ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі
«Бекітемін »
Директор м. а.
_______Жаниязова Ж. Л.
«__»____2014ж

Сабақтың тақырыбы": Азаттықтың ақ таңы... "
Сабақтың мақсаты: Өз елінің тарихын білуге, қазақ халқының қаншама тар жол
тайғақ кешулерді басынан өткергенің, тәуелсіздіктін ақ таңы атқанға
дейінгі өткен тарихи кезеңдерді жете түсінуге тәрбиелеп, болашаққа
сенімі бар азаматтарды қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл
сөздер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Екі жүргізуші
ортаға шығады
1 жүргізуші
Армысыздар құрметті ұстаздар құрметті оқушылар !
Тыңда жолдас тыңда дала тыңда тыңда ел,
Сөйлеп тұрган күншығыстан , жомарт өңір Қазақстан .
Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке, менің елім,
күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан !

2 жүргізуші:
Жасыл, шүйгін, кең жайлау
Асау өзен, асқар тау,
кербез орман , көркем бел
Лебі жұпар ерке жел.
Жанға сая панамыз
Қазақстан көркем жер!
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.
ӘНҰРАН
2 жүргізуші
Ортаға Қазақстан Республикасының туы енгізілсін ! (Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
1 жүргізуші:: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз колледжіміздін директордын міндетін атқарушы Жаниязова Жаркын Лепесқызына беріледі.
1жүргізуші
Бүгін міне қазақ халқы азат болды
Орын алды кең тарихтың төрінен
Бақыт тапты, шаттықт көрді,
Қош айтысты санг ғасырлық шерімен!
2 жүргізуші
Бүгін міне, азаттықтың ақ таңы
Шұғыла шашты, ер мерейін асырды,
Егеменді ер түрленді.
Нұрландырды ғасырды!
1Пк 9А тобының студенті Ермекбай Ақмаралдың орындауында «Туған ел» әні

2 жүргізуші
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін.
Көңілім көкке шарықтады серпілдім.
Көкірегім мұздап еді ерілдім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.
Кісен ашқан күй болып бір шертілдім!
Сахнаға Әдеби композиция
1-оқушы
...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда, өз анасынан басқа,
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған...
...Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
2-оқушы
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
3-оқушы
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
4-оқушы
Тәуелсіздік бақытымның қайнары,
Ерлігім мен елдігімнің айғағы.
Сол үшін де жырлап өтем мәңгілік,
Желбіресін төбемде көк байрағы.
Тәуелсіздік арайлы нұр, ақ таңым,
Жайнап, күліп жарқыраған шақтарым.
Көрсін әлем қызыға да қызғана,
Қазағымның шалқып тасып жатқанын.
Қанша ғасыр еңіредім, жыладым,
Бодандықтың азабына шыдадым.
Шаршап, талып қажығанда қалжырап,
Жақтым жетіп үмітімнің шырағын.
Қуанышпен жиылғанда енді есім,
Шаттығымның шамшырағы сөңбесін,
Мықты болсын тас діңгегім Тәуелсіз,
Қазағымның мерейі өсіп, өрлесін.
Айқындалып мақсат ойым алдағы,
Сенімімді болашаққа жалғады.
Шаңырағымды күн шалғаның сезіндім,
Көкейімде күдік күмән қалмады.
Соданбергі аз ақ жылда қасқағым,
Қатарына жетіп барып басқаның.
Күллі әлемді таңдандырып, тамсандырып,
Мерейімді биіктете бастадым.
Тірлігімнен қалған ескі көшпенді,
Қайта жағып тұтандырдым өшкенді
Дүниені дүр сілкінтіп жатырмын,
Әттен бірақ Тәуелсіздік кеш келді.
Айтып келем оның талай себебін,
Бұдан былай болсын аман тек елім.
Не қиынды бастан кешкен елмізғой,
Алда да әлі женеріме сенемін.
Ел атанып ел болған соң егемен,
Айбаттанып шалқымаймын неге мен.
Асқар шыңның мен көрмесем үлгеріп,
Көрсің ертен немерем мен шөберем.
Бұл бақытта жоқ ешкімнің таласы,
Барлық ұлтым көздің ак пен қарасы.
Жаса, жайна Қазақ елі Отаным!
Татулықпен болған достық панасы.

Жүргізуші І
Ел тынысын тереңініе танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалары анық өшпес алтын әріппен
Ерметаев Үсен мен Максут Тогжаннын орындауында «Казагымнын канаты>

1 жүргізуші
Мерейін нұрлана бер азат күнім
Корейін бақытымның азаттығын
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін
Сахнада «Бейбітшілік» биі

1 жүргізуші
Қазақстан дейтін менін бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман !
Сахнада «Солнечный дом» әні 3ПК 9спец тобының студенттері

Жүргізуші ІІ
Отан деген туған жерің, көркемің,
Отан деген тарихы ғой өлкенің
Көрер едің мұңын зарын халқының
Ақтарсаң сен ол тарихтың беттерін
Көрер едің туған жердің өткенің
Табиғатын, ойы, қырын, өткелін.
Ортаға көрініс «Туған жерім түп қазығын»

Жүргізуші ІІІ
Ерте ерте ертеде біздің елді,
Басқарыпты ақ көңіл хан беделді.
Көрші қытай елімен тату бопты
Сол себептен көрмепті ол кедергі
Күндердің бір күнінде көрші елден
Атой салып шапқылап елші келген
Айтып берді хабарын әміршіге
Қарғын түсіп атынан терміленген.
Елші:
Уа, алдияр, мынау елдің хабары
Суық екен, денем мұздап барады.
«Егер тату болам десе менімен
Ең жүйрігін берсін!» деген,
Император талабы.
Жүргізуші:
Өз елінің тыныштығын, тірлігін,
Қалаған хан екі елдің бірлігін,
Таңдап жүріп көп жүйріктің ішінен.
Берген екен ойланбастан дүлдүлін
Хан шешімі билерді өкпелетті...
Бірніші би:
Бұл не сұмдық бір жүйрік текке кетті.
Екінші би:
Ұлы әміршім!
Бұл шешімді неге келте пішкенсіз.
Қарсы неге шықпадыңыз,
Кенде ме едік күштен біз?
Хан:
Жожоқ! Тоқта, аптықпа
Ел бірлігі жолында,
Бір жүйрікті қидым үнсіз.
Байлықтан опа таптық па?
Жүргізуші:
Міне, осылай татулықпен қаншама таң атады,
Қуанышпен, ойын, жырмен, күндер өтіп жатады.
Тыныш жатпай көрші елден тағы да,
Келген хабар ханға қатты батады.
Сахнаға тағы да елші жүгіріп шығып, ханға басын иеді.
Елші:
Уа, алдияр мынау елдің хабары,
Суық екен денем жаурап барады.
«Егер тату болам десе менімен
Сүйген жарын берсін!» деген
Император талабы.
Жүргізуші:
Бұл хабарға алдияр хан қиналады,
Айдай сұлу сүйген жарын қимады.
Өз елінің тыныштығын тағы ойлап,
Ақырында адал жарын көрші ханға сыйлады.
Бірінші би:
Ойбай, сұмдық, осы болар құрыған,
Ақылынан алжасыпты ұлы хан.
Жүргізуші:
Деп таңданды бұл шешімге барлығы
Түсініксіз болды ханның мұндай жарлығы.
Екінші би:
Алдияр хан!
Ақылды жар ер адамның қорғаны,
Адал, сұлу әйел алу бар еркектің арманы.
Осы аймақтың көріктісі еді сіздің жарыңыз,
Көзі түссе көрші ханның осал емес талғамы.
Бірінші би:
Сол себепті сұлуыңды қайтарған жөн болар
Хан:
Ақыл айтқан сөздеріңе, әрине, жоқ таласым,
Бірақ, түсініңдер шешімімнің бағасын
Тыныш болса ел мен елдің арасы,
Адал, сұлу жар табылар шамасы.
Жүргізуші:
Уақыт алға зымырайды бірнеше жыл өтеді,
Тыныш жатқан екі елдің уайымқайғы не теңі.
Біпақ құрғыр көрші ханнан бір күні,
Суық хабар тағы келіп жетеді,
Саханға елші шығады да ханға иіліп тұрып сөйлейді.
Елші:
Уа, алдияр мынау елдің хабары
Суық екен денем мұздап барады
Тынштығын қаласа егер елінің,
Қасиетті туыпөскен жерінің.
Бір бөлігн берсін! деген
Көрші ханның талабы.
Хан: ашуланып
Тоқтат сөзді, не дейді,
Қандай халық, неткен үлкен көмейі?!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
мерекелік іс шара: "Азаттықтың ақ таңы"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі
«Бекітемін »
Директор м. а.
_______Жаниязова Ж. Л.
«__»____2014ж

Сабақтың тақырыбы": Азаттықтың ақ таңы... "
Сабақтың мақсаты: Өз елінің тарихын білуге, қазақ халқының қаншама тар жол
тайғақ кешулерді басынан өткергенің, тәуелсіздіктін ақ таңы атқанға
дейінгі өткен тарихи кезеңдерді жете түсінуге тәрбиелеп, болашаққа
сенімі бар азаматтарды қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл
сөздер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Екі жүргізуші
ортаға шығады
1 жүргізуші
Армысыздар құрметті ұстаздар құрметті оқушылар !
Тыңда жолдас тыңда дала тыңда тыңда ел,
Сөйлеп тұрган күншығыстан , жомарт өңір Қазақстан .
Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке, менің елім,
күн келбетті, нұр сәулетті Қазақстан !

2 жүргізуші:
Жасыл, шүйгін, кең жайлау
Асау өзен, асқар тау,
кербез орман , көркем бел
Лебі жұпар ерке жел.
Жанға сая панамыз
Қазақстан көркем жер!
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.
ӘНҰРАН
2 жүргізуші
Ортаға Қазақстан Республикасының туы енгізілсін ! (Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
1 жүргізуші:: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз колледжіміздін директордын міндетін атқарушы Жаниязова Жаркын Лепесқызына беріледі.
1жүргізуші
Бүгін міне қазақ халқы азат болды
Орын алды кең тарихтың төрінен
Бақыт тапты, шаттықт көрді,
Қош айтысты санг ғасырлық шерімен!
2 жүргізуші
Бүгін міне, азаттықтың ақ таңы
Шұғыла шашты, ер мерейін асырды,
Егеменді ер түрленді.
Нұрландырды ғасырды!
1Пк 9А тобының студенті Ермекбай Ақмаралдың орындауында «Туған ел» әні

2 жүргізуші
Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін.
Көңілім көкке шарықтады серпілдім.
Көкірегім мұздап еді ерілдім,
Домбырадай күмбірледі көңілім.
Кісен ашқан күй болып бір шертілдім!
Сахнаға Әдеби композиция
1-оқушы
...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда, өз анасынан басқа,
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған...
...Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
2-оқушы
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
3-оқушы
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
4-оқушы
Тәуелсіздік бақытымның қайнары,
Ерлігім мен елдігімнің айғағы.
Сол үшін де жырлап өтем мәңгілік,
Желбіресін төбемде көк байрағы.
Тәуелсіздік арайлы нұр, ақ таңым,
Жайнап, күліп жарқыраған шақтарым.
Көрсін әлем қызыға да қызғана,
Қазағымның шалқып тасып жатқанын.
Қанша ғасыр еңіредім, жыладым,
Бодандықтың азабына шыдадым.
Шаршап, талып қажығанда қалжырап,
Жақтым жетіп үмітімнің шырағын.
Қуанышпен жиылғанда енді есім,
Шаттығымның шамшырағы сөңбесін,
Мықты болсын тас діңгегім Тәуелсіз,
Қазағымның мерейі өсіп, өрлесін.
Айқындалып мақсат ойым алдағы,
Сенімімді болашаққа жалғады.
Шаңырағымды күн шалғаның сезіндім,
Көкейімде күдік күмән қалмады.
Соданбергі аз ақ жылда қасқағым,
Қатарына жетіп барып басқаның.
Күллі әлемді таңдандырып, тамсандырып,
Мерейімді биіктете бастадым.
Тірлігімнен қалған ескі көшпенді,
Қайта жағып тұтандырдым өшкенді
Дүниені дүр сілкінтіп жатырмын,
Әттен бірақ Тәуелсіздік кеш келді.
Айтып келем оның талай себебін,
Бұдан былай болсын аман тек елім.
Не қиынды бастан кешкен елмізғой,
Алда да әлі женеріме сенемін.
Ел атанып ел болған соң егемен,
Айбаттанып шалқымаймын неге мен.
Асқар шыңның мен көрмесем үлгеріп,
Көрсің ертен немерем мен шөберем.
Бұл бақытта жоқ ешкімнің таласы,
Барлық ұлтым көздің ак пен қарасы.
Жаса, жайна Қазақ елі Отаным!
Татулықпен болған достық панасы.

Жүргізуші І
Ел тынысын тереңініе танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалары анық өшпес алтын әріппен
Ерметаев Үсен мен Максут Тогжаннын орындауында «Казагымнын канаты>

1 жүргізуші
Мерейін нұрлана бер азат күнім
Корейін бақытымның азаттығын
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін
Сахнада «Бейбітшілік» биі

1 жүргізуші
Қазақстан дейтін менін бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман !
Сахнада «Солнечный дом» әні 3ПК 9спец тобының студенттері

Жүргізуші ІІ
Отан деген туған жерің, көркемің,
Отан деген тарихы ғой өлкенің
Көрер едің мұңын зарын халқының
Ақтарсаң сен ол тарихтың беттерін
Көрер едің туған жердің өткенің
Табиғатын, ойы, қырын, өткелін.
Ортаға көрініс «Туған жерім түп қазығын»

Жүргізуші ІІІ
Ерте ерте ертеде біздің елді,
Басқарыпты ақ көңіл хан беделді.
Көрші қытай елімен тату бопты
Сол себептен көрмепті ол кедергі
Күндердің бір күнінде көрші елден
Атой салып шапқылап елші келген
Айтып берді хабарын әміршіге
Қарғын түсіп атынан терміленген.
Елші:
Уа, алдияр, мынау елдің хабары
Суық екен, денем мұздап барады.
«Егер тату болам десе менімен
Ең жүйрігін берсін!» деген,
Император талабы.
Жүргізуші:
Өз елінің тыныштығын, тірлігін,
Қалаған хан екі елдің бірлігін,
Таңдап жүріп көп жүйріктің ішінен.
Берген екен ойланбастан дүлдүлін
Хан шешімі билерді өкпелетті...
Бірніші би:
Бұл не сұмдық бір жүйрік текке кетті.
Екінші би:
Ұлы әміршім!
Бұл шешімді неге келте пішкенсіз.
Қарсы неге шықпадыңыз,
Кенде ме едік күштен біз?
Хан:
Жожоқ! Тоқта, аптықпа
Ел бірлігі жолында,
Бір жүйрікті қидым үнсіз.
Байлықтан опа таптық па?
Жүргізуші:
Міне, осылай татулықпен қаншама таң атады,
Қуанышпен, ойын, жырмен, күндер өтіп жатады.
Тыныш жатпай көрші елден тағы да,
Келген хабар ханға қатты батады.
Сахнаға тағы да елші жүгіріп шығып, ханға басын иеді.
Елші:
Уа, алдияр мынау елдің хабары,
Суық екен денем жаурап барады.
«Егер тату болам десе менімен
Сүйген жарын берсін!» деген
Император талабы.
Жүргізуші:
Бұл хабарға алдияр хан қиналады,
Айдай сұлу сүйген жарын қимады.
Өз елінің тыныштығын тағы ойлап,
Ақырында адал жарын көрші ханға сыйлады.
Бірінші би:
Ойбай, сұмдық, осы болар құрыған,
Ақылынан алжасыпты ұлы хан.
Жүргізуші:
Деп таңданды бұл шешімге барлығы
Түсініксіз болды ханның мұндай жарлығы.
Екінші би:
Алдияр хан!
Ақылды жар ер адамның қорғаны,
Адал, сұлу әйел алу бар еркектің арманы.
Осы аймақтың көріктісі еді сіздің жарыңыз,
Көзі түссе көрші ханның осал емес талғамы.
Бірінші би:
Сол себепті сұлуыңды қайтарған жөн болар
Хан:
Ақыл айтқан сөздеріңе, әрине, жоқ таласым,
Бірақ, түсініңдер шешімімнің бағасын
Тыныш болса ел мен елдің арасы,
Адал, сұлу жар табылар шамасы.
Жүргізуші:
Уақыт алға зымырайды бірнеше жыл өтеді,
Тыныш жатқан екі елдің уайымқайғы не теңі.
Біпақ құрғыр көрші ханнан бір күні,
Суық хабар тағы келіп жетеді,
Саханға елші шығады да ханға иіліп тұрып сөйлейді.
Елші:
Уа, алдияр мынау елдің хабары
Суық екен денем мұздап барады
Тынштығын қаласа егер елінің,
Қасиетті туыпөскен жерінің.
Бір бөлігн берсін! деген
Көрші ханның талабы.
Хан: ашуланып
Тоқтат сөзді, не дейді,
Қандай халық, неткен үлкен көмейі?!
шағым қалдыра аласыз













