Тәуелсіздік
– жеріміздің ғажаптығы.
(ҚР
Тәуелсіздігіне арналған мерекелік
шара)
(Зал
мерекеге сай безендірілген. Музыка
ойналып тұрады. Ортаға немересін
жетектеген ата шығады. Олар Астана
қаласын аралап жүреді. Слайд арқылы
Астана бейнесі көрсетіледі. Тәуелсіздік
монументінің қасына келіп тамашалап,
біраз қарап тұрады да дем алуға отырады.
Осы кезде немересі атасына сұрақ қояды.)
Немере:
Ата,
ата! Мына ескерткіште не бейнеленген?
Ол не үшін, кімдерге арналып тұрғызылған?
Атасы:
(күрсініп)
Е,
балам – ай, бұл – біздің бабаларымыздың
асыл мұраты, аяулы арманы болған
«Тәуелсіздік монументі» ғой. Егемендікті
аңсап кеткен ата – бабаларымыз
қаншама!Сонау Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Райымбек сияқты батырларымыз
найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап
кеткен қасиетті жер мекен енді сендерге
аманат, құлыным.
Немересі:
Сонда тәуелсіздік деген не?
Атасы:
Тәуелсіздік деген – біздің еркіндігіміз.Бұл
тарихи құжатта еліміз бұдан былай
тәуелсіз, демократиялық мемлекет болып
саналады. Бірақ бұл бізге оңайлықпен
келген жоқ. Ал, бүгін міне тәуелсіздігімізді
тағы да атап өткелі жатырмыз. Еліміз
қызу дайындық үстінде.
(Сахнаға
биші қыздар шығып,өз өлеңдерін айтады)
Қыз:
Мерейім нұрлана бер азат күнім
Көрейін
бақытымның азаттығын,
Таңымды
тамылжытқан бостандықтан,
Танылды
бар әлемге қазақ бүгін.
Қыз:
Кең далам,көл-дариам, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді
ерлікпен небір жауын.
Байрағым
желбіреп тұр биіктерде,
Байладым
тәуелсіздік-өмір бауын!
(Қазақ биі)
(Музыка
әуен ойналып сахнаға атасы мен немересі
шығады)
Немересі:
Ой,ата! Мынау неткен керемет еді!
Атасы:
Иә, балам! Бұл біздің Астанамыздың
рәмізі «Бәйтерек».
Бұл
да бір тәуелсіздігіміздің жетістігі.
(Сахнаға жастар
шығады)
Ата:
О,тәуелсіздігіміздің құрдастары.
Жастар:
Мынау немереңіз болар?
Ата:
Иә,дәл өзі!
Жастар:
Қалай, Астана ұнады ма?
Немере:
Сөз жоқ, керемет екен.
Ата:
Е,қарақтарым! Өркендерің өссін! Еліміздің
болашағы сендердің қолдарыңда. Қайда
жүрсендер де аман болыңдар!
Жастар:
Рақмет,ата! Айтқаныңыз келсін!
Немересі:
Ата, мен де осы ата – бабаларымыздың
үмітін ақтап, болашақта елімнің азаматы
деген атқа лайық боламын!
Тәуелсіздік-
халқымыздың мақтандысы
Тәуелсіздік-
еліміздің
жаттандысы
Тәуелсіздік-ұлтымыздың
азаттығы,
Тәуелсіздік
–жеріміздің
ғажаптығы.
(Сахнаға
барлық қатысушылар шыға)
Жастар:
Тәуелсіздік - ата тарихымызды , ана
тілімізді, дінімізді, даламызды қаз-қаз
тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен
жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді
қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім»
деп желпілдетіп ата-жұртын сүйдірді.
Жастар:
Аз уақыттың ішінде елімізді, халқымызды
шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп,
бірде жығылып жүрген қазақ елі, енді
еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамын
нық басатын болды.
Ата:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің
жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік
ел бақыты, ертеңгі,
О,
халайық, құтты болсын қуаныш!
(Ән «Атамекен»)
Жасыл
жайлау тікті кілем,көк кілем
Көк
кілемде көп ойнаймын,көп күлем.
Айдарынан сипап
өткен самайды,
Қазағымның алақаны
деп білем.
Қ-сы:
Қайда жүрсең
атамекен,
Көкейіңде
жатады екен.
Күннің көзі
шуағына,
Қимай оны
батады екен.
Жасыл жайлау тікті
кілем,көк кілем
Көк кілемде көп
ойнаймын,көп күлем.
Асқар тауым
аспанымен таласқан,
Қазағымның мәртебесі
деп білем.
Қ-сы: