ҚМҚК «Шапағат» ясли
бақшасы
Мерекелік
шара
Тақырыбы:Берекелі Алтын
күз!
Тәрбиеші:Жұмабаева
А
2017-2018
ж
27.10.2017
Бекітілді____________________Р.Молдабаева
Тәрбиеші____________________ Жұмабаева А
Берекелі алтын
күз
Тақырыбы: Берекелі алтын
күз
Мақсаты: Балалардың
шығармашылық,қызығушылық қабілеттерін
арттырып,ұйымшылдыққа,достыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.Күз
мезгілі туралы түсінік беру.
Көрнекіліктер: күзге арналған
суреттер,шар,лента,жапырақтар.
Жүргізуші: Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Күзгі тойды жұп
жазбай
Келіңдер қарсы
алайық!
Сәлеметсідерме, қадірлі
қонақтар. Біздің «Берекелі алтын күз» ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер.Балалар,бүгін барлығымыз күз мерекесіне
жиналдық.Мерекемізге көптген қонақтар келген екен.Ал ендеше
мерекемізді көтеріңкі көңіл күймен бастайық! Алдарыңызда
бүлдіршіндеріміздің өлең шумақтарын қарсы
алайық.
Жүсіп: Сарғайды
тоғай
Сап-сары
маңай
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті
қайтып.
Жасұлан: Қарашы күз келді,күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Амирхан: Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап.
Медина: Түсіп жатыр
аулада,
Ағаштардан
жапырақ.
Айым: Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Бибінұр: Келді міне,
күз
Айнала сары
түс.
Керемет,тамаша
Қандай әсем
күз.
Би: Вальс (Нұрай-Жасұлан,
Медина-Жүсіп, Алихан-Жұлдыз,
Раяна-Нұрислам)
Жүргізуші: Жарайсыңдар
бүлдіршіндер.Балалар, бұл қандай дыбыс.
Ортаға ызғарлы желдің
дауысымен күз ханшайымы келеді.
Күз: Ой,мен қайда келіп
қалғанмын.Қатты жел мені ұшырып әкетті.Жапырақтарым да шашылып
қалды енді нестеймін.Маған жапыратарымды жинауға кім
көмектеседі.
Би: Жапырақтар
Күз:Балалар мені сыртта
жеміс-жидектерім күтіп тұр.Мен соларды ішке алып келейін. (жемістер
кіреді)
Нұрай: Мен
шиемін,шиемін
Күннің көзін
сүйемін.
Нұрислам:Мен
алмұртпын,алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың.
Алихан: Мен
өрікпін-өрікпін
Бау-бақшаға
көрікпін.
Раяна: Мен
жүзіммін-жүзіммін
Моншақ болып
тізілдім.
Жұлдыз: Пісіп тұрған
алмамын
Тамсандырар бал
дәмім.
Күз: Жемістердің бәрі
де
Денсаулыққа
пайдалы.
Мұны жатқа
біліңдер,
Оларды жақсы
көріңдер.
Балалар мен сендермен бір би
билегім келіп тұр.
Би: Тучка
Күз: Рахмет балалар.Ал енді менің
кететін уақытым болды.
Берекелі
бақ-дәулет
Арта түссін
тойланып.
Сау
болыңдар,балалар,
Келгенше жыл
айналып.
Ал,тәрбиеші апай,менің
балаларға әкелген сыйлығым бар еді.Соны сізге берейін,балаларға
таратып беріңізші.
Ойын: Алма мен бананды
ажырат.
Жүргізуші: Алтын күздің бізге арнап
әкелген жемістерінен дәм тататын уақыт болған сияқты.Ал,бүгінгі
«Алтын күзге» арналған Еркетай тобының мерекесіне уақыттарыңызды
бөліп келгендеріңізге рахмет.Сау
болыңыздар!