Тәрбие
сағат тақырыбы: «Отаным
-Қазақстан
»
Тәрбие сағат мақсаты: Желтоқсан
көтерілісінің сипатын насихаттай
отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі
есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,
жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру.
Тәрбиеші; Құрметті
балабақша ұжымдары, ата-аналар, балабақша
бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан
мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол
жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан
оқиғасымен келген, тарихымызда алтын
әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік
күні»
мерекесіне арналған Отаным-Қазақстан»
атты ертеңгілігімізді назарларыңызға
ұсынамыз.
Қазақтың ұлттық киімін
киген балалар қолдарына жалауша ұстап
музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұраны орындалады.
Кәусар:
Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Медина:
Аласармас
аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың
желі еседі.
Мухаммед:
Әнді алысқа
жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік
ұлы күнді.
Ермахан:
Маған қымбат
ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың
таң нұры.
Батырхан:
Сарыарқаның
даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа
қолы жеткен күн.
Кәусар:
Бостандығым
тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы
айналған бақтан күн.
Айсұлтан:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын
жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі
бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Амина:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға
ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат
күнім.
Дияс:
Балабақша серпін
нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік
еркіндік.
Мухаммед:
Тәуелсіздік
– ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін
және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Ән» Қошақаным»
Медина: Егеменді ел
бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты
болсын қуаныш!
Хор: « Менің Қазақстаным»
Туған халқымыздың тарихын, батыр
ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің
байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз
жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,
көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат
болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға
біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты
күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,
жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған
ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың
лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа -
ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне
тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар
естиярлар тобының дайындаған
«Отанымыз-Қазакстан» атты ертеңгілігіміз
аяқталды.
«Шал
ақын ауданының Кеңес орта мектебі»КММ
«Айналайын»
шағын орталығы
«Отаным
–Қазақстан»
Ертеңгілік
Тәрбиеші:
Сайдалина
Г.Б
2018-2019
ж