Материалдар / Мерекеңмен Анашым.

Мерекеңмен Анашым.

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік балабақшада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
281
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұматтар беру. Аналарын, әжелерін құрметтеуге тәрбиелеу арқылы оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.Мәдени орындарда өздерін тәртіпті ұстауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Армысыңдар құрметті халайық! Көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіз құтты болсын. Аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңыздың басыңызға бақыт қонсын! Көмкеріп ән жырымен осы кешті, Жүзіңіз қуаныш пен күйге толсын-дей отырып, кешімізді бастайық.

Нұржигит: Құрметті аналар!Темирлан: Әжелер!Аман: Апалар!Аңсар: Қарындастар! Гүлім: Наурыздың сегізі- Сұлулықтың негізі, Әдемі сөз – баланың Анаға айтар лебізі.

Аяулым : Әлемдегі ақылды адам, Бәрінен сол жақын маған. Ол жанымда жүрсе мен де, Батырларша батылданам.

Назым : Кір түсірмей жағама, Шашымды да тарайсың. Бақшамызға барарда, Мейірлене қарайсың.

Адина : Ақыл құйған санама, Күннен артық, расында, Күн алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда.

Талшын : Ана деген не деген Ақ тілеулі жан еді. Алғысын алып оның мен Бақыт тапқым келеді. Аимира : Жүре білсем қасымда, Әйбат анам, ай анам. «Ботам» деген даусыңнан, Мен мәз болып оянам.

Диляра: Аялаған, саялаған, Бар бақытым, берекем, Апатайым, Құттықтаймын Бүгін сенің мерекең.

Нұржигит: Әжетайым, әжетай! Сізді жақсы көреміз. Сізге өлең, тақпақты Жатқа айтып береміз. Келді міне көктем де, Келді міне мейрамың. Ақтай алсам ақтармын, Ақ сүтіңді анашым.

Нарслу : Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым, Сегізінші Наурызбен.

Шапалақтап алайық, 1-2-3 Қызықты да көңілді, Тамашаны көрейік. Ғажайықа енейік.

Айым : Бала, бала, бала – деп, Мені өсірген анашым. Гүлге толсын құшағың, Бақытты бол анашым.

Лисана : Құшағыңа кіргенде, Жылынамын бір демде. Не жетеді көзіңе, Мейірімді күннен де.Жүргізуші: Балалар сендер қызықты ертегі көргілерің келе ме?

Балалар: Иә, көргіміз келеді.

Жүргізуші: Олай болса біз мына сиқырлы гүлден ертегі сұрайық. Шапалақтап алайық, 1-2-3 Қызықты ды көңілді. Тамашаны көрейік, Ғажайыпқа енейік. Біз ертегі көргіміз келеді.

Залға қоян кіреді. Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім, адасып қалдым. Енді қайдан табам?

Түлкі: –Мен ешкімнен қорықпаймын! Мен бәрін де алдаймын. Қоянның қасына келіп: -Әй, қоян, сен неге жылайсың?

Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.

Түлкі: Мамаң қандай?

Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.

түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен де әдемі. Нанбасаң қара! (Артына қарайды мамасы жоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басын ұстайды) Мен мамамды жоғалттым! (Екеуі жылайды)

Аю келеді. Бұл не шу, ұйқымнан ояттыңдар ғой!

Екеуі: Біз мамамыздан адастық.

Аю: Мамаларың қандай еді?

Екеуі: Сұлу, әп-әдемі!

Аю: Сендер өтірік айтасыңдар, менің мамам ең әдемі.

Торай кіреді:–Мынау не шу, не айқай? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр. Жүріңдер мен сендерге жол көрсетейін.

Барлығы: Рахмет, саған, Торай.

Би: «Аңдар биі»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ