Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Мерекелік шара: «Тәуелсіздік таңы атқанда, Туын тіккен мектебім!»
Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік таңы атқанда, Туын тіккен мектебім!» атты А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің Мерей тойына арналған Мерекелік шараның сценариі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
425
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мерекелік шара: «Тәуелсіздік таңы атқанда, Туын тіккен мектебім!»Сценарийін құрастырған:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі –М.Т.Касенова Мектептің мәжіліс залы. Сахнада «Тәуелсіздік таңы атқанда, Туын тіккен мектебім!» жазуы бар, сахна шарлармен безендірілген.Мектеп мерейтойына арналған презентация.ФанфарыОразай арнау 1-жүргізуші:Алдарыңызда мектебіне жыр арнаған қалалық, облыстық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жеңімпазы ,ШҚМУ-і,филология факультетінің 1 –курс студенті, мектебіміздің биылғы түлегі,ақын ұлдарыңыз-Жеңіс Оразай.Екі жүргізуші шығады.1 -Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар! Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік таңы атқанда, Туын тіккен мектебім!» атты мерекелік шараға қош келіпсіздер! 2- жүргізуші: Биылғы жыл - біз үшін ерекше жыл. Ерекше болатындығы – мектебіміздің 20 жылдық мерейтойы. «Өткеніміз - өнеге, күткеніміз - келешек» дегендей 20 жыл бойы жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратады.Өмір бойы мектебімді жыр етем,Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,Құтты болсын 20 жылдық мерекең!
2-жүргізуші: Дауылпаз мектебімнің директорыБайқалар жақсы істерден зеректігіАғайдың басшылығын бағыт етіп,Қолын созған асуларға коллективі.Жаңаның жанашыры жаны ізгіЖатсынбай жақын тартқан бәріміздіШаршаған қабақ шытқан кезің болса,Түсінер халімізді, жанымызды-дей отыра,Мерейтойдың алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Сдықов Базарбек Омарғалиұлына береміз.(Мектептің әнұраны орындалады)1-жүргізуші:Осынау әнұранның сөзін жазған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бірнеше жыр жинақтарының авторы,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,ақын-Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы.Әнін жазған музыка пәнінің мұғалімі Ахметжанова Альмира Құмарханқызы қазір сіздердің орталарыңызда отыр.2-жүргізуші:Сіздердің алдарыңызда анасымен өнер көрсеткен қалалық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы—Мақатай Үкілай.1-жүргізуші:Өздеріңізге мәлім болғандай ,бұл мектеп бұдан жиырма жыл бұрын ,дәл осы күні Кенді Алтайдың орталығынан орын теуіп ,шаңырақ көтерген болатын. Кедергілерге қарсы жүріп ,көп тер төгіп,еңбектенуді қажет етті.Осындай қажырлы істерден кейін ғана бұл мектеп бақан көтеріп,уық шаншып,шаңырақ көтерген еді. Міне,сол сәттен бастап осынау білім ордасында қазақтың қара домалақ балалары білім нәрімен сусындап, даналық сырларын меңгеруге құныға кіріскен-ді.Жаңа мектептің кәсіби даярлығы мықты , шымыр ұжым қалыптастыруда «Біздің бүйткен бұл іске кәтепті қара нар керек»,-деп Махамбет бабамыз айтқандай , білекті сыбана кіріскен мектеп директоры Құсманов Әлібек Әнуарбекұлы тұтасқан , толысқан еңбек ұжымын қалыптастыра алды.Бұған мектеп тарихының жүріп өткен жолы куә. 40 жыл білім саласында қызмет етсе, соның 11 жылында Ахмет Байтұрсынов атындағы№20 орта мектебінде директор болып абыройлы еңбек еткен, кемел ойдың келбетті тұлғасы- Құсманов Әлібек Әнуарбекұлы . 2-жүргізуші:Сіз тұлғасыз жүректерге гүл еккен,Адалдықты көкіректерде түлеткен.Сіздің биік рухыңызға бас иіп,Еске аламыз сағынышты жүрекпен.1-жүргізуші:Бүгінгі кештің бір қуанышы мен бір өкініші бар. Өкініштісі-ол кісінің арамызда жоқтығы.Әлібек Әнуарбекұлын еске алып, Алланың разылығы мен Пайғамбардың шапағатына бөленуін тілей отырып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.(1 минут үнсіздік).2-жүргізуші:Келесі сөздің кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманғалиева Анар Болатханқызына беріледі.(Қазақ биі)1-жүргізуші: 2000 жылы мектебіміз Ахмет Байтұрсынов есімін алды.Ұлттың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов есімін алуға атсалысқан,көмегін аямаған, бірден- бір жан Әлібек Әнуарбекұлының аяулы жары,тіл жанашыры Құсманова Гүлбану Имашқызы бүгін сіздердің орталарыңызда отыр,олай болса сөз кезегін Гүлбану Имашқызына берейік. 2-жүргізуші:(Музыкалық тарту). 2004 жылы Әлібек Әнуарбекұлы Өскемен қаласы бойынша алғашқы болып Абдулхамит Райымбергеновтің Республикалық «Мұрагер» бағдарламасы негізінде эксперименттік сыныптар ашты. Сол жылдары ашылған «Мұрагер» сыныптарының жетекшісі - Сағындықова Шынар Айтқазызы бұл күнде №16 орта мектебінде қызмет атқарып жүр. Олай болса ,«Мұрагер» сыныптарының жетекшісі Шынар Айтқазықызы шәкірттерімен музыкалық тарту ұсынбақ.1-жүргізуші:Сонау 1996 жылдары мектептің өркендеуіне үлкен үлес қосқан,мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен меңгеруші болып қызмет атқарған,бүгінде зейнеткер ұстаз –Тогусова Шолпан Жиенбайқызы сол кездегі жас ұстаздарды қанатының астына алып, әдістемелік көмегін аямады.2-жүргізуші:Ендеше ,құрметті , Шолпан Жиенбайқызы және 1996 жылы қызмет атқарған ұстаздарды құрметпен ортаға шақырамыз.
Мектебіміздің күміс көмей,жез таңдай әншісі Қайырбекова Шырай әкесімен «Жаным қазақ» әнін орындайды 1-жүргізуші: 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ж.С. Карибжановтың бұйрығы бойынша (№395-П) мектебіміздің жарты ұжымы №16 орта мектебіне көшірілді. Осы оқу жылы №20 орта мектебінің директоры болып Мукушева К.Б тағайындалды. Биылғы оқу жылында Қанипа Баталқызы құрметті демалысқа шықты.9 жыл мектеп директоры болған Қанипа апайымызды құрметпен ортаға шақырамыз.Келесі сөздің кезегін №16 орта мектебінің директоры ( Үнді биі ) 2-жүргізуші: Бүгін біздің арамызда мектеп ұжымы үшін ардақты жандар ардагер –ұстаздар отыр.Қай кезде де біздің қуанышымызды бөлісіп, жетістіктерімізбен құттықтап, тұс-тұстан телефон шалып жататын біздің шынайы тілеулестерімізге айналған апайларымыз.1-жүргізуші:Ортамызда ардагер-ұстаздар! Ортаға мектебіміздің түлегі,қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Талаптанова Гүлайымды шақырамыз.Халық әні-«Сандуғаш»2-жүргізуші:Енді осы киелі ордада 20 жыл қызмет атқарған ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін марапаттау рәсіміне кезек береміз. 1-жүргізуші: Жиырма жыл ішінде қаншама оқушы мектеп табалдырығын аттады, қаншама түлек бұл мектепті бітіріп шығып, өмірге араласты! Уақыт зымырап өтеді. Бірақ біз ешқашан мектебімізді ұмытпаймыз, біз қайда болсақ та, міндетті түрде алтын- ұя мектебімізді, сүйікті ұстаздарымызды, бірге оқыған достарымызды естен шығармаймыз! –дейді мектеп түлектері.Олай болса,сөз кезегін түлектерімізге береміз.Мектебіміздің 2003-2004 жылғы түлегі ,оқу озаты- Сабекова Дина қызы Ильяс Айыммен2-жүргізуші:Мектебіміздің ашылуына атсалысқан ата-аналар да аз емес. Ендеше келесі сөздің кезегін ата-аналарға береміз.Ежембаева Қарлығаш Маукеновна.1- жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да, ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» демекші, қандай қиындық болмасын бәрін жеңіп, тек биік шыңдардан көріне беріңіздер.2- жүргізуші: Еліміздің ертеңі,елдің тұтқасы,тірегі бола алатын білімді жастарды әрқашан да мақтан тұтады мұғалім! Әр жыл сайын мектептен түлеп ұшқан шәкірттер ұстаз еңбегін ақтап, аға буын салған жолды абыроймен жалғаса, мектептің ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналса, ең үлкен қуаныш – сол болмақ!
1- жүргізуші: Жүздеріңнен көркем шаттық арайын,Болсын солай әрбір күнің, әр айың.Мерекеңіз құтты болсын, ұстаздар!Мерекеңіз құтты болсын, ағайын!Осымен мектебіміздің 20 жылдық мерейтойына арналған шарамыз да аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге, ықылас қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)