Мерекеңмен, анашым!

Тақырып бойынша 23 материал табылды

Мерекеңмен, анашым!

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған ертеңгілік сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерекеңмен, Анашым!

Мақсаты:

  • Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;

  • Анасын сүю арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Дүниеде жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру;

Жүргізуші:

-Армысыңдар,ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар,сымбатты арулар! Өздеріңізге арналған «Жұлдыз» ортаңғы тобының «Мерекеңмен, анашым!» атты мерекелік ертеңгілімізге қош келдіңіздер.

Армысың ару қыздар,абзал ана,

Анаға тең келер бар ма дана?
Мерекең бүгінгі құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

-Мерекелеріңіз құтты болсын.Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,отбасыларыңызға амандық,татулық,еңбектеріңізге жеміс тілейміз.Балаға ең жақын сіздер-аналар,сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл –Ана.Ендеше,аналар сіздер үшін мереке күні бар өнерлерін көрсететін бүлдіршіндерімізді қарсы алайық!(Балалар музыка әуенімен залға келеді)

Сұрақ-жауап

Анар:

Көктем келе жер жайнайды,

Көкпеңбек бар аймағы,

Қырдан қызық көреміз,

Қызғалдығын тереміз-дей келе, балаларымыздың көктем мезгіліне арналған жыр-шашуларын тыңдайық.Ортаға:Бекасыл, Фатима, Айнамкөз,Әбілқайыр


Бекасыл:Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп.
Күн ашылса болғаны,
Көлбеңдейді көбелек

Фатима:Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.


Айнамкөз:Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.

Әбілқайыр:Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.

Ықпал:Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел,балалар,бәріміз,

Қарсы алайық көктемді.

Көктем:Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауамда,

Нұр боп көктем төгілем.

Шуағын төгіп әлемге,

Қуатын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне,

Тіршілігін әкелем.

Ықпал:Көктем келді,балалар,

Жердің беті жаңарар.

Ақ сүт беріп өсірген,

Аман болсын аналар-дей келе балаларымыздың орындауында «Көктем келді» әні.

Ән: «Көктем келді»

Анар:Мың бұрала арулар,

Шықты міне ортаға.

Шыр айнала майысып,

Би-билейді шаттана-дей келе қыздарымыздың орындауында «Гүлдер» биін тамашалаңыздар.

Би: «Гүлдер»

Аниматор шақыру

Флешмоб

Ықпал: Лол қуыршақ біздің балаларымыз өте өнерлі балалар.Қыздарымыздың орындауында «Менің қуыршағым» әнін қабыл алыңыздар!

Анар:Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.Бүлдіршіндеріміздің әжелеріне арналған тақпақтарын тыңдайық.Ортаға:Ақниет, Асылжан, Аяулым, Нұртілек, Батыр,Айя, Алинұр

Ақниет:Менің әжем,ақ әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Аяулым:Мені жақсы көреді,

Көп ертегі біледі.

Күндей күліп жүреді.

Маған айтып береді.

Нұртілек:Әжемдей данадан,

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан.

Жүгіріп барамын.

Батыр:Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантамын деп оны,

Өлең айтып берейін.

Айя:Немересін жанындай,

Әжем жақсы көреді.

Барса қонаққа балам деп,

Кәмпит әкеп береді.

Алинұр:Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяқа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

ӘН: «Менің әжем»

Көктем:Балалар,мен сендерге ойын әкелдім.Ойын ойнағыларың келеме?

Ойын: «Гүл сыйлаймын»

Жүргізуші:Таңдай қаға тамсана,

Тіршіліктің басы-ана.

Қыздырайық мерекені біз,

Тақпақ айтып бәріміз - дей келе балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.Ортаға:Раяна, Мөлдір, Омар, Балжан, Айару,Ақнұр

Раяна:Анам менің аппақ,

Үйретеді тақпақ.

Алам оны жаттап,

Айтып берем өзіне,

Қуанады мақтап.



Мөлдір:Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам,

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын жақсы адам.

Омар:Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет

Айару:Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым


Ақнұр: Ана,ана,анасың,

Әрқашан маған данасың.

Ақ сүт беріп өсірдің,

Түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Ризамын саған анашым!


Ықпал:Ару-Ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары-дей келе Ақнұр,Мөлдір,Әбілқайыр балаларымыздың орындауында «Анашым-қартаймашы» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Анашым-қартаймашы»

Жүргізуші:Шалқып тасып әніміз,
                    Жадырасын жанымыз.
                    Аналарды құттықтап,
                    Би билейміз бәріміз-дей келе тобымыздың ұл балаларының орындауында «Кішкентай буратинолар» биін қабыл алыңыздар.

Би:«Кішкентай буратинолар»

Жүргізуші:Осы күнді бар бала,

Тағатсыз-ақ күтеді.

Өз қолымен жасаған,

Сыйлықтарын сіздерге,

Сыйлайтұғын кез келді.

Бүлдіршіндеріміздің өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Аниматор: Балалар, мен сендерге құр алақан келген жоқпын, барлықтарыңа сыйлық ала келдім!

Жүргізуші:Бақытты ғой шынында,

Анасымен балалар.

Аман болсын әрқашан,

Ақ жаулықты аналар!

Аналар,қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.

-Асыл аналар,балғын балақайлар,қонақтар!Баршаңызға баянды бақыт,мықты денсаулық,ұзақ өмір,шуақты күндер тілей отырып,бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Көріскенше күн нұрлы болсын!Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!Сау болыңыздар!
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2023
376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі