400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мерекелік шара "Армысыз,Әз-Наурыз" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара
Материалдың қысқаша нұсқасы


5 «А» сыныбы 20.03.2019 ж

Мерекелік шара: «Армысыз, әз Наурыз!»

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сценарий барысы: Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.


Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын! Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі 5 А сыныбының Наурыз мейрамына арналған  «Армысыз, әз Наурыз!» атты мерекелік шарасын  бастауға рұқсат етіңіздер!

Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен,              

Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып өріскен.         

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдеп,                    

Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен  күлімдеп.

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Қошеметпен қарсы алып

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық,

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық!

( шашу шашады).

Сынып қыздарының орындауында : «Наурыз көктем» әні

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса Наурыз дәстүрлі!

Осындай байтақ елімде,

Айтылады әніміз.

Жанболат Ердәулеттің орындауында : «Қыз бала - гүл» әні


Оқушылар Шаңырақ қоғамдық бірлестігімен Наурыз мерекесі туралы ақпарат алмасып, пікір білдірсек. Ендеше, ортаға 10 Ә сынып оқушыларын шақырамыз.


Жүргізуші: Оу, халайық, халайық,

                    Биге  көңіл салайық.

                    Наурыз тойын көңілді

                    Бірге қарсы алайық!

Би: «Флешмоб».

Жүргізуші: Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіндер? Олай болса сендерді «Асық ату» ойынына шақырамын.

Ойын: «Асық ату».


                                       



   Ей, балалар, балалар        

                                          Енді маған қараңдар

                                          Наурызды тойлайық,

                                  Қызық ойын ойнайық.                              

       Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Ендеше бізде сынып ұлдарының күресін тамашалап, «Жас палуан» ды анықтап алсақ, ал сынып қыздарын шаш өруден жарыстырып көрелік. Сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.


Сайысымыздың қорытындысы дайын болғанша Алпысбай Әсемнің орындауында «Қамажай» әнің тындайық.

 

Осымен «Армысыз, әз Наурыз» мерекелік шарасы аяқталды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі