Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелік іс-шара " Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1-7 сынып жетекшілеріне көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтын күз

"Күз ханшайымы"

1-жүргізуші:

Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.
Шатыр тікті сары алтын,

2-жүргізуші

Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.
Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал - құрақ,
Шашу болды жапырақ.

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Есенсіздер ме, есіркеген ата-аналар!

Бармысыздар, жадыраған балалар!

Берекелі Алтын күз құтты болсын!

2-жүргізуші

Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша би билейді ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей отырып,
«Күз ханшайымы » атты сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші«Күз ханшайымы » атты кешіміздің 5- сыныптар арасынан құралған ханшайымдарымызды қошеметтеп қарсы алып, ортаға шақырайық.

2- жүргізуші: Әділқазы, алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сай әділдікпен шеше біл... дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Еңбек пәнінің мұғалімі: Байдолда Бақшагүл

2. Тәрби ісінің меңгерушісі: Зандыбай Сандуғаш

3. Музыка пәнінің мұғалімі: Хатпа Серікгүл

1-жүргізуші: Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.

1. Ханшайымдар өнері

2. Мен табиғаттан жасай аламын

2-жүргізуші

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!-дегендей, қошемет көрсетіп отырайық!

1-жүргізуші: Өнер жаста жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән, би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

(Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.)

2-жүргізуші:Бүгінгі кеш өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған табиғаттан

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен- дей келе келесі сайысымыз

Мен табиғаттан жасай аламаын сайысына кезек берейік..

Әділқазылар алқасынан жұптарымыздың бағасын сұрасақ.

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер «Күз ханшайымы » кешін қорытындылау үшін сөз кезегін Әділқазылар алқасына береміз. (Жеңімпаз топты марапаттау. Және ең әдемі Күз ханшайымын анықтап марапаттау. Мақтау қағаздарымен марапаттау.)


2-жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болса егер ұғатын.

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен-күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар...дей отырып сыныптар арасында өткен «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атты кешіміз өз мәресіне жетті.


1-жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау-саламат болыңыздар!















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12