Тақырыбы:
Қыз - өмірдің гүлі
Мақсаты:
қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптуге
үйрету;
Көпшілік
алдында өзін ұстай білуге, әдептілікке,
мейірімділікке,сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
мерекелік газеттер, нақыл сөздер, шарлар.
Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы
ата-аналар, көрікті де, сұлу қыздарымыз
және батыр да, батыл жігіттеріміз! Бүгін
сіздер қыздар күні мерекесіне жиналып,
өнерлерін тамашалауға келіп отырсыздар!
Қош келдіңіздер!Емен жарқын болайық.
Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілері-ңізден
інжу-маржан шашылсын!
Құрметті бойжеткен
арулар, бүлдіршін қыздар, сіздерді
мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Қыз сұлу көрінеді
қылығымен,
Жарыса төгілген
қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың
белгісі осы
Қыз сұлу көрінеді
білімімен.
Мың бұралған арулар
аңдап басып,
Келеді міне ортаға
толқып тасып
Аруларын сыйлаған
халқым менің,
Көңілді қошеметпен
қарсы алайық!
Аңқылдаған ақ
көңілмен
Гүлдей жайнап
әдемі қыз.
Озамын деп нық
сеніммен,
Шықты ортаға
Айнара.
Шашы ұзын, көрікті
қыз тағы бар
Қанеки бәрің бері
қараңдар
Дидары атқан таңдай
арайлы
Қарсы
алайық бұрымды қыз Жанельді
Қара шашты, қос
бұрымы жарасқан
Қыпша белі тал
шыбықтай бұралған
Қарсы алайық
Жансаяны қошеметпен
Өнерімен көрерменді
таңқалдырған.
Көптен күткен
қыздар келді арайлы,
Келесісі кім деп
жұртым қарайды
Көркем қыз Еркежаннан
әрдайым
Қуаныш пен шаттық
күлкі тарайды.
Бесінші қыз білімді,
Меңгерген бар
ілімді
Аружан қыз елгезек,
Алады тез тіліңді.
Келесі қыз толған-ай,
Айдай көркем
болғаны-ай.
Сабина қыз өнерлі,
Төгеді бар өнерді.
Жүргізуші:
Өнер қуып қыздарымыз
өтер деймін,
Бір басына өнері
жетер деймін
Таныстырсын
өздерін,
Тамылжытып сөздерін.
Бірінші қыздан
бастап өздерін таныстырып шығады.
Таныс болдық арулар
тегіменен,
Туып-өскен мекені,
еліменен.
Маған тартқан бәрі
ақын көрінеді
Таныстырып кетті
ғой төгіп өлең.
ІІ-бөлім
1. Оюлар сыр
шертеді.
«Ою
ойғанның ойы ұшқыр»
дегендей,
қыздарымыз ою өнерін көрсетеді
.
Сегіз қырлы , бір
сырлы,
Біздің қыздар
өнерлі
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты
Ою сынды өнерді.
Ән шашу:
Мектепалды сыныптың орындауында ән
«Топ,топ, балақан!»
-
Халқымызда қыз баланың ұқыптылығын,
шеберлігін, сүйкімділігін, жанының
нәзіктігін, өнер-білімге бейім тұратынын
жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін
нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен.
Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей» т.б.
-
«Қыздарды қалай сыйлаймыз» деген ойын
бөлім. Сыныптас ұлдар жағдаяттарды
шешеді.
2. «Менің қуырщағым»
- Қыздардың жақсы
көретін ойыншығы – қуыршақ. Осы бір
жансыз дүниелер тәрбиенің бір құралы
емес пе?! Қыздарымызды қызықтыратын
қуыршақтар әлемі олардың ішкі сезімін
оятады, әдептілікке, әсемділікке
тәрбиелейді. Шеберлік пен еңбексүйгіштікке
үйретеді.
Ендеше келесі
сайыста қыздарымыз өз қуыршақтарымен
таныстырады.
Белсенділік
танытқан көрермендер қыздар туралы
мақал-мәтел айтады.
Ән шашу:
Мектепалды сынып орындауында «Кап-кап,
тук-тук-тук!»
3. «Өз өнері»
- Кедеймін деп
қысылма,
Өнерің болса
қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр
жолында.
Меркекде ән салайық,
би билейік,
Өнермен өрге басып
кідірмейік.
Бүлдіршін
қыздарымыз өз өнерлерімен таңқалдырады.
Өнерлерін
көрсетеді.
4. «Таңқалмаңыз!»
Өнері өрге жүзер,
таңғалмаңыз!
Таланты талмай
ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі
- өнер аты,
Шарпып өтсін
лебімен, таңғалмаңыз!
Қыздарымызға
жұмбақ жасырамыз ...
Жүргізуші:
- Халық арасында
қызды ажарына қарай әдемі қыз, көрікті
қыз, шырайлы қыз, әсем қыз, сұлу қыз,
ажарлы қыз, ару қыз деп бөлген.
Біздің
де қыздарымыз дәл осындай атқа әбден
лайықты. Қыздарымызды марапаттау үшін
ортаға ұлдарымызды шақырамыз.
Марапаттау.
Бақытың бастан
кетпесін,
Жамандық қуып
жетпесін.
Әсем күлкі жүзіңнен
Өмір бойы кетпесін.
Назарларыңызға
көп рахмет. Қош, сау болыңыздар.