Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мерекелік шара "Ынтымақ достық кепілі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Ынтымақ- достық кепілі
Мақсаты:1-мамыр Қазақстан Халықтары бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ынтымақтыққа,достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тақырыпқа сай стендттер, түрлі-түсті қағаздар,шарлар,жалаулар, достық эмблемасы,шаңырақ бейнесі,көгершін бейнесі.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті әріптестер, балалар! 1-Мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Бүгінгі «Ынтымақ -достық кепілі» атты мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер!Мерекелік салтанатымызды ашық деп жариялаймыз. (ҚР-ның әнұраны орындалсын)
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады,
Балаларым,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Көктем
Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
8-наурыз, 22- наурыз, 1 мамыр
Бүгін біз қандай мерекені өткізгелі тұрмыз?
1 мамыр бірлік күнін.
Біздің елімізде қандай ұлттар тұрады?
Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар. Иа балалар біздің елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Өзге ұлт өкілдерінің қоныстануы бойынша елімізде 1ші орында өз ұлтымыз – қазақ ұлты, келесі орында көршілес- орыс ұлты, одан кейінгі орында өзбек ұлты ,4-ші орында украиндер,5-ші орында ұйғырлар, 6-шы орында татарлар. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін бізде өз өнерлерімізді ортаға салып, әннен шашу шашайық.
Хор: "Жаса,жаса қазақ тілім"
1-жүргізуші: Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде
жайнаған.
2-жүргізуші: Енді балаларымыздың 1 мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.
1-оқушы
Бірлік керек Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Елдің басын біріктірер әрдайым.
Ал болмаса ашу-ыза бойда бар,
«Әйт ! Әйт !» десе қырқысардай жағдайың.
Қайран қазақ, арлы қазақ, қалай-ай,
Қалпақпенен ұрып алды –ау, жаулар-ай.
Өзің түгіл көлеңкеңнен қорқатын,
Орыс, қытай айдап салды-ау жоңғарды-ай.
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
Аса түссін бибітшілік жағдайың.
Елбасың да, ел-жұртың да, құтты бол,
Алатаудай мызғымайтын сынбайтын!
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!
2-оқушы
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
3-оқушы
Достық тапса діндер менен тілімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
1-жүргізуші:
Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Келесі кезекте Қазақстанда өмір сүретін ұлттарымыздың достық биін тамашалайық.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын шашқан күн бүгін.
Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің
тақпақтарын тыңдайық.
4-оқушы
Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып
қалуда.
5-оқушы
Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
6-оқушы
.Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
1-Жүргізуші: Келесі кезекті Мөлдірдің орындауындағы «Қазақ тілі» әніне береміз.Қошеметпен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым
келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе
не?
Балалар:
тыныштық,
бірлік.
1-Жүргізуші: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін
білесіңдер ме?
Балалар:
Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген
сол.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар.
2-жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың
-
Көгімізде жарасқан жарық
күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін
халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын
күн!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-Жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім,-дей келе келесі кезекті ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.
Би: «Қазақ биі»
2-жүргізуші:
Келесі кезекті көрініске береміз. «Бірлік»
Қария:Әй, балаларым барлығың менің жаныма келіңдерші! Балалар:Ау ата бізді неге шақырдыңыз?
Қария: Қайсар сенбісің, Балғынбек пен Нұрбек қайда оларды да шақыр. Бала: Балғынбек пен Нұрбек сендерді атам шақырып жатыр. Қария:Балаларым шақырған себебім сендерді сынау мақсатында бір істі тапсырмақпын. Мына менің қолымдағы буылған шыбықтарды осы күйінде сындырып көріңдерші! Қария: Қане, балаларым шыбықты сындыру қиындық келтірсе өзіме қайтарып беріңдер. Ал жақсы олай болса тапсырманың оңай жолын айтайын ,енді шыбықтарды бір талдап сыныдырып көріңдер. Шыбықтар оп - оңай сынады. Балаларым осыдан не ұқтыңдар?
Қария:Онда себебін мен айтайын. Міне балаларым сендерге айтқым келгені барлығың бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген қазақ мақалы осының дәлелі.
1-Жүргізуші:
Бейбітшілік құсы, ақ
көгершін,
Биік ұшып,
самғасын.
Тілегімді жерге
жайсын,
Қанаттары
талмасын.
Сәбилер зәресін бұлт алмасын
Гүл бәйшешек ешуақытта солмасын
Ақ көгершін аспанымда қалықтап
Барлық халық билік күнді қолдасын.
Хор: «Ақ көгершін»
Қорытынды. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы,
достықты, ынтымақты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр
ұлттар тату - тәтті өмір
сүруде.Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз
бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас
серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл
мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында
достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген игі тілекпен
бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға рахмет
айтамыз.
Қош сау болыңыздар!
"Татулық - достықтың киелі бесігі"
Балалар залға әуенмен кіреді, қолдарына шар ұстаған. Зал іші "Бірлік күніне" арнап безендірілген.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті
ата-аналар мен әріптестер!
«Татулық - достықтың киелі
бесігі» атты мерекелік іс -
шараға қош келіпсіздер!
Хор: "Балдырғандар
маршы".
Жүргізуші: Қар еріп, су
көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады,
Бөбектерім,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-
Көктемде.
-
Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
-
8-наурыз, 22- наурыз, 1 сәуір.
-
Бүгін біз қандай мерекені өткізгелі тұрмыз?
-
1 мамыр бірлік күнін.
-
Біздің қаламызда қандай ұлттар тұрады?
-
Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар.
-
Осы барлық халықтар бір-бірімен дос, бауыр, жолдас. 1- мамыр Қазақстан халықтары үшін «Бірлік күні» деп аталған. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін біз өз өнерлерімізді ортаға саламыз.
Хор: "Май жыры"
Жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Алғашқы сөз кезегін өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.
(Қазақша әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады.)
Би: "Қаражорға"
Тынар: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Дінислам: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Мерей: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Сахнаға грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.
Би: "Грузин"
Ақбөпе: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Азамат: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
Іңкәр: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Хор: "Ағайынбыз бәріміз"
Жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Сахнаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз
(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. )
Би: "Орыс"
Көрініс: «Бірлік»
Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке
былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады.
Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт
буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар
оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің
де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп
құртады.
Жүргізуші:
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа
халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді.
Оған халық куә, тарих куә!
- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді.
- Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе
не?
Балалар: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе
тыныштық, бірлік.
Айсель: Жасампаз жыр -
әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.
Медет: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Алтынай: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Ақпейіл: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Хор: "Первое мая""
Жүргізуші: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің, - деп сахнаға өзбек
ағайындарымызды шақырамыз
(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады.
)
Би: "Өзбек"
Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден, - дей отырып, осымен 1 мамыр
Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік іс-
шарамыз аяқталды. Мереке құтты болсын ағайын!. Барша халыққа ортақ
мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Барлығымыз бірге
балалардың «Вальс» биін тамашалайық.
Сабақтың
тақырыбы: 1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі
күні.
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін
кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат
салысатын азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер,
гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
Бірлік пен
ынтымағы халықтың,
Көгімізде
жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет
бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін,
жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстан халқының бірлігіне
арналған тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
«Өз елім» әні
үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп,
қолдарына гүл ұстайды.
1 -
оқушы:
Жан біткендей
жас тауға,
Шуақ ойнап
арайлы.
Күн күлімдеп
аспанда,
Мамыр әні
тарайды.
2 -
оқушы:
Мамыр қандай,
шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл
кілем жамылғандай.
Алатауым басына
ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден
алқа тағынғандай.
3 -
оқушы:
Мамыр қандай,
шіркін - ай, құлпырады,
Күй толқып
көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл
мамыр, сұлу мамыр,
Секілді
адамзаттың ынтымағы.
4 -
оқушы:
Мамыр келсе
халқымыз,
Мерекені
тойлайды.
Хормен.
Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр
жасасын!
Би: «Туған
ел».
5 -
оқушы:
Болсын жер мен
су да ортақ,
Болсын біздің
ту да ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
6 - оқушы: Бұл
мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір
ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып
есептеледі.
7 -
оқушы:
Сары, ақпыз,
қарамыз,
Бәріміз де
баламыз.
Бір Отанда
тұрамыз,
Бір мектепке
барамыз.
8 -
оқушы:
Алтай, Кавказ
ұласып,
Баурайы бұйрат
кең жатыр.
Бақыттың әні
асқақтап,
Құлаққа даусы
кеп жатыр.
9 - оқушы:
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр,
дүнгендер.
Армян, тәжік,
грузин,
Орыс пенен
украин,
Терезесі тең
жатыр.
Ән: «Дос
болайық бәріміз».
10 - оқушы:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт
кең жатыр.
Бір - бірімен
туысқан,
Қол ұстасқан ел
жатыр.
11 - оқушы:
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара,
сарымыз.
Қара жер мен
көк аспан,
Ортақ дала
тауымыз.
12 - оқушы:
Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып,
бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен
ұласады.
Көрініс:
«Бірлік».
13 - оқушы:
Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат
баласына ең қажетті нәрсе
не?
14 - оқушы:
Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық,
бірлік.
15 - оқушы: Ал,
енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер
ме?
16 - оқушы:
Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген
сол.
17 - оқушы:
Бейбіт күн тыныштық,
Біз үшін тым
ыстық.
Ырыс құт
тұтқасы,
Ынтымақ,
туыстық
18 - оқушы:
Бейбітшілік құсы, ақ
көгершін,
Биік ұшып,
самғасын.
Тілегімді жерге
жайсын,
Қанаттары
талмасын.
Ән: «Ақ
көгершін».
19 - оқушы:
Сәбилер зәресін бұлт
алмасын,
Гүл бәйшешек еш
уақытта солмасын.
Ақ көгершін
аспанымда қалықтап,
Барлық халық
бейбіт күнді қолдасын.
20 - оқушы:
Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға
шақырамыз.
21 - оқушы: Әй,
әлемнің әділ жанды балалары, Әкелер мен атайларға
айтайық!
Хормен: Ажал
оғын атпасын,
Тыныштықты
сақтасын!
Хор: «Әрқашан
күн сөнбесін!»