Төрлет, Құтты Жаңа
жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды
татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық
бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз
қолдарында екенін түсіндіру.
Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Армысыздар ардақты
ата-аналар, ұлағатты ұстаздар!
2-
жүргізуші:
Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 -
жүргізуші: Бүгін
бізде
жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмеген де арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
2 –
жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1 -
жүргізуші: Нұрсауле,байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз
көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қораптағы не болды
екен?
2 –
жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа
жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік.
-Дәулет, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен
қорқып тұрмын.
1 -
жүргізуші:
Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде
қораптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші
Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қораптың аузын ашқанда клоун атып шығады)
Клоун : Сәлем саған, туған ел!
Сәлем, сәлем достарым!
Клоун: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда
ғой.
Жаңажылдық ойын: Шарларға бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, жаңа жыл тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
Клоун:
-Ой, ой,ой біздің
сыныптас достарымыз көрінбейді ғой.
Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп
келейік қане?!
Ертсек, ертіп келейік.
(клоун шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды(вальс) (оқушылар шыршаны айналып
«Жаңа жыл»
биін орындайды).
1 -
жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз
көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат
салысайық.
2 –
жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп,
баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға
рұқсат етіңіздер!
Ән:_Жалғасбек Дильназдың
орындауында:_Жаңа жыл
әні_
1 -
жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңа жылым!
Ит жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар
алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы
ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім
ұясының білікті басшысы, мектеп директоры
Қаржаубаев
Руслан_ағайға береміз.
Рахмет ағай, біздің бастауыш сынып
оқушылары тек қазақша ғана емес,ағылшын тілінде де ән
шырқайды.Сіздің құрметіңізге
Ән:_Бітімбай Қырмызының
орындауында_Жаңбыр
әні.
2 –
жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне
сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді
Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,
1-жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын,
тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(соңғы сөйлемді екі жүргізуші бірге айтады)
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
2 –
жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз
Ақшақар!
1 –
жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар!
Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, бастауыштың өнерлі
өрендері келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?
2 –
жүргізуші: Олай болса, 4 сынып
ұжымын «Джингл белс
»биімен ортаға шақырамыз.
(Рахмет достар,өнерлерің өрге жүзсін.)
1 –
жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің
тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
Елочка
әнімен 3 сынып оқушысы :Әнуарбек
Балжанды шақырамыз.
2-жүргізуші:-Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Тауық жылын шығарып салайық.(осы кезде ортаға тауық келеді)
-Балалар,тауықтың шөжелері де өз өнерлерін
көрсетпекші,
«Шеп, шеп,
шөжелерім»
Көк шалғында жайылым
бар,
Тез келіңдер
жайылыңдар,
Әлі - ақ, өсіп
толарсыңдар,
Ақ тауықтай
боларсыңдар
олай болса ортаға Шөжелер биімен 1 сынып қыздарын шақырамыз.
Тауық
жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
1-ж: Біздің елде өткен жылы,
Тауық жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Тауық жылы,
Қош, аман бол көргенше.
2-ж
Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.
Келесі кезекте аудандық
әуез мектебінің шәкірті,өнерлі өреніміз
Мұхаммедәлі баян аспабымен өз өнерін
көрсетеді.Не летай соловей
әні және Ах,улица
широкая.
1 -
жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Құрметпенен ортаға
Жаңа жылды шақырамыз.
(Ортаға Жаңа Ит жылы келеді.)
Ит туралы қызықты деректер.Ит–
жеті қазынаға жатады.. Әлемде иттің 703 түрі бар. Иттер
250 сөз бен қимылды есінде сақтай алады. Тіпті беске дейін санап,
қосу-алу секілді қарапайым есепті шеше алады. Оның зеректілік
деңгейі екі жасар баламен бірдей. Адамға қарағанда иттер
дауысты 10 есе жақсы естиді, ал иісті 100 000 есе жақсы
сезеді. Жаңбыр жауғанда иттердің тасалайтын жер іздеп жүгіріп
жүргенін көреміз. Олар су болып қалудан қорықпайды. Жаңбырдың
дауысы сезімтал құлағына кері әсерін тигізуінен сақтанады.
Олар біздің эмоциямызды түсінетін бірден-бір жануар. Оған көз
жүгірте бір қарағанның өзінде қуанып тұрғаныңызды,
мұңайғаныңызды, ашуланғаныңызды, ұялғаныңызды бірден сезе
қояды.
Ит
жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ит боламын Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.
Тауық:
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бар істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.
Ит:
Тауық жылының
мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.
Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.
2-жүргізуші: Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең
болғаны.
Күшіктер
биімен ортаға 2кл жігіттерін
шақырамыз.
2 –
жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден
асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір әнге
берейік.
Келді,міне жаңа жыл
әнімен 1 сынып оқушылары:Қуанышбай
Адия мен
Нұрберді Аружанды
шақырамыз.
1 –
жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.
(тақпақтар )1 сынып
оқушыларының Жаңа жылға арнаған
жыр-шумақтары.
2-
жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қолқалап.
Қуыршақ биі. 2класс
қыздарының өнерін
тамашалаңыздар.
1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша әнге
берейік.
Шырша жыры 1 сынып
оқушылары Ізтілеуова Кенжегүл мен
Шамшадинова Дананың орындауында,қабыл алыңыздар!
Рахмет қыздар.
2 –
жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз
кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көшімбетов
Сұлтан ағайға береміз. (рахмет ағай).
Орындалар сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың
құрметіне арналады.
«Маленький принц »
1сынып жігіттерінің
орындауында
1 –
жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл
тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз күні бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтамас.
ән:Маленькой елочке 2 сынып оқушысы Жаңаберген Дильназ,қабыл алыңыздар!
1 –
жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар!
Бағанадан бері алдарыңызда әдемі ән,бимен әдемілік сыйлаған
өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші
ұл-қыздарымыз әлі де көп көрінеді. Ортаға 3 сынып оқушыларын
шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай
қарайсыз?
топтық би
3сынып
-рахмет, не деген би десейші,Нұрсауле!
-иә,Дәулет,дұрыс айтасың.
2 –
жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр
күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтінің түзу шықсын, жалпақ жұртым.
Ән: Нұрила мен
Жігердің орындауында «
»
Ал, Аяз ата, Ақшақар!
Асығып тұрған секілдісіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар
тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
2 –
жүргізуші: - Ия, Аяз ата, мына халқыңызға
бата берер кез де келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)
1 –
жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар
ауысып,
Тауық жылы мен Ит жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
2 –
жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!
Хор: Қош келдің, Жаңа жыл!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік сабақ

шағым қалдыра аласыз