жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мерекелік іс шара "1-Мамыр "
«Келісемін» «Бекітемін»
«Әйгерім» балабақшасының «Әйгерім» балабақшасының
әдіскері: Н.Е. Омарова меңгерушісі: К.Ж. Жұманазарова
_______________ ___________
«__»________ 2016ж «__»________ 2016
Әсем безендірілген залға балалар әуенмен кіреді.
Мақсаты:
1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу. Ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Жүргізуші:Баршаңызды 1 мамыр –Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз! Елеміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қазақстан халқы өркенін жайып,мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
Мереке құтты болсын! «Қарлығаш»тобының ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар.
Жансерік Болсын кіші бойымыз
Биікке ұшу ойымыз
Біз балдырған баламыз
Шырқап әнге саламыз
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Абдурахман: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын бірінші мамырымыз!
Балалардың мамыр мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Нурбол: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,
Айна көңіл- жүректі кір шалмасын
Қыран құстар даласына еркелеп.
Аспанымда қалықтаудан талмасын.
Темірлан: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта,
Бала біткен дос-бауыр
Болмасын еш тосқауыл.
Шыңғыс: Бейбітшілік өмірдің,
Туы қолда толқыған.
Жадыраған көңілдің,
Күйі керней ағылған.
Аяжан Майдың жыры,май үні
Аралай түс жер шарын
Нұрынды төк, май күні
Ал құшаққа ел таңын
Нұртілеу Аспан асты құлпырып,
Жасыл желек жамыла.
Таудан бұлақ бұлқынып,
Сырласады Майыма.
Шаттық үнді май жыры
Аралайды жер шарын
Көкке балқып май күні
Аялайды ел таңын
Мақпал Қадірменді бір досымыз Грузинім,
Дәм тұзымыз араласпыз әзірден.
Дастарқандар жайылады сәнімен,
Сахнада Грузин биімен.
Би: «Грузин биі»
Тәрбиеші: Ортаға Грузия елінен келген бишілерді қошеметпен шақырамыз!
Тәрбиеші: Туыстық, достық, ынтымақтастық туралы мақал-мәтелдер
айтады
Мақал-мәтелдер
Жәнерке: Ел менен ел достасқан
Ғасыры туды адамның.
Інкәр: Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
Б. Даниар: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Нұрайым: Достар болса достық атынақталған
Алыс жолда-жақын жол,
Қара бала, сары бала, ақ бала
Туыстардай тату бол!- Африкадан келген бишілерді қарсы алайық
Тәрбиеші: Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала боларма.- Абай атамыз айтқандай балаларымыздың ойынын тамашалайық.
Қазақ ұлтық ойыны: «Қыз қуу»
Шарты: Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды (ағаш атпен) қуады .Бала қызға жетіп қолынан ұстаса жеңіске жетеді.
Көрініс: « Өзбек пен Грузин айтысы»
Автор: - Бір-біріне таңырқай қараған Грузин мен Өзбек
Грузин-Даниал: Сенің ұлтын кім?
Өзбек-Нурбол - Өзбек
Грузин: -Сен Өзбек болсаң өз еліңе неге бармайсың?
Өзбек: -Менің өз елім Қазақстан.
Грузин: - Жоқ сен Өзбекстанда тұруын керек!
Өзбек: - О, не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
-Ал сен грузинсін ғой? Сен мұнда не істеп жүрсің?
(Қазақ жігіт келеді)
Қазақ-Абдурахман: - Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
Өзбек: -Біз әрқайсымыз өз еліне, баруың керек деп жатырмыз.
Грузин: -Қайсымыздың кетеріміздің білмейміз
Қазақ:
- О, дегендерің! Біздің отанымыз
Қазақстан
көп ұлт мекендейтің
мемлекет емес пе? Мұнда өзбек те грузин
де, орыс та тағы басқа да ұлттар тұрады.
Бәрі тату –тәтті тұрып жатыр. Ал
дауласқанды қойып, бізде неге дос
болмасқа!
Бірге қосылып: Біз доспыз, біз әр қашан біргеміз!
Рольды ойнағандар: Өзек-Муса Даниал, Грузин-Ыдрыс Нурбол , Қазақ- Сыбанбай Абдурахман.
Тәрбиеші: Біздің балалардың достық туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Сымбат: Ұлттардың бәрі,
Жарасқан.
Елімнің бағы,
Құт ашқан!
Айсултан: Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы
Эльдар: Мамырдын бірі,
Достықтың күні
Халықтар үні
Тұтасқан!
Аслан: Лейся песня, лейся звонко
Помогай дружить
Всем ребятам очень нужно
В мирном мире жить!
Маржан: Развивается веселье,
Словно полная вода
Здравствуй радостный весенний
Праздник мира и труда!
Тәрбиеші: Өзге ұлтпен бас қосқан ,бірлігіміз жарасқан,-дегендей биылғы жылда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25жылдық мерейтойын атап өткеле жатырмыз!
Кеңейген тұған жердің керегесі,
Жыл сайын арта берсін берекесі.
Қазағым, құтты болсын қуанышың
Тәуелсіздік 25 жылдық мерекесі!
Сағыныш: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!- Балалардың орындауында ән қабыл алыңыздар.
Ортаға Муса Даниал, Маржан, Сымбат,Жәнерке, Абдурахман.
Ән: «Нұр Отан»
Адия: Тілі басқа тілегі біз біргеміз
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықттан бұзылмасын іргеміз!- Бүлдіршіндердің «Шашу» биін тамашалаңыздар!
Би: «Шашу»
Тәрбиеші: « Ел-бірлігі –ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге –қазақтарға керек»- деп елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағынын бір сөзі-Қазақстан халықтарының бірлігі, бейбітшілік жасасын!- балалардың орындаунда «Жаса мәңгі –Қазақстан!»
Ән: «Жаса мәңгі –Қазақстан!»
Тәрбиеші: осымен ертеңгілігіміз аяқталды! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз балалабақша меңгерушісі: Күнжарқын Жамашовнаға беріледі.
«ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ « ӘЙГЕРІМ»
БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ
ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Тақырыбы: «Өзге ұлтпен бас қосқан,
бірлігіміз жарасқан!»
«Қарлығаш» ересек тобы
Тәрбиеші: А. Қ. Ахметғалиева
Қаратау қаласы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген