15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекелік шара "Алтын күз"
Тақырыбы: «Сәлем алтын күз.» Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балалар музыкамен залға кіреді. Жүргізуші: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз. Құрметті ата-аналар, балалар «Сәлем алтын күз » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Құттықтау сөз. -Балалар ,біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа аттанамыз.Күз ханшасының патшалығына барамыз.Жолға біз қымбат жүктерімізді ала барамыз: күлкі мен әзіл, ән, би, өлең.Әйтпесе,бізді күз патшалығы қабылдамайды.Онда бару үшін көзімізді жұмып сиқырлы сөз айтуымыз керек. Бір, екі, үш ертегілер еліне жеткіз! Көздеріңді ашыңдар, міне біз де келдік. Күз ханша шығады. Жүргізуші: Алтын көйлек жақұттай, Жарқыратты бұл залды, Бейне ғажап ханшадай Ашатын сәнмен әр балды. Күз ханша: Мен алтын күзбін, Достарым менің құрметім. Көптен сендермен кездесуді Асығып күтіп жүргенмін. Мен барлық жерге сұлулық сепкен Жерге төсеп алтын кілем Қараңдаршы ,алтын орман, алтын алқаптар Алтын сәуле күннің де нұры Тек күзде көресіңдер мұны. Жүргізуші: Рахмет, алтын күз! Сен біргесің бізбен, Қуантайық сені өлең, би, әнменен. Ән: «Жапырақтар» Ойын: «Жапырақтар жинау» Жүргізуші:Балалар күз ханшасына арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік
Тақпақтар:
Тұрлан:
Ой Балалар,балалар
Қоңырқай күз келді
Қурап жапырақсолыпты
Ел егінін орыпты.
Әмірхан:
Сары ала тон жамылған
Күз мезгілі секілді
Қойны толы тәтті нан
Тәттісі көп не түрлі.
Жасмина: Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жаққа жауады.
Күн бірде суытып,
Жауын көп жауады.
Дария:
Астық дала дәулеті,
Астық отан сәулеті.
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Санжар:
Жарқыраған, жайнаған
Сары бояу айналам.
Жарқын күздің бояуы,
Дәл осындай болады
Жүргізуші: Мерекемізді одан әрі жалғастырайық, ортада әсем биді бастайық.
Би: «Қолшатыр»
Айқай естіледі.
Қарауыл: Жіберіңдер мені, жіберіңдер.
Күз ханша: Бұл не шу.Кімнің батылы барды менің мерекемді бұзуға?
Қарауыл: Мен, мен қарауылмын, жаз бойы жемістерді, егістерді отап кетпесін деп қарауылдаймын.Менің де балға қатысар жайым бар шығар.
Күз ханша: Сен кімсің, қайдан келдің,неге мына түріңмен балға келдің.
Қарауыл: Киінбесем де сәнденіп, бақша-баудың күні бойы қауіпсіздігін қаладым.
Күз ханша: Сөйлегенше жұмбақтап
Жетер енді сұрағыма жауап қат.
Қарауыл: Ханшам мен қаңғыған біреу емеспін
Мен еңбекшіл қарауылмын,
Бау-бақты алқапты күзетемін.
Қол үзбей еңбектенемін.
Ал, мені киімің жаман деп балға кіргізбейді.
Жүргізуші: Ренжіме бау-бақшаның қараушысы. Біз бәрін де түсіндік. Мерекенің құрметті қонағы болыңыз.Қош келдіңіз біздің балаларымыздың әсем өлеңдерін тыңдаңыз.
Ән: «Жемістер мен көкөністер»
Тақпақтар:
Жасмина:
Мен әдемі құлпынаймын,
Тәтті жоқ-ау дәл мендей.
Ерхан:
Мен ананаспын,
Халыққа керек аспын.
Әділбек:
Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Руфина:
Мен өрікпін,өрікпін.
Бау-бақшаға көрікпін.
Нұралі:
Алма,өрік қамбаларға,
Толтырады алтын күз.
Әсет:
Алма,өрік балы бар,
Қауын қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрің ал,
Неге аласын демейді.
Асылхан:
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай,алмасын.
Жемісі көп не деген
Жеп тауыса алмайсын.
Би: «Жемістер» Күз ханша: Ой, неткен өнерлі балалар.Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ,ойын ойнағыларын келе ме?
Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат.»
Жүргізуші: Күз ханша біздің балалар күз айларын да біледі.(күз айларын балалар айтады).
Тақпақтар:
Дидар:
Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан –алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап
Ислам:
Қамба толы астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дәм шаштықта
Қап-қап қауын алдық біз.
Сабина:
Нан анасы бидаймын,
Елге астық жинаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Кәусар:
Қайың терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылып,
Жел үрлесе қалтырап.
Жангүлім:
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін,
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Жүргізуші: Сендер бизге қонаққа кеп қалған екенсіңдер енді біздің балаларымыздың билерімен әндерін тамашалаңыздар.
Би: «Саңырауқұлақ»
Ән: «Күз-Жомарт»
Қарауыл: Мәртебелі күз ханша! Мына өнерлі балалар бізге тіпті дес берер емес, бәрі шетінен әнші, биші. Қап, барлық сыйлықтарды осылар алып қоятын болды-ау. Мүмкін осы балға келіп отырған қонақтар өнер көрсетер.
Күз ханша: Әрине, көрейік.
Ата-аналармен «Қолшатыр» ойыны
Күз ханша: Жарайсыңдар, ал енді менің де сендерге дайындаған сән үлгілерімді тамашалаңдар. (қыз балдар сән үлгілерін көрсетеді).
-Қарауыл , осы сән үлгілерінің ішінен өзіңе ұнағанын ал. Келесі балға сен де әдемі болып киініп келесің. (күз ханша мен қарауыл балалармен қоштасады.)
Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Келесі ертеңгілігімізде кездескенше сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген