15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік іс-шара тақырыбы: "Таңғажайып Жаңа жыл"
Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады жаңа жылдық шыршамыз
Әнде бар, би де бар асығыңдар
Көтеріңдер көңілді құр тұрмаңыз
Басталады жаңа жылдық шыршамыз
Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыз,
Өнеріне тәнті боп тамсаныңыз!
Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.
Жүргізуші:
Жаңа кешті бастаңдар! Балалар міне
көптен күткен шырша да ортамызға келді.
Қараңдаршы, қандай әдемі шырша. Бұл
шыршаны бізге Аяз ата сыйға беріп
жіберіпті. Балалар бұл жаңа жылдың
белгісі. Балалар келе жатқан доңыз жылы
баршамызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін.
Бірақ шыршамыз көңілсіз, қане менің
сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің
әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі:
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды
жарқырат! 3 рет (шыршаның шамы
жанбайды)
Жүргізуші:
Жаңа
күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай
Шырша тұрар мәңгілік
Мухаммед Жаңа жыл, жаңа жыл,
Бақыт жылы болғайсың.
Бізге беріп жаңа жыл,
Бізден алғыс алғайсың.
Кәсар: Көңілде көп қуаныш ,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Айсұлтан: Келді жылым бақытым
Кемелденді уақытым
Сәлем саған жаңа жыл
Жаңа бақыт жаңа жыр
Еркегүл: Аппақ талға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Батырхан:
Жаңа
жыл келгенде,/
Қуанып
қарсы аламыз./
Аяз Ата
келгенде,/
Би билейміз,
ән саламыз
.Дияс: Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Ермахан: Аспан жерге төгілді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы, жылда Жаңа жылға бізге
қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың
жауабы)
Балалар:
Аяз ата
Жүргізуші:
Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата!
(қоян
жүгіріп келеді)
Қоян:
құтқарыңдар, құтқарыңдар мені қасқыр
қуып келеді
Қасқыр: Тоқта бәлем, тоқта. Мен сені жеймін
(Қасқыр шыршаға соғылып құлап қалады.)
Қоян: ой, қасқыр есінен танып құлап қалды. Енді нестеймін. Қасқыр тұршы.
Дәрігер шақырыңдар, дәрігер!
Дәрігер киінген бала келіп, жүрегін тыңдап, екпе салады.
(Қасқыр көзін ашады)
Қасқыр:ой, қандай әсем шырша. Мына жерде жаңа жыл тойы болғалы жатыр ма?
Жүргізуші: Иә, Қасқыр. Сен қоянды жеме. Жаңа жыл болса келіп қалды. Балалардың өнерін тамашала.
Қасқыр:
О, жаңа жыл дейсің бе? Бізде қарсы аламыз
ба? Жарайды, қоян мен сені жемеймін.
Керемет мен келісемін. (Екеуы шыршаны
айналып билейді)Екеуі:
біз доспызЖүргізуші:
екеуін шыныменде дос болдыңдар ма?
Ендеше балалармен бірге ән айтып би
билеңдер. «Кішкентай Аяз аталар » биі
Жүргізуші: балалар екеуінің достығына арнап өлең жырымызды айтайық
Түлкі: Түлкінің бірімін
Ұсақ емес ірімін
Орман кезіп шарқ ұрып,
Қоянды іздеп келемін
Ұзын құлақ ақ қоян
Өзі сондай сақ қоян
Шыға келсең алдымнан
Шап берем де жеп қоям. Мен қоянның тәтті иісін сезіп тұрмын. А мына жерде отыр екенғой. Мен сені жеп қоям қазір.
Түлкі қоянды тап беріп ұстап алады.
Жүргізуші:тууй, сендерге не болған барлығын қоянды жегілерің келеді. Қане жігіттер қоянға көмектесіңдер
Ұл балалар түлкінің құйрығынан тартып қоянға көмектеседі.
(Түлкінің құйрығы жұлынып қалады)
Түлкі: ой, балалар құйрығымды беріңдерші.
Балалар: Сен қоянды босат. Сосын сенің құйрығыңды қайтарып береміз.
Түлкі: Жарайды балалар қоянды босатайын.
(Түлкі қоянды босатады)
Түлкі: рахмет балалар мені кешіріңдерші. Енді қоянды жемеймін. Одан да Аяз атаны табайық, жаңа жылды бірге қарсы алайық
Қасқыр: иә, түлкі балалардың шошытпайық көңіл көтерейік.
Жүргізуші: барлығымыз бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық
Балалар : аяз ата Ақшақар (3рет айқайлайды)
(Аяз ата киімін киген аю кіріп келеді)
Аю: армысыңдар балалар. Бармысыңдар. Мен сендерге асыға жеттімғой. Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші: балалар, мынау кім өзі, а. Ақшақар ма балалар?
Балалар: жоқ аю
Жүргізуші: Әй, аю сен Ақшақар емессің.
Аю: Иә,иә менАқшақармын. Таң ертең асығып бетімді жумап едім.
Жүргізуші: жарайды, ендеше. Ақшақар болсаң бізбен ойын ойнайсың ба?
Осы кезде аюдың киімі шешіліп қалады.
Қоян: балалар, қараңдаршы мынау Ақшақар емес қой.
Түлкі: ойбай, құтқарыңдар аю барымызды жеп қояды қашыңдар!
(Балалар мен аңдар шыршаның артына тығылып қалады)
Аю: балалар менің қарным аш. Сендермен жаңа жылды бырге тойлағым келіп еді. Жүргізуші: балалар аю нені жақсы көреді?
Балалар: аю балды, балықты жақсы көреді.
Жүргізуші: қане балалар бізде балық , бал бар ма (Балалар аюға бал мен балық береді)
Аю: рахмет балалар сендерге. Енді мен ешкімге тиіспеймін. Мені орталарыңа қосасыңдар ма
Түлкі: әрине, айеке кел барлығымыз балалар қане арқан әкеліңдер!
Жүргізуші: жарайды балалар өнерімізді жалғастырайық. Ақшақар келгенше.
Қасқыр: балалар, сендердің араларыңда орман аңдары бар ма?
(Түлкі мен қоян аңның киімін киген балаларды ортаға алып шығады)
Би «Кішкентай Аяз аталар»
Жүргізуші: ал, енді ақшақарды шақыратын уақытта жетті.
Аю: балалар рахмет сендерге көңілім бір көтеріліп қалдаы. Біз енді кетейік (Аю, қоян, түлкі үшеуі кетіп қалады)
Балалар , Ақшақар деп айқайлайды
(Ақшақар келмейді)
Жүргізуші: балалар мен Ақшақарды шақыратын сиқырлы сөзді білемін. Соны айтып шақырмасақ, Ақшақар келмейді. Бір, екі, үш . Ақшақар бізге ұш деп айтайық.
Балалар: бір, екі, үш . Ақшақар бізге ұш
(Ақшақар әндетіп келеді.)
Ақшақар: балалар бүгін қандай әдемі шыршаның жанында , әдемі киімдеріңмен құлпырып кетіпсіңдер.
Бырақ мен қапаланып тұрмын.
Жүргізуші: неге
Ақшақар: балалар мен орманда жүріп, Аяз атадан адасып қалдым. Енді олсыз жаңа жылды қалай қарсы аламыз.
Ақшақар жылайды
Жүргізуші: балалар, бір нарсе ойлап тапсаңдаршы. Нестейміз енді.
Ерасыл: таптым, таптым Аяз атаны шақыратын сиқырлы сөз айту керек.
Жүргізуші: Айта ғой
Мухаммед: Аяз ата келіп тұр, Сәлеміңді қайтейін
Бізге сәлем беріп тұр. Кәмпит жегім келіп тұр.
Жүргізуші: балалар бұл сиқырлы сөзге жата ма?
Балалар: жоқ
Жүргізуші: ендеше сиқырлы сөз ойлап табайық
(балалар өз беттерімен сиқырлы сөз ойлап табады)
Балалар: абрака дабрака аууууу, абрака дабрака аууууу, абрака дабрака аууууу
(Аяз ата келеді)
Аяз ата Ау, амансың ба ұлдарым, амансың ба қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем жырларың,
Аталарын сендерге шаршап келді алыстан,
Өздеріне оралдым, бар сыйлығым жоралғым,
Керемет бір ән тындап, келіп тұр ау демалғым.
Жүргізуші: келіңіз , төрлетіңіз, төрге еніңіз! Сізді балалар асыға күтіп отыр.
Аяз ата: Ақшақар сен неге қапалысың?
Ақшақар: Мен қапалы болмай қайтем. Сізден адасып, қалдым. Енді сізді көрмеймін ба деп, қатты уайымдадым.
Аяз ата: а, жарайды. Мен қасыңдамын..
Жүргізуші: Аяз ата ол балалардың арқасы. Иә балалар.
Балалар: иә
Аяз ата: жарайды мен шаршадым. Өнерлеріңді аямаңдар. Бір сергіп қалайық
Жүргізуші: балалар естисеңдер ме? бір дауыс естіледі.
Ит: - Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.
Жүргізуші: - Рахмет ит жылы ! Сенің жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетті. Олай болса бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?
Музыкамен Жаңа жыл кіреді. Шыршаны бір айналады.
Балалар ит жылы мен жаңа жылды ортаға алады.
Ән: «Жаңа жыл» (Дала аппақ)
Жаңа жыл: - Балалар мереке думандарың құтты болсын!
Ит жылы: - Жаңа жыл, мен енді өзімнің мекеніме қайтадан ораламын, Сенің жылың да сәтті жыл болып кірсін, балалар ешқашан мұңаймасын! Мына менің мойнымдағы жыл белгісін саған табыстайын. Мені ұмытпай естеріңе ала жүріңдер. Сау болындар!- деп залдан шығып кетеді.
Барлығы: қош бол, Ит жылы, қош бол!
Жүргізуші: балалар, Доңыз жылы бізге не жақсылық әкеледі?
Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа бақыт
Доңыз: амансыңдар ма балалар! Бйыл менің де жылым келіп жетті. Менің жылым барлық елге жайлы жыл болмақ. Еліміз тыныш болады. Ақ мол болады. Ауа –райы бір қалыпты жылы болады.
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жылым!
Көп болар жаңалығың
Жаңа нұн күттім досым,
Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Ал төрлет жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім!
Мухаммед: - Жаңа жылда жол болсын!
Медина: - Әрбір үйде той болсын!
Ермахан: -Берекелі жыл болсын!
Айсұлтан:- Мерекелі жыл болсын!
Батырхан: Дастарқанымыз мол болсын!
Кәусар: Отанымыз тыныш болсын!
Еркегүл: Отбасымыз аман болсын!
Барлығы: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Аяз ата: жарайды олай болса менің сыйлық таратар кезім келді.Орманда шанамда сыйлықтар қалып қойыпты. Қасқыр, қоян, түлкі , соны алып келіңдер!
Үшеуі сыйлықтарды алып келеді
Сыйлықтар таратылады
«Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебі»КММ
«Айналайын» шағын орталығы
«Таңғажайып жаңа жыл»
(ертеңгілік)
Тәрбиеші:
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген