жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мерекелік сценарый
Бекітемін_________
Тақырыбы: «Армысың, әз-наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау.Ұлттық салт-дәстүр,әдеп-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп,қастерлеуге ,қасиетін түсінуге баулу.Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру.Балаларды ұлттық салт-дәстүрді,мұраларды танып білуге ,сыйлап түсінуге үйрету.Балалардың ой-қиялының,шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Көрнекіліктер: Әсем безендірілген зал,шарлар,гүлдер,слайд,ойынға қажетті құралдар.
Кейіпкерлер: Әже.Алдаркөсе.Қыдыр ата.Тыңшы.Анасы.Немересі.
(1бала атқа мініп залға кіреді)
Уа халқым туысқан,
Наурыз тойды ұзақ алыстан.
Сол тойға келдім шақыртып,
Ат терлетіп алыстан.
(Барлық балалар залға қол ұстасып,жұптасып әдемі әуен ырғағында билеп кіреді).
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті қонақтар,ата-аналар,апайлар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті.Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн –біздің ата-бабаларымыз,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!
(2 бала ортаға шығады).
Адият: Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Айдын: Уағалейкум.
Ұлыс оң болсын,
Пәле-жала жерге енсін.
Екі бала төс қағыстырып аман-саулық сұрасады.
Жүргізуші: Балалар бүгін біздерге Ұлыстың ұлы күні ақ батасын беруге Қыдыр ата келе жатыр екен,қане қарсы алайық.
(Залға ақ шапан киген Қыдыр ата келеді)
Қыдыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсың мерейің,
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тіліекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!
Жүргізуші: Қыдыр ата,қош келдіңіз ортаға жайғасыңыз бүгін біздің «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыз!
Қыдыр ата: Жарайды құрметтеп төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығым жоқ.
Жүргізуші: Келесі кезекті осынау мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Тақпақтар:Анель, Кәусәр, Мадина, Б.Арсен.Ислам
Анель:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!
Кәусәр:
Құрт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашалсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын!
Мадина:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Бәле-жала жерге енсін!
Б.Арсен:
Наурыз тойы-тамаша.
Наурыз тойы-жаңаша,
Табиғатта тамаша.
Тамылжып тұр жараса
Ислам.
Пробудилась земля
Значит к нам пришла весна
Пой,танцуй и веселись,
Встретим праздник Наурыз.
(Әуенмен Тыңшы кіреді.)
Тыңшы: Бір дыбыс естіледі маған.Тыңдайыншы қазір. (үлкен құлағымен жерді тыңдайды.) Жер бетінде дүбірлеген тойлар өтіп жатыр екен. Қазақстанның барлық жерлерінде наурыз тойланып жатыр.
Сәлеметсіздерме балалар.
-Мен тыңшымын.
-Менің құлағым үлкен.Сондықтанда мен бәрін естіп жүремін.
-Тыңдаңдаршы, тыныш-тыныш ( үлкен құлағымен жерді тыңдайды) біреу келе жатқан сияқты бізге.
-Кім келе жатыр екен.
-Балалар Әже келе жатыр,мерекемізді тойлауға.
Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр екен қарсы алайық.
(Әже қолында тостаған ұстаған наурыз көже ұстап келеді)
Әже: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын. Әр шаңыраққа береке,бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Әже: Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
Балалар: Наурыз көже.
Әже: Дұрыс айтасыңдар. Бұл наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен жасайды. Оған: сүр ет,сүзбе,бидай,құрт,тары,май,тұз. Наурыз көже ең дәмді, ең тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тай қазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.
Жүргізуші: Наурыз – бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз - көктем мерекесі. Ендеше «Наурыз» туралы ән шырқайық.
Ән: «Наурыз көктем»
Тыңшы: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Ойын ойнаймызба?
-Балалар:-Ия.
-Қане өзіміздің «Орамал тастамақ» деген ұлттық ойынымызды ойнайықшы.
Шарты: Ортаға бір қыз бала қолына ормал ұстап шығады. Ұл балдар әуенмен қыз баланы атпен шауып айналып жүреді. Әуен тоқтаған кезде қыз бала орамалды лақтырады ,қай бала қағып алады сол жеңімпаз болады.
Тақпақтар: Нұрлы.Інжу.Ғаламат.Шұғыла.Мереке.
Нұрлы.
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Інжу.
Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен көл,
Кемерін асады.
Ғаламат.
Құтты болсын Наурыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ай.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кеңелді.
Шұғыла.
Ұлы күні ұлыстың,
Күн мен түні теңелді.
Тәтті дәмін ырыстың
Тәттік наурыз көжеден.
Мереке.
Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын,наурызымды,
Шуағын жерге төккен бақыт күйін.
Жүргізуші: Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Соның ішінде Тілашар салты бұрыннан ата-бабамыздан келе жатырған дәстүр. Ендеше Тілашар салтына кезек берейік.
Әже: Тілашар ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрдің бірі. Бала жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу-құралдарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды. Айналайын келінжан, немереміз жеті жасқа толды,бүгін білім күні, білім ордасы мектепке апарайық.
Анасы: Балам, біз бүгін мектепке барамыз.
Немересі: Әже, мектеп дегеніміз не?
Әже: Мектеп – білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да, мұғалім де, жазушы да, дәрігер де бәрі де білім алған. Тіпті атаң да, мен де, әкең де сол мектептен әріп танып, оқығанбыз, тәрбие алғанбыз.
Анасы:
Оқы, балам!
Құтты болсын
Білім-қадам.
Отан-анаң
Аялаған!
Ұстаз-данаң
Болсын аман.
Сақтап Аллам,
Бақ тап алдан.
Әжесі: Жүре ғой құлыным! Қыдыр атадан бата алайық.
Қыдыр ата:
Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл.
Ата менен анаңның! Әумин!
Анасы: Жүр құлыным ендеше мектепке барайық.
Ән: «Қош келдің әз-Наурыз»
Жүргізуші:
Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз.
Би: «Шаңырақ»
Жүргізуші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Тыңшы: Мен тағы бір дыбыс естіп тұрмын.(үлкен құлағымен жерді тыңдайды).Алыс жақтан біреу келе жатқан сияқты.
-Тыңдап көрейінші (үлкен құлағымен жерді тыңдайды).
-Балалар Алдар көсе келе жатыр .Алдар көсе деп айқайлайды.
(Музыкамен әндетіп ортаға Алдар көсе кіреді)
Алдар көсе:
Мен Алдармын, Алдырмын
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұртта жоқ,
Шайтанды да алдадым.
А-а-а, о-о-о, е-е-е.
Бұл жерде мереке болып жатыр ма?
Жүргізуші: Ия, Алдар көңіл-күйің жақсы екен, амансың ба?
Алдар көсе: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын. Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп көңілді келемін.(көрсетіп қояды шапанын)
Жүргізуші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын!
Алдар көсе: Рахмет! Мен сендерге құр келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ала келдім.
Ұлттық ойын: «Асық ату»
Шарты: Ортаға ұл балалар шығып, шеңбер бойымен айнала отырып, жүргізушінің нұсқауымен кезектесіп ату арқылы ,хан асықты ұтып алу керек.
Жүргізуші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте қатты ұнады, кел дастархан басына төрлет.
Алдар көсе: Рахмет (дастархан басына отырады).
Тақпақтар: Бақыт.,Аймерей. Гүлназым.А Арсен
Бақыт:
Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат-күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.
Аймерей:
Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Гүлназым:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане,достар,қане,достар.
Шырқап әнге салайық!
А.Арсен.
Наурыз-это праздник веселья!
Наурыз-это праздник Весны!
Наурыз –это празднк цветенье!
Наурыз-это праздник любви!
Наурыз-это радость и смех!
Наурыз-это праздник для всех!
Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың әсем әнін қабыл алыңыздар қошеметтеп отырайық.
Ән: «Қош келдің төрлет наурызым»
Жүргізуші:
Құтты болсын ұлыстың ұлы күні
Шаттандырған елімді тәңір нұры
Думандатып мейрамда
Биден шашу шашайық
Би: «Батырлар»
Жүргізуші: «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата батасы:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Дастарханың кең болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын! Әумин!
Жүргізуші: Әумин, айтқаныңыз келсін! Бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын! Елімізде тек жақсы күндер көп болсын! Ұрпағымыз ата-баба дәстүрін ұлықтап өтсін! Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға дастарханға шақырамыз. Сау болыңыздар! Көріскенше күндерініз шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым-қайғысыз, аман-сау жетейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген