400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мерекелік іс-шара. "Арайлы күз, алтын күз".

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Арайлы күз, алтын күз Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы күз, алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Сыныпты ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Арайлы күз, алтын күз

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы күз, алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.Сыныпты ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Көрнекілігі: видео, сахна тақырыпқа сай безендірілген

1-жүргізуші: Бойға жинап ата-баба салтын біз,

Мерекеде  шат көңілді жарқынбыз.

Берекесін,молшылығын әкелген,

Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз.

2- жүргізуші:

Армысыздар,бүгінгі  кешімізге  жиылған  көпшілік қауым! Бүгін 8-10 сынып  арасында   өткелі  отырған  «Арайлы күз, алтын күз» сайысына  қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар, ата –аналар, жалынды да, жігерлі жас достарым мен қонақтар.

2- жүргізуші:

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Ақ жапырақ – сары алтын

Айналаның бәрі алтын .

Берекелі де, мерекелі алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын.

1-жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,

«Арайлы күз, алтын күз» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

2- жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
 Кешіміздің ашылу құрметіне,
 Әуелеген әсем ән жолданады.
Ортаға 9 «ә» сынып оқушылары Жансая мен Әділді «Асем ән» әнімен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1- жүргізуші:

Уа, халайық, халайық.

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Сайысымызды бастайық.


2-Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл деп, бүгінгі әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Мектеп директоры Канапьянов Ерзат Бияхметұлы

Тәрбие ісі меңгерушісі Леспаева Назымгүл Алиханқызы

Мектеп тәлімгері Сембаева Айжан Қайроллақызы

Мінекей сайсымыздың әділқазы алқаларымен де таныс болдық.

1- жүргізуші: Әр кезең 10 ұпаймен бағаланады. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. «Сәлем сөздің атасы» сыныпты таныстыру

  2. Өнерлі өрге жүзер /ән немесе би/

  3. Үй тапсырмасы (ас мәзірі, видеомен қорғау)

  4. «Сахналау» көрініс көрсету

2-Жүргізуші:

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Олай болса бірінші болып бастайтын 8 сынып оқушылары. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар,

1- жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Үміткерлер аянбай жан салыпты, енді сыныптың өз өнерін тамашалайық. 8-сынып оқушыларының орындауында әдемі биге кезек берсек.

2- жүргізуші: Келесі бөлім ас мәзірі. Әр сыныпқа үй тапсырмасы берілген болатын. Экранға назар аударайық. (рахмет сіздерге)

1- жүргізуші: Келесі бөлім «Сахналау» көрініс көрсету бөлімі. Олай болса 8 сынып оқушыларын «----------------------------------» ортаға шақырамыз. (рахмет сіздерге)

2-Жүргізуші: 8 сынып оқушыларын қошеметпен шығарып салып, ортаға 9 «А»- сынып оқушыларын шақырамыз. І кезең таныстыу . (рахмет сіздерге)

1-Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер кезеңінде өз өнерлерін көрсетуге ортаға Дильназ бен Мақсатты «Жауын» әнімен шақырамыз.

2-Жүргізуші: Келесі бөлім ас мәзірі. Әр сыныпқа үй тапсырмасы берілген болатын. Экранға назар аударайық. (рахмет сіздерге)

1-Жүргізуші: Келесі бөлім «Сахналау» көрініс көрсету бөлімі. Көрініс «-----------------------------------------» (рахмет сіздерге)

2-Жүргізуші: 9 «А» сыныбын қошеметпен шығарып салып, келесі 9 «Ә» сыныбын шақырамыз.

1-Жүргізуші: «Сәлем сөздің атасы» сыныпты таныстыру бөлімі. Сөз кезегі сіздерде.

2- жүргізуші: Келесі кезең Өнерлі өрге жүзер кезеңі. Алтынай мен Нұрбектің орындауында «Алтын күз» әні. Қарсы алыңыздар!

1- жүргізуші: Үй тапсырамсы бөліміне кезек берейік. Экранға назар аударайық. (рахмет сіздерге)

2-Жүргізуші:

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке- бірлікпенен ортақтассын.

Келесі кезең сахналау. Көрініс «Соқыр ана». Ортада 9 «Ә» сынып оқушылары.

1- жүргізуші: 9 «Ә» сынып оқушыларына рахметімізді айтып шығарып саламыз. Ортаға 10 сынып оқушыларын шақырамыз. Таныстыру кезеңі.

2 жүргізуші: Келесі кезең «Өнерлі өрге жүзер» кезеңі. 10 сынып оқушыларының орындауында --------------------- биі. Қарсы алыңыздар.

1- жүргізуші: : Үй тапсырамсы бөліміне кезек берейік. Экранға назар аударайық. (рахмет сіздерге)

2- жүргізуші: Келесі кезең сахналау. Көрініс «------------------». Ортада 10 сынып оқушылары. (рахмет сіздерге)

1-Жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. «Арайлы күз, алтын күз» сайысында үздік сыныпты жариялау үшін ортаға қазылар алқасын шақырымыз.

2- жүргізуші:

Білім –теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін

Қатысу да , бір жеңіс

Жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп бүгінгі арайлы күз, алтын күз атты сайысымызды аяқтаймыз.

1- жүргізуші: Жеңісті күндерде кездекенше достар!!!








БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Сынып

«Сәлем сөздің атасы» сыныпты таныстыру


«Өнерлі өрге жүзер /ән немесе би/


Үй тапсырмасы (ас мәзірі, видеомен қорғау)


«Сахналау» көрініс көрсету


Қорытынды

ән

би

8







9 а







9ә







10













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі