400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мерекелік шара "Елімнің еркінігі -Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіме аттестацияға материалдар жинақтауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Глубокое ауданы,

Опытное поле кенті

«Опытное поле орта мектебі» КММ

Өткізген: Шарипказина Динара Кабдолдановна

Сынып 0 «а»

Күні: 29.11.2019 жыл


Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік»

Мақсаты: Тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру мақсатында сабақта олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, әнұран, ту туралы білімдерін қалыптастыру. Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Балалар біз бүгін төл мерекеміз тәуелсіздік мерекесін атап өтпекпіз. Біздің Отанымыз Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Елу жылда ел жаңа демекші өмір 28 жылда көптеген өзгеріске ұшырады. Нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісімен, ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.


Күндер өтті кешегі

Жігер құм болып жасыған

Несіне оны жасырам

Әнұранымыз бүгінгі.


Әнұранды орындау:

Жүргізуші: Ежелден- ақ жақсылықты алладан күтіп болашаққа үмітпен қараған кең пейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл - көсір көңіл бұйырған. Осы қазақ халқының жері болашағы, үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев т.б аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Кәусар:

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады:

Зере:

Тәуелсіздік жолында,

Талай, талай тер тамған.

Билігі өз қолымда

Еркіндігім елтаңбам

Айша:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.


Ақнұр:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Мирас:

Ақ ниетті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі мақтаны.


Жүргізуші:

Шалқы қазақ шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ бабаларым,- демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәнгі жасасын.


Би: «Алға, Қазақстан!»


Нұрдос:

Аспанындай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.


Қырмызы:

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан – ана,

Отан – өлкең

Қазақстан – туған ел!


Нұржігіт:

Отан –сенің ата – анаң,

Отан – досың бауырың.

Отан – өлкең астанаң,

Отан – аудан, ауылың


Жүргізуші:

Бақытым Республикам Қазақстан!

Көгінде ақ когершін, қаздар ұшқан.

Соған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.

Ән «Әрқашан, күн сөнбесін!»



Жүргізуші:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашан да біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін де құрбандық


Айдын:

Мой Казахстан!

Моя страна!

Мой край степной!

Моя отчизна!

Пришли инные времена

На смену прошлой горькой жизни.

Альбина:

Жайдарлы желім бар,

Жемісті белім бар.

Ерлікке баулитын,

Егемен елім бар.


Аяла:

Ислам:

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына ,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста,

Ғасырларға жалғастырып елдікті.

Үлгі бізге аталардың ерлігі.

Ұлағаты өнегесі еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Би: Тәуелсіздікке арналған би шашу, обруч биі

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік » атты ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Тәуелсізідігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!









Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік»

Мақсаты: Тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру мақсатында сабақта олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, әнұран, ту туралы білімдерін қалыптастыру.Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Балалар біз бугін төл мерекеміз тәуелсіздік мерекесін атап өтпекпіз. Біздің Отанымыз Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Елу жылда ел жаңа демекші өмір 27 жылда көптеген өзгеріске ұшырады. Нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісімен, ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Күндер өтті кешегі

Жігер құм болып жасыған

Несіне оны жасырам

Әнұранымыз бүгінгі.

Әнұранды орындау:

Жүргізуші: Ежелден ақ жақсылықты алладан күтіп болашаққа үмітпен қараған кең пейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл- көсір көңіл бұйырған. Осы қазақ халқының жері болашағы, үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев тб аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Ералы:

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін!

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді , айта бергім.

Шырын:

Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл боп жатқан күн.



Айару.Д.

Көтерілсе шоқтығымыз,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туымыз,

Тәуелсіздік белгісі!

Ереділ:

Нашақор деп ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн!

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық, батқан күн.

Мансұр:

Жеңіс туын көтерген,

Жарыстарда сан қилы.

Жетіп бізге шет елден,

Көкте әнұран шалқиды.

Алихан:

Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп шығады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағы.

Жүргізуші:

Шалқы қазақ шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ бабаларым,- демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәнгі жасасын.


Жүргізуші:

Бақытым Рспубликам Қазақстан!

Көгінде ақ когершін, қаздар ұшқан.

Соған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.

Би «Көгершін»


Жүргізуші:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашан да біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін де құрбандық

Темірлан:

Отан деген –атамекен.

Отан деген туған жнр.

Отан ана, отан үлкен.

Қазақстан туған ел!

Сырым:

Мой Казахстан!

Моя страна!

Мой край степной!

Моя отчизна!

Пришли инные времена

На смену прошлой горькой жизни.

Айару. М.

Сол күндері ғой жүректің аңсағаны

Соған шөлдеп, шөліңкіреп тамсанады,

Өкінішпе, білмеймін қуаныш па!

Өз –өзінен жүрегім ән салады.

Айзере:

Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән!

Елордасы отаны,

Мақтанышым – Астанам!


Әдемі:

Достық деген қасиетті ұранға,

Кең даланың жүргегі де үн қосты.

Биші қыздар биімен де үн қосты.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма.

Балнур:

Туған тілім шұбарланба жарқыра,

Тарихымызда талантылар көбейсін.

Бас иемін ата – баба рухына

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап,

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән:

« Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына ,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста,

Ғасырларға жалғастырып елдікті.

Үлгі бізге аталардың ерлігі.

Ұлағаты өнегесі еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік » атты ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Тәуелсізідігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі