Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Мерекелік шара "Ынтымақ достық кепілі"
Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
13 Мамыр 2018
567
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Ынтымақ- достық кепіліМақсаты:1-мамыр Қазақстан Халықтары бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ынтымақтыққа,достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта,тақырыпқа сай стендттер, түрлі-түсті қағаздар,шарлар,жалаулар, достық эмблемасы,шаңырақ бейнесі,көгершін бейнесі.Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті әріптестер, балалар! 1-Мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Бүгінгі «Ынтымақ -достық кепілі» атты мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер!Мерекелік салтанатымызды ашық деп жариялаймыз. (ҚР-ның әнұраны орындалсын)Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!Қар еріп, су көбейіп,Сай-салаға ағады.Бүршік шашып, жапырақ ашып,Гүл бәйшешек басады,Балаларым,айтыңдаршы,Бұл қай кезде болады?Көктем
Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?8-наурыз, 22- наурыз, 1 мамырБүгін біз қандай мерекені өткізгелі тұрмыз?1 мамыр бірлік күнін.Біздің елімізде қандай ұлттар тұрады?Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар. Иа балалар біздің елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Өзге ұлт өкілдерінің қоныстануы бойынша елімізде 1ші орында өз ұлтымыз – қазақ ұлты, келесі орында көршілес- орыс ұлты, одан кейінгі орында өзбек ұлты ,4-ші орында украиндер,5-ші орында ұйғырлар, 6-шы орында татарлар. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін бізде өз өнерлерімізді ортаға салып, әннен шашу шашайық.Хор: "Жаса,жаса қазақ тілім"1-жүргізуші: Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,Татар, қазақ болашақты тосты алдан,Сол достығын тағы міне дәріптеп,Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.2-жүргізуші: Енді балаларымыздың 1 мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.1-оқушыБірлік керек Бірлік керек, бірлік керек, ағайын! Елдің басын біріктірер әрдайым. Ал болмаса ашу-ыза бойда бар,«Әйт ! Әйт !» десе қырқысардай жағдайың.
Қайран қазақ, арлы қазақ, қалай-ай, Қалпақпенен ұрып алды –ау, жаулар-ай.Өзің түгіл көлеңкеңнен қорқатын, Орыс, қытай айдап салды-ау жоңғарды-ай.
Бірлік керек, бірлік керек, ағайын! Аса түссін бибітшілік жағдайың. Елбасың да, ел-жұртың да, құтты бол, Алатаудай мызғымайтын сынбайтын! Бірлік керек, бірлік керек, ағайын!2-оқушыНәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын, Татулығын жырға қосам ұлттардың Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.3-оқушыДостық тапса діндер менен тілімді Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі, Бір туғандай ұлтаралық келісім Бір көтерген басқа түскен жүгімді. 1-жүргізуші: Бейбітшілік ұраны, Жарқыраған алтын күн. Ән қанатты қыраны Еркіндігі халқымның.Жырласа қазақ, түркімен,Молдаван, грузин үн қосқан.Дос жүректер біріккен,Мейірлері жарасқан.
Келесі кезекте Қазақстанда өмір сүретін ұлттарымыздың достық биін тамашалайық.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік кеңдігіңКескен халық бірлігіЫнтымағы барша елдіңНұрын шашқан күн бүгін.Олай болса, балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған өздерінің тақпақтарын тыңдайық.
4-оқушыСерт берісіп туыс болып қалуға Нәубеттерден аман жеттік дамуға,Байтақ елдің биік ұстап байрағын Біздің достық мәңгі болып қалуда.5-оқушыТілі бөлек болғанымен тілек бір Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл, Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
6-оқушы.Қуаныштан желпілдейді түндігім Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін, Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!! 1-Жүргізуші: Келесі кезекті Мөлдірдің орындауындағы «Қазақ тілі» әніне береміз.Қошеметпен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?Балалар: тыныштық, бірлік.1-Жүргізуші: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?Балалар: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.1-жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар.
2-жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың -Көгімізде жарасқан жарық күн!Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-Жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім,-дей келе келесі кезекті ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.Би: «Қазақ биі»
2-жүргізуші:
Келесі кезекті көрініске береміз. «Бірлік»
Қария:Әй, балаларым барлығың менің жаныма келіңдерші! Балалар:Ау ата бізді неге шақырдыңыз?
Қария: Қайсар сенбісің, Балғынбек пен Нұрбек қайда оларды да шақыр. Бала: Балғынбек пен Нұрбек сендерді атам шақырып жатыр. Қария:Балаларым шақырған себебім сендерді сынау мақсатында бір істі тапсырмақпын. Мына менің қолымдағы буылған шыбықтарды осы күйінде сындырып көріңдерші! Қария: Қане, балаларым шыбықты сындыру қиындық келтірсе өзіме қайтарып беріңдер. Ал жақсы олай болса тапсырманың оңай жолын айтайын ,енді шыбықтарды бір талдап сыныдырып көріңдер. Шыбықтар оп - оңай сынады. Балаларым осыдан не ұқтыңдар?Қария:Онда себебін мен айтайын. Міне балаларым сендерге айтқым келгені барлығың бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген қазақ мақалы осының дәлелі.
1-Жүргізуші:Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,Биік ұшып, самғасын.Тілегімді жерге жайсын,Қанаттары талмасын.Сәбилер зәресін бұлт алмасынГүл бәйшешек ешуақытта солмасынАқ көгершін аспанымда қалықтапБарлық халық билік күнді қолдасын.Хор: «Ақ көгершін»Қорытынды. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты, ынтымақты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде.Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген игі тілекпен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға рахмет айтамыз. Қош сау болыңыздар!
"Татулық - достықтың киелі бесігі"Балалар залға әуенмен кіреді, қолдарына шар ұстаған. Зал іші "Бірлік күніне" арнап безендірілген.Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен әріптестер!«Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!Хор: "Балдырғандар маршы".Жүргізуші: Қар еріп, су көбейіп,Сай-салаға ағады.Бүршік шашып, жапырақ ашып,Гүл бәйшешек басады,Бөбектерім,айтыңдаршы,Бұл қай кезде болады?
- Көктемде.
- Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
- 8-наурыз, 22- наурыз, 1 сәуір.
- Бүгін біз қандай мерекені өткізгелі тұрмыз?
- 1 мамыр бірлік күнін.
- Біздің қаламызда қандай ұлттар тұрады?
- Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар.
- Осы барлық халықтар бір-бірімен дос, бауыр, жолдас. 1- мамыр Қазақстан халықтары үшін «Бірлік күні» деп аталған. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін біз өз өнерлерімізді ортаға саламыз.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
Барлығы 663 959 материал жиналған
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ