400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

мерекелік сценарий балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар,қыздар мерекесіне орай балабақшада сайыс түрінде ұйымдастырылған ертеңгілік сценарийі.Тәрбиешілерге көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың әжелерім,аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.


Жүргізуші:Бүгінгі айтылатын ақ тілек,жылы сөз,күмбірлеген күй,шырқалатын ән сіздерге арналады.Құрметті аналар,балабақша директоры Раушан Жаңбырбайқызы,әдіскер Элмира Маратқызы балалардың өздеріңізге арнаған сыйлығын қабыл алыңыздар!


Ән: «Апа туған күніңмен!»

/әннен соң балалар отырады./

Аналар,әжелер,қыздар,балабақша ұжымының апайлары сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен/бәрі қосылып/ құттықтаймыз.Сіздерге отбасылық бақыт,дендеріңізге саулық тілейміз,жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.Осы мерейлі мереке тек қана жақсылықтар алып келсін!Бүгін сіздерге арналған «Ару қыздар» сайысымызды тамашалаңыздар!Қазір осы сайыстың әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.


1Директор-Раушан Жаңбырбайқызы.

2 Әдіскер-Элмира маратқызы.

3Ата-ана-Бигалиева Назгүл

Уа халайық,халайық.

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Аналар тойына арналған,

«Ару қыздар» сайысын бастайық

.Аруларымызды ортаға шақырайық!

1-ару Сөзі салмақты,ісі тиянақты,дене бітімі жинақы қызымыз- АМАНДЫҚ НАЗЕРКЕ


2-ару Баппен сөйлеп,биязы күліп,жүзі жылы өзі ұяң тәні нәзік қызымыз - ЛАУРА


3-ару Көз жанары өткір,бет әлпеті бал-бұл жанған,тәні шымыр қызымыз – ЕСЕН НАЗЕРКЕ

4-ару Сөз іөткір,өзіпысық,келбетті,өрескелдікті сүймейтін қызымыз- АҚЖҮНІС

5-ару Бет пішіні,дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті,сұңғақ бойлы,терең ойлы қызымыз – АНИСА


Ал енді қымбатты арулар,сіздерге қойылатын сайыстың шарттарымен танысайық.

1-шарт-Өзін таныстыру./3шумақтан аспауы к/к/

2-шарт-Өнерін көрсету.

3-шарт-Мен аспазшы боламын

4шартТапқырлар,білгірлер,білімділер./сұрақ-жауап/

5-шарт-Сәндік киімдер.

Орындарына отыру.

Ал енді қымбатты арулар,сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты-өзін таныстыру.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Таныстырып өздерін ән салыпты.

Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты

/Арулар өздерін таныстырады./


Қымбатты әділ қазылар,сіздер қыздарымыздың өнерін таразылап,әділ бағасын берерсіздер!Біз мерекемізді ұл-қыздарымыздың көңілді биімен одан әрі жалғастырамыз..

БИ «КӨҢІЛДІ БИ»

Ана сүтінен барлық адам нәр алған,

Ол азығын өзіңмен бірге жаралған.

Туа салып тұңғыш татқан дәмін ол,

Күш қуат боп бойыңа таралған.

Келесі балалардың тақпақтары сіздерге арналады.

Тақпақтар I-бөлім


Жүргізуші: 2-ші шартымыз бойынша аруларымыз мың бұралған биімен,тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі.


/Арулар өнерлерін көрсетеді/


Жүргізуші:Құрметті қазылар алқасы,ару қыздарымыздың өнеріне баға беріліп анықтап алғанша мерекемізді одан әрі жалғастырамыз:

Жан анам құттықтаймыз мерекеңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-дегендей балалардың орындауында әнді қабыл алыңыздар!


Ән: «Көктем келді»


Тақпақтар II-Бөлім.


Жүргізуші: «Қалауын тапса қар жанар» демекші,енді шебер қолдар сайысын бастаймыз.Аруларды ортаға шақырамыз. «Жетелі өнер сүйіп еңбектенер,өмір жолы өшпестей өрнектелер»деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз.Ал кәне арулар іске сәт!

/Арулар іске кіріседі/

Әділ қазылар арулардың шеберлігін анықтап болғанша ертеңгілігімізді жалғастырайық.Аналарымызға арналған ән шырқайық!

Ән: «Ай дидарлы анашым»


Би « КӨБЕЛЕКТЕР»


Жүргізуші: 4-ші шартымыз «Тапқырлар,білгірлер,білімділер»Ару қыздар конверт таңдап ішіндегі екі сұраққа жауап береді.

/Арулар шартты орындайды./


ЖҰРГІЗУШІ: АНА ДЕП ЖЫР ЖЫРЛАСАҚ, АНА ДЕП ӘН АЙТСАҚ, АНАЛАРДЫҢ АНАСЫ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕРІМІЗДІ ДЕ ҚҰРМЕТТЕЙМІЗ. ҚАЗІРГІ АЙТЫЛАТЫН ӘНІМІЗДЕ ӘЖЕЛЕР СІЗДЕР ЖАЙЛЫ.

ӘН «САҒЫНДЫМ ӘЖЕ»

БИ «МАТРОСТАР».


Жүргізуші: 5-шартымыз «сәндік киімдер»/газет,пакет,жылтыр қағаз т.б/

Бүгін сендер құлпырған жұлдыз бәрін.

Ару-қыздар Ай көрік, қылығы күн.

Ескеріңдер ертеңі ел тағдыры

Сендердің қолдарында жер тағдыры.-деп аруларымызды ортаға шақырайық.


Жүргізуші:Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.


1 Бас жүлде «Балабақша аруы»

2 « Көрермендер көзайымы»

3 «Өнерлі қыз»

4 «Мың бұралған биші»

5 «Көрікті қыз»


8 – НАУРЫЗ 2014 ЖЫЛ КӨКТЕМІ

ҚЫСТЫҢ КЕТТІ АЯЗЫНЫҢ ӨКТЕМІ.

МЕРЕКЕҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ХАНЫМДАР

КҮНДЕЙ БОЛЫП ЖАРҚЫРАҢДАР КӨКТЕГІ – ДЕЙ ОТЫРЫП БҮГІНГІ САЙЫСЫМЫЗДЫ АЯҚТАЙМЫЗ. АРДАҚТЫ АНАЛАР ТАҒАДА МЕЙРАМДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН.

Жүргізуші ертеңгілікті аяқтайды.


















































«Ару қыздар»

/мектепалды даярлық топтарына арналған мерекелік сценари./









Тәрбиеші:Шонаева.Қ.Р







Ақтау-2020

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі