Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші:
Армысыздар ардақты ағайын!
Ұлағатты ұстаздар,оқушылар!
Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар
мереккемізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
Армысың, аманбысың Жаңа
жылым.
Жаңа жылым, О, менің Жаңа жырым!
Доңыз жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық ән менен көңіл сырын.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.-дей келе ортаға 3-сынып оқушыларын
шақырайық!
Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл
күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық!
Хор «Жаңа жыл»
Жүргізуші:
ИӘ“Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп бекер айтылмаған ,жүрекке жылылық
ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді жас - ұрпақты тәрбиелеп
жатқан білім ұясының білікті басшысы Салманов Ысқақбек
Түзелбайұлына береміз.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар бүгінгі жаңа жыл кешіне
сәйгүліктерін желдіріп, алыс-алыс жерлерден алтындатқан шанасымен
Аяз ата келе жатыр деген хабар алып
тұрмыз.
Балалар жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата
емес пе? Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл бола
ма?
Дұрыс айтасыңдар, ендеше балалармен қосылып
Аяз ата мен Ақшақарды ортаға
шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 -
рет
Жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын,
тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар
салыңдар
Аяз ата келеді
Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы
алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен
Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз
ата:
Амансыңдар ма,
балалар!
Сәлеметсіздер
ме қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың
құтты болсын
Денсаулықтарың
мықты болсын
Аспандарың
ашық, жұлдыздарың жарық
болсын
Егеменді еліміз
көркейе берсін
Жаңа жылда жаңа
табысқа жетіңдер!
Аталарың
сендерге
Асау желмен
алысып
Шаршап келді
алыстан
Ақша қар мен
Ескі жыл
Олар да жүр
қасымда
Өздеріңдей
балалармен
Сағынысып
табысқан.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша
қар!
Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз
алыс жолдан шаршап келдік. Сендер ән айтып, би билеңдер, біз дем
алайық.
Жүргізуші:
Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына
орындыққа отырып дем
алыңыз.
Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға
беретін тәтті кәмпитіміз бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетіңдер
өнерді, мен өзім бастап
берейін.
Би. «». Орындайтын 3 а
сыны------------------------------------------------------
.Ән « Шырша жыры»
3Ә-------------------------------------------------------------
Ал, Жаңа
жыл!
Келген қадамың құтты
болсын!
Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы
болсын!
Халықтар достығы нығая
берсін!
Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами
берейік!
Би-------------------------------------------------------------------------------------
Ақша қар: - Аяз ата, Ескі жылды шығарып
салайық.
Аяз
ата:
- Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен
құтты жыл болдың.
біз
ризамыз саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі
жыл!
Жаңа
жыл:
Ал, Ескі жыл, аман
бол
Ізбасарың мен
болам
Аман болсын деп
тіле
Елім, жерім, кең
далам.
Ескі
жыл:
Біздің елде өткен
жылы
ИТжылы
тыныштық
Ал ұмтылдық біз
есейдік
Жақсылыққа
тырыстық
Ескі жылым ит
жылы
Қош аман бол
көргенше.
Жүргізуші
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Сөгеті әнмен жырдың мекені деп естуші едім.
Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар
шығар?
Жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз
дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
Ән Жаңа
жыл
Жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы
өнер тарландарын шақырамыз.
Шығыс
биі 3-сынып
қыздары
Жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен
әдемілік сыйлаған әр өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр
айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы
жас-жеткіншектердің арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін
танытса дейміз.
Оқушылар тақпағын
айтады
Жаңа жылың жаңа нұр ала
келсін
Қуанышқа құшағың тола
берсін.
Ескі жылың есіркеп
көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала
берсін!
Би
«Ақшақарлар»
Төрлетіңдер,
төрлетіңдер,
Шырша сәнін
көріңдер.
Әсем ән мен би
билеп
Күй - жырларын төгіңдер.-дей
келе
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген
үн,
Қанаттана кең алқапқа
тарайды
Ән «Қыз бала гүл» орындайтын
Диас
Жүргізуші
Ал, Жаңа
жыл!
Келген қадамың құтты
болсын!
Сән әкелген жыл бақыт жылы
болсын!
Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы
болсын!
Ән. «Жаңа жыл ». Орындайтын 3Б сынып оқушысы
Сүлеймен Іңкар
Жүргізуші: Жаңа жылым жол
болсын,
Басқан қадам оң
болсын,
Төрлет, төрлет Жаңа
жыл
Бізге құтты жыл
болсын!
Би. «Жаңа жыл биі». Орындайтын 3Б сынып
оқушылары.
Жүргізуші:
Жаңа жылға арналады жаңа
жыр,
Жаңа жылда шақырады бар
өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді
ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа
жыл!
Би Жатар
биі
Жүргізуші:
Жаңа 2019 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!. Жаңа жыл
әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып
келсін!
Мың бұралған ақ
қайыңдай,
Қыздар шықсың
ортаға.
Ал, ендеше қол
соғайық,
Қошеметпен қарсы
алайық.
Би 3а сынып
оқушылары
Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақша қар екеуіміз
тамаша дем алдық, ойнадық, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз
көп. Сендер сияқты талай қонақтар тағатсыздана тосып
отыр.
Иә, Аяз ата
халқымызға бата бере кез келді ғой
деймін.
Аяз ата: бата
береді.
Жаңа жылдарың
құтты болсын!
Денсаулықтарың
мықты болсын!
Аспандарың
ашық, жұлдыздарың жарық
болсын!
Егеменді еліміз
көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа
табысқа жетіңдер! Әумин!
Ал, балалар біз
Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар
балалар!
Ақша қар: Сау
болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда
кездескенше.
Барлығы: Сау
болыңыздар, Аяз ата, Ақша
қар!
Жаңа жылға
арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда
шақырады бар өмір,
Бақыт болып,
жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын,
құтты болсын жаңа жыл!
---------------------------------------------------------------------------------------------------
Жаңа жыл – Доңыз жылы әрбіріңіздің
отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке қуаныш пен мереке
алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Жаңа Жыл құтты болсын
Құрметті ата - аналар, қонақтар және
оқушылар. Жаңа 2019 жыл - "Доңыз жылы" бәрімізге құтты
болсын!
Барлығы: Жаңа жыл құтты
болсын!
Жүргізуші:
, Жаңа жыл, жаңа бақыт
ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да
нұрысың
Адамдардың асқақтаған
арманы
Ақындардың таусылмайтын
жырысың.
Құттықтау сөз ата - аналарға
беріледі.
Сау
болыңыздар!