жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мерекеңмен Анашым
«Ана біздің күніміз, ана біздің гүліміз»
«Мерекеңмен, Анашым!»
Зал 8 наурыз мерекесіне сай безендірілген. Музыка әуенімен ұлдар қолдарына жүрек ұстап әсем ырғақпен залға кіреді де, орындарына барып тұрады.
Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достық қастерлей білуге
Жүргізуші: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған
Аналардың ақ нұрынан жаралған»
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі
,Ардақты
аналарған арналған.— дей отырып қадірлі
аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен
күлімдей келген халықаралық әйелдер
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Балалар
хормен:
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті
апа, аналар!
Жүргізуші:Мерекеге
арналған «Әдемі» тобының бүгінгі
«Мерекеңмен, Анашым!» атты ертеңгілігіне
қош келдіңіздер! Олай болса, балалардың
мерекеде өздеріңізге арнаған «Ақ мамам»
атты әнін қабыл алыңыздар.
Ән:
«Ақ мамам»
Жүргізуші:
Құрметті
біздің әжелер мен аналар бүгін біз
мерекеде сіздерді демалу үшін шақырдық.
Айтыныздаршы құрметті аналар сіздер
үйде демаласыздарма?Білесіздерме біз
бұл сұрақты балаларға қойып көргеміз,
тыңдайықшы олар деп айтар екен. Соңғы
сұрақтардың нәтижесінде аналарымыз,
теледидар көріп демалғанды жақсы көреді
екен. Сіздердің жұмыстарыңыз қиын, үй
тазалау, тамақ жасау, кір жууу, балаларды
мектепке апару бірақ сіздер өздеріңіздің
сүйікті телебағдарламаларыңызды көруді
ұмытпайсыздар. Иә ендеше, біздің балалар
сіздерге қажетті
бағдарламалар дайындап қойған сияқты, күшті көңіл күймен бағдарламаны тамашалауыңызды сұраймыз.
Сегізінші наурызға,
Сыйлаймыз деп сыйлықты
Анамызға іздедік:
Әтірме, помадама, Каробка кәмпетпе,
Әдемі открыткама, бәйшешек гүліме
Мүмкін брошка деп шештік
Барлық дүкенді араладық,
Сыйлық жоққой таңқалаларлық.
Көп ойландық, сыйлықты іздедік,
Айтыңдаршы қай дүкенді көрмедік. Иә, иә,иә
Джакузиге ақша жоқ,
Турцияға да билет ала алмадық,
Мерседеске әкем ақша бермеді,
Не сыйлаймыз аналарға біз енді.
Барлығы: Балабақша концертіне билет.
Бүгін тек сіздер үшін «Ана маған күн сыйлап, ғұмыр берген,Қасиетті анамның тілін берген,- дей келе балаларыңыздың өздеріңізге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Айша: Қадыр Мырза Әлі – «Ана»
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді
Томирис:Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
Рамазан:Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Жандос:Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Александр:С женским днем вас, милые
Девочки красивые,
Самые чудесные,
Яркие, прелестные!
Амирхан:Пусть весна подарит вам
Солнце, настроение,
Море счастья, радости,
Мира и веселья!
Жүргізуші:Жарайсыңдар!
(Музыка әуенімен көбелек кіреді)
Гүл: Наурыз айы көктеммен,
Күлімдеп күмбез көкте күн.
Жайқалған жасыл жапанға,
Жылулық нұрын төккенмін
-Сәлеметсіздер ме, балалар, апайлар, аналар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Жүргізуші:Сәлеметсізбе.Қош келдіңіз! Балаларымыздын өнерін тамашалап бізбен бірге болыңыз.Балалардың таұпақтарына кезек берейік.
Ерсін:«Ас - адамның арқауы»,
Аспазшы апай біледі.
Дәмді етіп бар қауымды
Ас-ауқат беріп жүреді.
Ханым:Аспазшы үлкен мамандық,
Тамағы тілді үйірген.
Сыйлайтын жанға денсаулық,
Өнерді түйген түйіннен.
Медина:Қолыңыздан тараған,
Керемет дәм мен көңіл-күй.
Бақ, байлық сізге тілесін,
Дәм татқан сізден әрбір үй.
Жүргізуші:Келесі кезекті ұлдардың орындауында «Аспаздар»биі
Би: «Аспаздар »
Гүл: Жарайсыңдар балалар. Балалар мен сендерге құр қол келеген жоқпын. Ойын алып келді. Менімен бірге ойнайсыңдар ма?
Ойын: «Гүл сыйлау»
Шарты:Анасы мен баласы, вальс билеп жатып, музыка тоқтағанда ұлдар жүгіріп барып ортада құмырада тұрған гүлді алып, анасына сыйлау керек. Кім бірінші сыйлайды, сол жеңімпаз.4 ұл мен анасы
Жүргізуші: Қар, мұз еріп, су көбейіп
Сай –салаға ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Бұл көктем мезгілінде болады.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде бізге кім жетіспейді.
Балалар: Көктем аруы
Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Барлығы: Ару көктем, ару көктем
(Музыка әуенімен залға Ару көктем кіреді.)
Көктем аруы: Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзің ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелем
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жүргізуші: Амансынба Көктем аруы. Қош келдіңіз! Шуағынды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер. Көктемді алып келген ханшайымымызға арнап неге би билемеске! Қыздардың орындауындағы биін қабыл алыңыздар.
Би: «Үнді биі»
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар,тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші:Келесі кезекте балаларымыздың өздерінің әжелерін, аналарына арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Балым:Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
Санжар:Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.
Дамира:Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Алдияр:Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Назерке:Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңда
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Айдария:Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Айбар:Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Аилин:Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Жүргізуші: Әже дегеніміз кім? Ол анамыздың анасы?
Менің әжем – керемет, ол әкемніңде анасы,
Әжелерге әдемелеп, ән салайық би билеп.
Ән: «Әжетайым!»
Көктем ханшайымы:Жарайсыңдар балалар, өте өнерлі, тапқыр, алғыр, ақылды балалар екенсіңдер. Көбелек екеуміз енді кетуіміз керек, басқа топтарға да барып мерекелеріне қатысуымыз керек, сол себептен сендермен қоштасуыма тура келіп тұр. (музыка әуенімен шығады.)
Балалар: Сау болыңыз, Көктем ханшайымы,Қызғалдақ
Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан ана Сізбен беркеміз,
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше.
Құрметті аналар мен әжелер, қызғалдақ қыздар, сіздерді тағы да бүлдіршіндер атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз,ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын. Осымен «Әдемі» тобының «Мерекеңмен ,Анашым!» атты ертеңгілігі аяқталды.Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген