші: Тәтті әуен
бағаланса, балдан нәрі, Өнердің асулары
алда әлі. Өнерге іңкәр етіп қояр жанды
5
6 сынып оқушыларының орындауында өзбек
биі «Дукур-Дукур»
6
Ортаға әнші қыздарымызды шақырамыз
Ақнұр Аруана Мархаббат «Ұстазым»
2
— жүргізуші:
Ұстаз — шәкірт алдында
сыйлы адам. Ұстаз
жайлыайтылар
сыр да, жыр да көп. Ұстаз
сенімін
ақтау
— адамгершіліктің
белгісі.
Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін:
жауаптылық, қажырлылық, білімділік,
жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық
керек
екен.
Бірге
өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға
сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй,
асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту
етіп ұсынамыз.
1 — жүргізуші:
Мұғалімнен
өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш
ұрған кез — келген шəкірт ұстазымен
мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі»,
«Бала жанының бағбаны»,…..
7
Тосын сый мұғалімдерге
2
жургізуші Иə, бұл мектеп мұғалімі —
ұстазға арналған теңеулер. Мұндай
мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық
сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.
Құрметті ұстаздар сіздердітағы бір
мәрте мерекелеріңізбен шын жүректен
құттықтаймыз!
Келесі әсем ән сіздерге
арналмақ, қабыл алыңыздар!
8
Вальс
1
— жүргізуші:
Ұстаздардың әсерлі
үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен
әрбір оқушыға деген қамқорлықтың,
аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық
лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан
дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін
сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес
пе?!
9.
Хор. «Ұстазым»(Көңілді әуен, сахнаға
барлық оқушылар шығады, олар ұстаздарға
біркелкі бас иеді)
1
— жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар
қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен
шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді
еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін
тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге
жеміс тілей отырып, мың алғысымызды
айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя
мектебіміздің шәкірттері еліміздің
түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін
жемісті еңбек етсін! Келесі
кездескенше сау — саламатта болайық!