жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мерекелік сценарий ересек тобы"Аналарға тілек"
«Анаға тілек»
Ұлдар залға әуенмен кіреді.
1ұл: Ана биік, ана аспан төбедегі,
Ана ғұмыр, дастаным өлеңдегі.
Ана сұлу аққуым көлімдегі,
Ана жарық жұлдызым көгімдегі.Әлинұр
2 ұл:Мерекені қарсы алып, мәз болады барша жұрт
Гүл ұсынып қыздарға, біз алдынан шығамыз. Дарын
3 ұл:Наурыздың сегізі, Сұлулықтың негізі.
Ару қыздар, сұлу қыздар - Алихан
Ұлдар:Көктем мерекесі құтты болсын!
Ән «16 қыз»
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.
Айлин-ай, Амина-ай,
Зерем-ай, Марина-ай,
Сәулем-ай, Диана-ай,
Аиша-ай, Дильназ-ай!
Әшекей қыз Мейірсана-ай,
Еркелеген Қымбат-ай,
Қамқоршы қыз Сабира-ай!
Тындаушы еді-ау,Жанар-ай!
Қайда кетті Аягөз?
Я люблю тебя, Клара-ай!
Қарағым, айналайын, черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Втарой, третей сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенін өзің?
Айлин-ай, Амина-ай,
Зерем-ай, Марина-ай,
Сәулем-ай, Диана-ай,
Аиша-ай, Дильназ-ай!
Әшекей қыз Мейірсана-ай,
Еркелеген Қымбат-ай,
Қамқоршы қыз Сабира-ай!
Тындаушы еді-ау,Жанар-ай!
Қайда кетті Аягөз?
Я люблю тебя, Толғанай!
Ұлдар ортаға турып, қыздарды қарсы алады. Залға қыздар кіреді, ұлдардың қасынан өтеді де, бірге орындарына тұрады.
Тақпақтар
О, анам алтыным деп аяладың,
Қолыңнан келгенінді аямадың.
Мәңгілік бас иетін қасиетін
Анашым өзіңсің ғой сая бағым.
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!
Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Армысың ақ жаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.
Сыйлаймыз біз жырымызды,
Сізге арнап жаттаған
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын ақ анам!
Ән «Ай дидарлы анашым»
Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Біз мерекеде сіздерді демалу үшін шақырдық. Бүгін сіздерге кішкене болса да демалыс сыйлағымыз келеді. Айтыныздаршы құрметті аналар сіздер үйде демаласыздар ма? (Аналар жауаптары)
Біраздан соң осы сұраққа жауап алармыз,бірақ соңғы ақпараттарға сүйенсек аналарымыз, теледидар көріп демалғанды жақсы көреді екен.Жұмысты да, үй тірлігін үлгеріп жатасыздар,оны білеміз.Ал енді балалардан аналарының қандай бағдарламаны көретінін сұрап көрейін.
Балалардың жауаптары: «Милион кімге бұйырады?», «Қалаулым»,
«Жаңалықтар» «Әйел бақыты», «Айтуға оңай», «Астарлы ақиқат»,Қарапайым ханшайым», «Дара жол», «Қызықтаймс»,«Берекелі шаңырақ», «Екі жұлдыз»,
Жүргізуші:Пай-пай , қаншама бағдарлама ?«Балалы үйдің - ұрлығы жатпас» деген осы.Ендеше, біздің балалар сіздерге бағдарламаларды дайындап қойған сияқты.Телеэкран алдына жақындап, күшті көңіл күймен бағдарламаны тамашалауыңызды сұраймыз.
Мирас Сегізінші наурызға,
Сыйлаймыз деп сыйлықты
Анамызға іздедік:
Әтір ме, помада ма, қораптағы кәмпит пе?
Әдемі открытка ма, бәйшешек гүлі ме?
Мүмкін брошка деп шештік?!
Барлық дүкенді араладық,
Сыйлық жоқ қой таң қаларлық.
Хамза Көп ойландық, сыйлықты іздедік,
Айтыңдаршы, қай дүкенді көрмедік?. Иә, иә,иә
Джакузиге ақша жоқ,
Турцияға да билет ала алмадық,
Мерседеске әкем ақша бермеді,
Не сыйлаймыз аналарға біз енді.
Барлығы: Балабақша телеарнасына билет.
Жүргізуші: Бүгін тек сіздер үшін №24 «Айналайын » балабақшасының «Ақбота» телеарнасы жұмыс жасайды. Мерекелік бағдарламамызда
көгілдір экранда
«Таңшолпан» бағдарламасы.
Қымбат: Армысыздар аналар, ару қыздар!Сіздерге тікелей эфир арқылы мерекелік тартуымызды ұсынамыз. Бүгінгі аңдатпада жігіттерге беретін кеңесіміз бар.Киімнің түсі мен сапасы жақсы ,өлшемі ыңғайлы болу керек.Егер киім үлкен немесе қысып тұрса, сатып алмаңыз. Қыздар жігіттердің шляпаларына назар аударыңыздар!
Ахметали:
Құрметті аналар!Сіздерден өскен балалар
Батырлармен даналар
Мерекені бастайық
Теледидарды қосайық,
Ұлдар шляпаларын киіп кіреді.
Тақпақтар:
Тату-тәтті жүреміз,
Аналарды сүйеміз.
Әрқашан да оларға,
Басымызды иеміз. Амир
Қыздар айтса ұғамыз,
Жолды беріп тұрамыз.
Бақшаға олар келгенде,
Алдарынан шығамыз. Нұрбек
Біз қыздарды, тыңдаймыз,
Итеріп қумаймыз.
Бұрымынан тартқылап,
Біз тентектік қылмаймыз.
Әсем әуен көңіл күймен
Бәрі бірге : Жігіттер биін тамашалаңыздар Әнуар
Би «Жігіттер »
«Жаңалықтар» бағдарламасы - Армысыздар басты ақпараттық арнаның эфирінде «Жаңалықтар».Студияда - Ерланұлы Әлинұр.
«Жас балдырған» партиясы мерекелік күндері барлық аналарға сыйлықтарын жасады. Себебі ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры,әр отбасының алтын дінгегі.
Ендеше аналарға арналған арнайы тілшіміздің репортажын ұсынамыз.
«Тікелей эфир» видео көрсетілім.
Жүргізуші: Енді міне аналар туралы бәрі біліп қойдық.
«Ауа райы болжамы» бағдарламасы
Амина : Хабарымызды жалғастырамыз, ендігі кезекте «Ауа райы болжамы»
Өткен шақта да. Келер шақта да
Аналармен өткізілетін әрбір күн ашық,
ауа температурасы күндіз де, түнде де +36 градус ыстық болады .
Себебі анамыздың тілегі, анамыздың жүрегі шексіз гүлді әлем!!!
Би «Гүлдер биі»
2 бала шығады: Аиша және Ерәділ
Жүргізуші Аиша: Эфирде «Сен сұлу» бағдарламасы
Мерекеде бүгінгі, сәнді көйлекті,
Париждың соңғы модасымен үлгі етіп киеміз,
Бізді «Ең сұлу, әдемі ханшайым!- дейсіз.Аиша
Өспей жатып біздің қыздар требует модалар.
Ұйықтағанша сәнденіп, тобымызда әндетіп,
Бір – бірінің шашын тарап,тұрады күні бойы айнаға қарап. Ерәділ
Жүргізуші: Мінекей көктемде келіп қалды, біздің аналарымызға киімдерін ауыстыру керек. Біз қазір 2020 жылғы жаңа тенденциялық модаларды назарларыңызға ұсына отырып көрсетеміз.
1 Модель. Мейірсана Ана- үйбикесі: Қажетті атрибут ол әдемі – алжапқыш, осы алжапқыш аналарымызға жақсы көңіл күй келтіре тырып, дәмді ас дайындауға мүмкіндік береді. Басына киетін баскиімі, әдемі, сәнді.
2 Модель. ДілназБұл сәнді киім әжелелерімізге көбірек жақын, олар немелерімен қыдырғанда үстіне жеңіл спартивка, аяғы адидас красовкасын киіп алса,қартаюдан құтылады және арықтауға көмектеседі.
3 Модель: Қымбат Әжемізге де, анамызға да және барлық экзотикалық елдерге демалғысы келген кісілерге арналған. Жеңіл шорты- фигураларыңыздың әдемілігін, ашық түсті футболка – эзотикалық табиғат суретінмен таң қалдырады, шляпа мен көзілдірік күн сәулесінен қорғайды.
4Модель: А.ЗереАл енді сіздер Турция, Дубайда демалудан шаршасаңыздар, сырты қалалалық вилла немесе дачада демалатын болсаңыздар келесі моделімізді шақырайық. Тек қана « без комментарий». Келесі моделімізге ду қол шапалақ!
Жүргізуші:
Міне бітті модный паказ,
Анамыз үшін көрсеттік біраз
Егер сұрақтар бар болса
Біз жауабын береміз.
Модница етіп жібереміз.
Эстафета ойыны :«Анамызды сәндейміз» (Аналардың киімін, аксесуарларын тағып сәндейді)
Жүргізуші: Келесі бағдарламамыз «Қарапайым -Ханшайым» экстремалды реалити-шоуы.Бұл жобаға әрбір ауыл мен қала қыздары қатысады .Жоба қатысушыларын ортаға шақырамыз.(Зере алжапқыш ,орамал киеді.Екеуінде чемодан)
С.Зере.-Бақытты басқа жақтан іздеп жүрсем,бақыт өзімнің үйімде екен.
Байлықты басқа жақтан іздеп жүрсем , байлық өзімнің үйімде екен.
Қолда бар алтынның қадірін білу керек!
Марина.-Биік өкше туфлиімді киіп, ауылға барғанда, мені есек арба күтіп алғанын көріп шошып кеттім. Біздің қалада есекке отыруға тыйым салынған.
Дегенмен маған әрдайым жылы қабақ танытып , ақылын аямаған қазақ аналарына алғысым шексіз.Сіздерге арнап Испан биін билеп береміз .Қабыл алыңыздар!
Би «Испан қызы»
1 бала шығады: Айлин .Назарларыңызға «Астарлы ақиқат» ток-шоуын ұсынамыз.Сіздермен бірге Айлин Ыбырай.Бүгін біз ерекше қонақтармен қауышамыз.Олар шет тіліндегі кітаптарды көзді ашып-жұмғанша басынан аяғына дейін оқиды. Шет елді бағындырып жүретін дарынды балалар.
Тақпақтар :
Хиэ авэ флауэз
Форе вэри спэшл дэй
Джаст фо ю
Он мавэз дэй Аят
Вериз ноу блэсин
Квайт соу диэ
Эз э мам лайк
Ту лав иэ афтэ иэ Назар
Май мавэ из вери найс
Шиз гот бьютифул айз
Шиз гот э смайл ту чам ас
Шиз гот э сон ту кам ас Марин
«Мазэс дэй» ағылшын тілінде өлең
Ділнәз :
В слове мама – неба свет, голубого, чистого
В слове мама – солнца свет яркого, лучистого.
Только скажешь слово мама – радостью повеет прямо.
Да, мы знаем слов не мало, но, прекраснее всех – мама.
Если вдруг ты заболеешь, оглянуться не успеешь
Вот уж мамочка спешит, значит, мама исцелит.
Нежностью и лаской и любимой сказкой.
Слово мама вечным будет, это точно знают люди, это точно знают дети
Барлығы: Мама – лучше всех на свете!
Ән: «Мама-лучшая на свете» (Диана,Аиша,Сәуле,Амина аналарымен)
Жүргізуші: Келесі бағдарламада Маруф Синг - бойы бір қарыс, сақалы мың қарыс «Экстрасенстер шайқасы» тележобасына қатысқан мықты балгерлердің бірі.Қошеметпен қарсы алайық!
БАЛГЕР :Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Мен барлық адамға тура қарасам болды,(Бажырайтып көзімен ,балаларға қарап) ол туралы бәрін біліп тұрамын.Сіздің қалтаңызда қызыл орамал бар(Алдын ала Толғанай Жаңабайқызының қалтасына қызыл орамал салып қою керек),ал сіздің төрт баланыз бар.(Зеренің анасына –Камила).Дұрыс па? Тіпте балалардың не ойлайтынын білемін. Мысалы мына бала - Әмір әжесін құттықтаймын дейді. Мына қыздың аты –Қымбат, ал мынау Зере .Олар әжесіне әдемі ән айтып қуантамын дейді. Солай ма?
Әмір:
Әжелерді ардақтап қуанатын келді күн,
Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін,
Бөбегіннің тілегі қабыл алшы әжетай
Ұзақ өмір жүз жасап жүрші әже қамықпай.
Зере.А
Әже дегеніміз кім? Ол анамыздың анасы.
Менің әжем – керемет, ол әкемнің де анасы,
Біздің әжеге әдемілеп, ән салайық би билеп.
«Әже менің тамаша» әні орындалады.
БАЛГЕР : Аналардың мен секілді көріпкелдігі бар ма екен білеміз.
Ойын «Өз балаңды қолынан таны»( 5 бала аналарымен шығады .Матаның артынан қолын арнайы тесілген жерден шығарын ,аналар өз баласын табады.)
Жүргізуші: Ана деген асыл жан
Мөлдіреп аққан бұлағың
Ана деген асыл жан
Мойныңа таққан тұмарың
Ана деген асыл жан
Жарқырап шыққан шырағың
Ана деген асыл жан
Ұшып келіп қонар тұрағың.- деп ерекше жауқазын гүліндей құлпырып тұратын аналарымыз мерекелік «Көбелектер мен гүлдер» биін тарту етеді..Би «Көбелектер мен гүлдер»
БАЛГЕР қоштасып шығып кетеді:
Жүргізуші: Аяулы аналар сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат, жүздеріңіз жарқын болғанын тілейміз.
Диана: Телеарна жұмысын аяқтайды,
Қияға қимыл менен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебіреніп,
Ақ мамам әнін сіздерге бағыштайды.
Ән «Ақ мамам »
Балалар сыйлықтарын табыстайды
Құрметті аналарым, көк экран алдынғы теларна бағдарламалары өз мәресіне жетті. Теледидарды көп қарамай бір – бірмізбен тілдесейік ,ең бастысы осы. Тілдесуден артық бағдарлама жоқ.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген