15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Мерекең мен сүйкімді де сымбатты анашым»
«Мерекең мен сүйкімді де сымбатты анашым»
ҰОҚ: Балаларға көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз туралы түсінік беру. Балалардың бойындағы өнерлерін қысылмай көрсетіп,өздерін еркін ұстауға дағдыландыру,тілдерін дамыту. Аналарды сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Армысыздар ,әжелер,ардақты да аяулы аналар,ұстаздар,сүйкімді қыздар! Сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз.
«Күншуақ» тобының «Мерекең мен сүйкімді де сымбатты анашым» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер.
Тәрбиеші:
Балалар бүгін бізде аналардың,әжелердің,сүйкімді қыздарымыздың мерекесі.
Балалар бүгін барлықтарың сондай әдемісіңдер.
Құрметті аналар балалардың сіздерге арнаған әсем әнің қабыл алыңыздар.
Ән: «Мамамның мерекесі»
Тәрбиеші:Құрметті аналар балалардың сіздерге арнаған жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Бала: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Бала: Анам менің «айым» дейді
Мен мұнайсам «уайым»жейді
Анам менің «күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді
Бала: Мен ұйықтағанда айтады,
Ертегісін,әндерін
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің
Бала: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді
Бала: Менің мамам әдемі
Бәріненде жақсы адам
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің аналар мерекесіне әр қашан көңілді жүретін сайқымазақ досымды қонаққа шақырдым .
Онда шапалақ соғып қонағымызды қарсы алайық.
Музыка ойнап ортаға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балалар?Бүгін сендер қандай әдемісіңдер.Сендерге қарап қызығып тұрмын.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе сайқымазақ ,бүгінгі біздің аналарға арнаған мерекемізге қош келдің .
Сайқымазақ сен білесің бе? Бүгінгі біздің аналарға арнаған мерекемізге әдемі қуыршақтар қонаққа келіп қалыпты.Біздің топтың қыздары қуыршақтармен би билеиді.Сайқымазақ сен би билеу білесің бе?
Сайқымазақ: Әрине ,білемің қалай билейтінімді билеп көрсетейін бе?
Тәрбиеші:
Тоқтай тұр сайқымазақ,сен біздің қыздармен ,қуыршақтармен би билеп өзіңнің қалай билейтініңді көрсет. Құрметті аналар сүйкімдіде,өнерлі қыздарымыздың сіздерге арнаған биін қабыл алыңыздар.
Би: «Қуыршақтар»
Тәрбиеші:
Сайқымазақ біздің қыздар биді қалай билейді екен.
Сайқымазақ:Қыздар биді тамаша билейді екен
Тәрбиеші:
Сайқымазақ білесің бе ?
Біздің алаңқайға гүлдер өсіпті.Өсы гүлдерді балалармен бірге жинап,аналарымызға сыйлайық.
Сайқымазақ :Әрине ,мен гүл жинағанды жақсы көрем.
Ойын: «Гүл жинау»
Тәрбиеші:Сайқымазақ біздің балалар аналарға арнаған жылы ілебіздерін арнаймыз дейді .
Сайқымазақ: Мен де арнайыншы?
Тәрбиеші:Сайқымазақ балалардың жылы лебізіңе сенде қосылып бірге сыйла. Құрметті аналар балаларыңыздың сіздерге арнаған жылы лебіздерің қабыл алыңыздар.
Бала: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Бала: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Бала: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Тек қуантсам деп келемін.
Бала: Анашым анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам
Бала: Маму я обниму,
Крепко поцелую.
Тәрбиеші: Сайқымазақ ал сен ән айта аласың ба?
Сайқымазақ: Мен әншімін ғой,мен сияқты еш кім ән айта алмайды.
Тәрбиеші:Ой,сайқымазақ мақтаншақсың ғой.
Балалардың мерекеге арнаған әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Кел,балақан»
Тәрбиеші: Сайқымазақ сен сәндену білесің бе?
Сайқымазақ: Мен күшті сәндене аламын ғой.
Тәрбиеші: Сайқымазақ сенің сәнденгенің жақсы бірақ біздің қыздар сияқты сәндене алмайсың.Кәзір біздің қыздар қалай сәндеу керек екенің көрсетеді.
Сайқымазақ біздің қыздармен ойын ойнаймыз.
Ойын: «Қуыршақты сәндейміз»
Тәрбиешіі: Сайқымазақ аналарға жылы лебіздерін сыйлауға ортаға балаларды шақырайық.Балалардың сіздерге арнаған жылы лебізің қабыл алыңыздар.
Бала: Анамызды жайнатқан,
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық,мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Бала: Мама,мамочка моя,
Я тебя люблю.
Бала: Ақтаймын анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқорысың сәбидің
Гүлі сен әр үйдің.
Тәрбиеші: Сайқымазақ сен қай мезгіл келгенің білесің бе?
Сайқымазақ: Әрине білем көктем.
Тәрбиеші: Сайқымазақ көктемде аюлар қонжығымен ұйқыдан оянады ғой.Бүгін бізге қонаққа қонжықтар келіпті.Аналар балалардың мерекеге арнаған биін қабыл алыңыздар.
Би: «Аюлар»
Тәрбиеші: Біздің топтың қыздары сендерді бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймыз. Ұлдар бүгінгі мерекеге сендерге өздері жасаған әдемі гүлдерін сыйлайды,қабыл алыңдар.(ұлдар қыздарға сыйлықтарын сыйлайды)
Тәрбиеші:Сегізінші наурызға
Құттықтаймыз ананы
Теңеп оны жұлдызға
Сый тартамыз бағалы-қымбатты әжелер мен аналар балаларыңыздың сыйлығын қабыл алыңыздар.
Тәрбиешіші: О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасындағы кәрің де
Сыйынатын болса өмірге құдірет
Сыйынар
ем ана деген тәңірге- дей отырып бүгінгі
«Мерекеңмен анашым» ертеңгілігімізді
аяқтаймыз. Құрметті аналар! Сіздерді
мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Келіп
тамашалағандарыңызға көп рахмет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген