400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мерекелік шара "Күз сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне мерекелік шара өткізуге керек мтериал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ұштаған ауылы

МКҚК «Арай» бөбекжайы

Тәрбиеші: Жусупова Гаухар Турдыгуловна

Күз сыйы”


Балалар жартылай шеңберге тұрады.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің балабақшамызға “ Күз сыйы” мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жыйнауға
Шақырыды біздерді
1.Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша,
Қандай әсем күз
2.Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
3.Қарашы күз келд,і күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді
Көңілсіз неліктен күз енді
Өлең.
Музыка ырғағымен ішке
“Күз” кіреді.
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін
Мен-“Алтын күз”
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін
Жүргізуші:
Сәлем күз, сәлем күз!
Қандай жақсы келгенің
Дәмін көп не
Сыйлыққа бізге беретін?
Күз:Әкелдім мен ақ ұннан
Балалар:Бәліш жейміз біз онда!
Күз:Қарақұмық әкелдім
Балалар:Көреміз ботқа дәмін!


Күз:Әкелдім мен көкініс
Балалар:Дәмді сорпа ішеміз
Күз:Міне алмұрт, алмаңыз
Балалар:Біз кептіріп аламыз
Жүргізуші: Алма, балың
Тәтті нанның,
Біздер үшін,
Бәрі дайын!
Бізге сыйға
Әкелдің бе
Ашық , жылы
Ауа райын?
Күз: Сендер жаңбырға қуанасыңдар ма
Балалар:Жоқ, бізге жаңбыр керек емес
Жүргізуші:Біз жаңбырдан қорықпаймыз
Балалар жаңбыр туралы тақпақ, өлең айтып берейікші?
1.Күзім-ау күзім- ау
Мінезін бұзық- ау
Жаңбырын сіркіреп
Келгенің қызық-ау
2.Тырыс тырыс
Жаңбыр кеп жауады
Терезе қағады
Тырыс тырыс
Жылғалар ағады
3.Нөсер жаңбыр жауады
Сай саладан ағады
Жердің бәрі балшық боп,
Бассан балқып барады
4. Алтын сары қызыл көк
Алуан- алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Ойын:Жаңбыр
Күз:
Жарайсындар балалар
Менің жұмбағымды шешуге дайынсындар ма?
Бұлттар төніп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады
Шөп сарғайып өңі тайып
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар. Күзде
Жүргізуші:
Алтын күз сен сондай сұлусың.Жеміс жидектерің мол өнімге байсың!
Күз: Менің бау- бақшамда қияр мен қызанақ, сәбіз бен пияз, тәтті бұрыш, қырыққабат бәрі бар! Тек қатты жаңбыр жауып, көкіністерім суға кетіп қала жаздады.Балалар сендер менің көкіністерімді жиауға көмектесесіңдер ме?
Жүргізуші: Шеңбер жасап тұрайық
Хоровод «Севет»
Көкіністер жинадық,үйімізге оралдық
Күз:Балалармен бірге көп көкіністер жинадық! Міне қараңыздар! (ортаға көкіністер шығарылады)
Қияр: Қиярмын тілді үйренген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне
Қызыанақ: Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Қырыққабат:
Мақтанғанан не пайда
Менсіз дәмді ішу қайда
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана
Сәбіз:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген адамдар
Кеш болмайды күшке де
Пияз:
Боламын мен дәмдеуіш
Барлық барлық тағамға
Көкіністер ішінен
Мен пайдалы адамға
Қызылша:
Менде бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Жүргізуші: Балалар қысқа тек көкіністерді дайындап қоймай жемістерді де дайындайды. Міне алдарыңда екі себет, біреуіне көкіністерді, екіншісіне жемістерді жинаймыз. Атракцион «көкіністер мен жемістер жинаймыз»
1. Бала. Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды
2 бала
Жел тұрудан жалықпайды,
Күн жылытып жарытпайды
Жапырақтар жерге қарай
Қалықтайды, қалықтайды
Хоровод
Күз: Айналайын балаларым өнерлерің көп екен.Риза болып отырмын.Мынау менің сендерге арнап алып келген сыйым (алма малған себет)
Күз: Рахмет, балалар маған мереке қатты ұнады.Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Сау болыңыздар!










































МКҚК «Арай» балабақшасы







Күз сыйы”

Мерекелік ертеңгілік



















Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Ұштаған ауылы

МКҚК «Арай» бөбекжайы

Тәрбиеші: Жусупова Гаухар Турдыгуловна







2019 – 2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.02.2023
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі