жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мерекелік шара "Тілашар"мерекесі
I.Тақырыбы: «Тілашар» тойы
II.Мақсаты:
1.Білімділік:алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.
2.Дамытушылық:оқушылардың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік:қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.
III.Көрнекілігі: қанатты сөздер,барнер,кітапша Тілашар,шақыру қағазы,мәжіліс залы шарлармен безендірілген.
Барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
1.Қонақтарды қарсы алып,
отырғызу.
2.Оқушыларды педагогикалық
психологиялық тұрғыдан даярлау.
2.Кіріспе
сөз.
Қымбатты
балалар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар!
Міне, бүгін сіздер кеше ғана
білім
баспалдағына алғаш рет қадам басқан,
бүгінгі 1сынып оқушыларының
мерекесіне
жиналып, «Тілашар» тойының куәгері
болып отырсыздар Ендеше,
сәтсапар
тілейік білім жолына қадам басқан
бүлдіршіндерге!
Музыка
әуені
1-жүргізуші:
Қуаныш – бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген алғашқы
Жан досым, саған мың сәлем!
2-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тілеп, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.
Балалардың осы қара шаңырақты аттаған қадамдары құтты болсын!
Тойымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Ендеше, ертеңгі күннің үмітін ақтар, еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
Музыка әуені
1 «З»,1 «Ж» оқушылары әсем әннің әуенімен ортаға билеп шығады.
Музыка әуені (1-сынып оқушылары ортаға шығады)
2-жүргізуші:
Айналайын
балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана
бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті
қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Құтты
болсын қадамың
Құтты болсын
талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім
отын жаға біл.
1-жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын
жасайық. (Ортаға әже шығып,
шашу шашады, батасын береді).
Әже: Өсті
міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа жиналған
Құтты болсын тойларың.
2-жүргізуші:
Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып теңгелер.
Тойымыздың шашуын,
Сәт сапарға теңгерер.
1-жүргізуші: Ой, балалар қарандаршы бізге қонаққа кім келген?
Оқушылар: Қызыл телпек
2-жүргізуші: Дұрыс, балалар. (Қызыл телпекке жақындап)
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек? Неге ренжіп тұрсың?
Қызыл телпек: Сәлеметсіз бе?! Мен орманнан өтіп, науқас әжеме дәрі-дәрмектерін апарып беруім керек, бірақ мен адасып қалып, орманнан өте алмай жүрмін. Аңдардың көптеген тапсырмаларын орындау керек. Мен жалғыз өзім орындай алмаймын. Маған көмектесесіңдер ме?
1-жүргізуші: Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
Барлығы: Иә , көмектесеміз
Музыка әуені (қоян шығады) Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің сендерге мынандай тапсырмам бар. Кәне ортаға алты оқушы шықсын. Сендер мектеп ережелерін қаншалықты біледі екенсіңдер? Тексеріп көрейік. Мен басқы сөзін айтам ал сендер аяқтап айтасыңдар.
Үлкендердің алдын кесіп (өтуге болмайды)
Сабаққа кешігуге (болмайды)
Үлкендермен (сәлемдесу керек)
Мұғалімді әрқашан (тыңдау керек)
Оқулықты жыртпай әрқашан (таза ұстау керек)
Үзілісте жүгіруге (болмайды)
Өте жақсы балалар мектеп ережелерін жақсы біледі екенсіңдер!
2-жүргізуші:
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер- дегендей бүлдіршіндерімздің тақпақтарын тыңдайық .
1.Ұзтаз,ана болды ол
Әрқашан да біздерге
Бар балаға берді ол
Қуанышпен өнеге.
2.Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.
3. Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
4. Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!
Алихан: Таудай
биік талабым,
Оттай лаулап
жанамын.
Салт-санасын
сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен
мектепке барамын.
Алихан: Қолға
кітап аламын,
Маржан сүзіп
табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз
етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.
Мерейім: Мен оқушы баламын –
Оқып, білім аламын.
Мектеп-ұям, өзіңе
Арналады бал әнім.
Әзілхан: Мен
тәртіпті баламын,
Түгел қағаз,
қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең
«бестік» аламын.
Гүлзира: Оқуды көп ойлаймыз,
Қызығына тоймаймыз.
Әріптерді үйреніп,
Өлең айтып, би билеп
Өнерден де қалмаймыз.
Нұрмұхаммед: Мектеп
— үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ
ұстаушы.
Екеуі
де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.
Досымжан:Еркесімін атамның,
Еркесімін анамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асына
Мектепке барам асыға.
Алишер: Өсірді ой сананы
Тіл дамыту сабағы.
Жаңылмай айтып үйрендік
Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.
Музыка әуені (аю шығады)
Аю шығады қорбаңдап,
Балпан, балпаң басамын.
Алты қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын
Балалыр, сендердің тағы да өнерлеріңді көргім келеді.Қандай өнерлерің бар?
Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі
Қатысатындар: Еркебұлан, Ақерке,Аида,Қалаубай,Аянбек,Гүлсезім
Автор-Омирзак Қалаубай: Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:
Қалам-Аянбек: Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?
Оқушы-Нұрали : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.
Қалам-Аянбек: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.
Оқушы- Нұрали: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?
Қалам-Аянбек: Мені дәптерге жазады. Жүр, мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген достарды тауып кездестірейін.
Автор-Дильназ: Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың барлығы алдарынан шыға келеді.
Оқушы-Жалғас: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы дос бола алады ?
Дәптер-Гүлсезім: Мен дәптермін. Маған жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза жазса, 5- тік деген баға алады.
Қарындаш-Расул: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін — мені ұқыпты ұстамасаң мен ренжимін.
Әліппе-Аида: Ал мен болсам — бар кітапқа бас болған Ғылым атасы -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.
Өшіргіш-Ақтілек: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.
Қалам-Аянбек: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз. Тек сен біздің жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?
Оқушы-Нұрали: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.
Автор-Қалаубай: Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.
Аю: Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлерің сан қырлы екен.Өнерлерің үстем болсын.
2-жүргізуші: Ұшталған үміт арман
Таудай бір болсын талабың
Өзіңе мынау арналған
Әпкеңнің қабыл ал арнауын
Хор:Ұстаз ана
Музыка әуені (қасқыр шығады)
1-жүргізуші:
Мен қасқырмын, қасқырмын,
Ормандағы басшымын.
Менің бүгін көңіл күйім жоқ. Менің көңілімді барлығың би билеп көтерулеріңді қалаймын, әйтпесе Қызыл телпекті ешқайда да жібермеймін.
Ендеше,сахнаға 1 «З» оқушыларын «Алға Қазақстан» әніне дайындаған биін тамашалайық.
2-жүргізуші: оқушыларымздың тағы да бізге дайындаған билері бар сияқты.Солай ма?Ендеше, 1 «Ж» бүлдіршіндерін «Айгөлек» биімен ортаға шақырайық.
Жарайсыңдар!1 «З» оқушыларының дайындаған билері бар екен.Қошеметпен ортаға шақырайық
Би: Қуыршақ
Қасқыр: Менің көңілімді көтердіңдер. Қызыл телпек, өте беруіңе болады.
Қызыл телпек: Балалар сендерге көп рахмет. Мені аңдардың тапсырмаларын орындауыма көмектестіңдер, енді біз бәріміз тату – тәтті боламыз
Барлық аңдар ортаға шығады (Музыка ойнап тұрады)
2-жүрігізуші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің мектептің оқушысы болуға лайықты екенсіңдер. Ендеше, мына антты қабылдауларың шарт.
Сабақтан қалмауға ант етеміз
Тәртіпті бұзбауға ант етеміз
Үлкендерді сыйлауға ант етеміз
Ұстаздарды тыңдауға ант етеміз
Өнерлі болуға ант етеміз
Жақсы оқушы болуға ант етеміз
«Кім тапқыр?» жұмбақ, логикалық есептер шешу, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту.
Көп-көп ине, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине.
Іс тікпейді, әрине. /кірпі/
Мұрны пұшық, көзі қысық.
Өзі пысық , бұл не?…. /мысық/
3.Өшірді, сүртті, өзгені құртты,
Өзін де құртты. /өшіргіш/
Қалың
киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
***
Сырты
жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
***
Ақ
құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
***
Бес
қаруы белінде
Самғап жүреді
көгімде.
(бүркіт)
***
Ағайынды
бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
***
Шәкіртке
жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)
1-жүргізуші:
Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын балдырған,
Оқушы деген жаңа атың.
Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.
Ертеңгілігімізді оқушыларымыздың осы кезге дейінгі мектепте түскен фотоларынан жасалған фото-шоумен аяқтағым келіп отыр. /фото-шоу
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән мен күй көңіл сырын ашады.
Той деп келген қонақтарға мың алғыс!
2-жүргізуші: Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!
№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «Тілашар»
Күні:30.11.18
Сыныбы:1 «З»,1 «Ж»
Унайбаева Асем Кайратовна
Мұнайлы 2018/2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген