400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мерекелік іс-шара: "Күз мереке,күз береке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада жұмыс жасайтын барлық тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 12 «Ақбөбек» ортаңғы тобының балаларына арналған күзгі мерекесінің сценарийі

Балалар музыкамен залға кіреді.Зал әсем безендірілген.

Жүргізуші: Құттықтау сөзі.

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды.               

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді дей отырып,
№12 «Ақбөбек» ортаңғы тобының «Алтын күз» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?

Балалар біздер бүгін қандай мерекені тойлауға келдік. (Күз меркесін)

Олай болса,балалардың орындауында «Күзгі жапырақтар» әнін қабыл алыңыздар!

Қараңдаршы балалар!Бүгін біздің зал қандай әдемі!Жан-жақтан залымызға түрлі түсті жапырақтар ұшып келді!Бүгін біздерге кім келеді қонаққа?

Балалар:Күз ханшайымы келеді!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар ! Ендеше барлығымыз «Күз ханшайымын» қол соғып қошеметтеп қарсы алайық

(Әдемі музыка мен залға Күз ханшайымы кіреді.)


Күз;Сәлем өрең достарым!

Өмірге көп қосқаным!

Молайтыңдар шаттықты,

Ән айтыңдар бақытты!

Амандасады. Сендердің дауыстарыңды ,әдемі әндеріңізді естіп келдім.

Жүрг:Құрметті Күз ханшайымы! Біздің ортамызға қош келдіңіз! Біздің балалардың өнерлерін отырып тамашалаңыз. Бүлдіршіндеріміздің мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!


Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келді деп жар салып, Арсен

Күзгі суық басталды


Біреуі астық түсіріп,

Біреуі бидай ушырып. Жұлдыз

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсіріп.


Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға, Аягөз

Шақырады біздерді.


Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді Томирис

Кемелденді халқымыз


Жүргізуші:Ендігі кезекті тақпақтарға береміз.


Жапырақ ұшты

Суық түсті

Сонда да бізге Ерсін

Қызық көп күзде


Биыл жаңбырлы жаз болды,

Ал , күзде қоймаға дән толды.

Көкөніс жемісті жинап – ап, С.Раяна

Елімде көңілді той болды.



Бидай толды қырмаға,

Алтын таулар секілді. А.Раяна

Сап сары боп тұрғанда,

Күз келді,сары күз келді.

Күз: Өте, тамаша! Енді менде өзімнің кішкентай ханшайымдарыммен би билегім келіп тұр.

Күз ханшайымы музыкамен қыздарға жапырақтар таратады.Қыздар Күзбен бірге «Жапырақтар» билейді.

Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші. Күз ханшайымы біздің қыздарымыздың биі ұнады ма?

Күз: - Әрине, қандай өнерлі балалар!

Жүргізуші: Тақпақтар


Алты – сары қызыл көк

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп Иса

Көз тартады атырап

Дәнге толы қызыл қырман,

Қырман басы қызыл дұман. Еркежан

Мөлдіретіп жүзімдерін,

Келді менің алтын күзім!


Ел егінді жинайды,

Қырмаға дән сыйлайды.

Біздің дала – бай дала, О.Мадина

Алтын астық айнала.


Жаңбыр:

(Музыка естіледі, залға әдемі музыка әуенімен жаңбыр кіреді)

Жүрг:Ой балалар, міне Күзгі жаңбырда бізге қонаққа келді,қане қарсы алайық.Жаңбыр: Амандасады. Жаңбыр біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын тамашалаң!

Алты – сары қызыл көк

Алуан – алуан жапырақ Ерасыл

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз Інжу

Өлкемізге күз келді

Кемелденді халқымыз


Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер Амина

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық.


Жаңбыр ; тұрмайық,бірге көңілді ойнайық!

Ойын: «Күн мен жанбыр»

Жүргізуші: Рахмет, сізге жаңбыр! Енді біздің балаларымыздың орындауында сізге арнаған әнімізді қабыл алыңыз.

Хор: «Жаңбыр».


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, қонақтар! Ал, енді балаларымыздың әндеріне береміз.

Хор: «Күз жомарт».


Күз: Рахмет, балалар, сендерге! Қандай тамаша , өнерлі балалар! Мерекеге өте жақсы дайындалған, енді мен өзімнің достарыммен кетуім керек. Сендерге әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңыздар.

Осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз қош сау болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі