400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Мерекелік іс-шара "Білімнің бастау балабақшада"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар бірінші қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсініп, сезінеді. Ата Заң күні мерекесін атап өтеді. Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)


Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Ата Заң күні мерекесін атап өту.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
Барлық балалар «Балдәурен» әнінің әуенімен түрлі - түсті шарлар ұстай көңілді би билейді, би аяқталғанда шарларды ұшырып жібереді. Ортада жүргізуші 5 - 6 бала қалады:
1 - бала: Қандай керемет! Бүгін көңіл - күйім шарықтап тұр!
2 - бала: Себебі бүгін мереке ғой!....
3 - бала: Иә, иә! Бүгін - 1 қыркүйек, білім күні!
4 - бала: Бәсе, бүгін оң көзім қайта - қайта тартқан еді.........
5 - бала: Осылай әңгімелесіп тұра береміз бе?
Балаларды шақырып, мерекені бірге тойламаймыз ба?
1 - бала: Кеттік онда! (Ортаға тақпақ айтатын басқа балалар ауысып тұрады)
6 - бала: Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
7 - бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
8 - бала: Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.
9 - бала: Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.
10 - бала: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық еліміздің әнұранын!

ҚР Мемлекеттік әнұраны

11 - бала: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
12 - бала: Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!
Сүйікті апайымыз
-Роза Темиркеновнаға құрметті сөз кезегін ұсынамыз!

Құттықтау сөз

13 - бала: Мерекемізді апайларға арнап әсем әнмен жалғайық.
Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйкімді баламыз!

Ән «Сүйкімді баламыз» муз: Б. Жұмабекова

(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып (немесе майда түрлі - түсті доптармен) ойнап келеді)
1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
2 - Күлдіргіш: Келіңдер балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
1 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?......
13 - бала: Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке!
14 - бала: Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
2 - Күлдіргіш: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не?
15 - бала: Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғатар
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғатар
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
16 - бала: Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
1 - Күлдіргіш: Керемет! Онда біз басқа да Күлдіргіш достарымызды
шақырып сендерге мереке құрметіне би билеп берейік,
шашуымыз болсын!

Би «Күлдіргіштер биі»

17 - бала: (Аида) Бүгінгідей мереке күні біз де Бақдәулет досымыз
екеуміз барша қауымға әнімізді арнағымыз келеді...
Қабыл алыңыздар!

Жеке ән «Жас дәуірдің түлегіміз» муз: И. Нүсіпбаев

(Әсем әуен ойналып «Бақыт құсы» ұшып келеді)
Бақыт құсы: Сәлем, баршаңызға! Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына
сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.
18 - бала: Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы
қандай мереке?
Бақыт құсы: 30 тамыз – Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Ата Заң -
елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі.
Бұл мереке туралы бұрын сендер естімедіңдер ме?
19 - бала: Естігенде қандай! Ата Заң күні мерекесіне де біз арнайы
тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.
20 - бала: Ата заңым - тірегім
Арман, үміт, тілегім
Өрлеп, өскен бүгінгі -
Өз Отаным, ұлы елім!
21 - бала: Ата заңым - бірлігім
Берекелі іс, тірлігім
Елдің ырыс, бақыты
Бейбітшілік, нұрлы күн!
22 - бала: Ата заңым – қуатым
Сенім, мақсат, мұратым
Мақтанышым, көк туым
Көкте шалқып тұратын!
Қазақстан - ұлы елім
Әнге қосам өр атын!
Жеке ән «Мақтаным - Қазақстаным» муз: А. Еспенбетова
Бақыт құсы: Өте тамаша! Мен риза болып тұрмын. Кеткім келмейді, бірақ
бүкіл Қазақстанды аралап шығу үшін асығуым керек.
Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздеріңді айтып жіберіңдерші:
Балалар: - Қос мереке құтты болсын!
- Еліміз өркендей берсін!
- Білімділер көп болсын!
- Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік ел болайық! т. б.
Бақыт құсы: Көп рахмет, сендерге, балалар! Мереке мерекеге ұласа берсін!
Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!
23 - бала: Біз – еліміздің жас өркеніміз,
Желді керген желкеніміз,
Желбіретер көкте туын
Біз - еліміздің ертеңіміз!
Би «Ерке балалар биі»

24 - бала: Балабақшамыздағы нағыз ерке достарымыз апайларымен бірге келе
жатыр, қарсы алайық!
(І сәбилер тобы балалары ортаға шығады)
26 - бала: Ерке достарымыздың тілін тапқан Айгүл, Ботагөз апайлардың
мерекелік құттықтауларын тыңдайық
сөз 
Би: Бөбектер биі»
27 - бала: жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу сәті де келіп жеткен сияқты.
28 - бала:
Несі бар? Онда көп ойланбай алғашқы қоңырау соғу құрметін кішкентай бөбектеріміз Даниял мен Ясминаға сеніп тапсырайық!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
29 - бала: Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!

Жеке ән «Күмбірле, қоңырау!» муз: А. Еспенбетова
30 - бала: Мереке тағы да құтты болсын! Қоңырау үнімен жаңа оқу жылының
алғашқы оқу іс - әрекетін бастау үшін тобымызға асығайық.
Шаршамай – талмай білім теңізіне сүңгиік!
Биіктерді бағындырудан жалықпайық!



















Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы

Жарияланды 19-05-2014, 23:23 Категориясы: Бала-бақша

Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны,
мерекелік ертеңгіліктер т.б.
Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:
- Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
- Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;
- Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту;
- Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
- Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту.
Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс - әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады.
Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

Ересектер тобының хоры

«Балабақшам - Бегім Ана» балабақша әнұраны
Сөзі: Еспенбетова Зағира
Әні: Еспенбетова Ақзира

1. Балалықтың базары -
Бақшамызда саялы
Өсіп келе жатырмыз
Алақанда аялы.

Қайырмасы:

Әлдилеткен әнімен,
Өнер - білім нәрімен.
Балабақшам қымбатсың
Достастырған бәрімен.

2. Адалдықты ту еткен,
Бал жүзінен күн өпкен.
Балдырғанбыз бақытты
Бақшамызға гүл еккен.

3. Болашаққа барамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
1614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі