«8 наурыз – аналар күні»
ертеңгіліктің сценариі
(«Күншуақ» тобына
арналған)
Залдың
іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Залға Жүргізуші
кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер,
құрметті қонақтар! Бүгін біз «8 - Наурыз» аналар мерекесін тойлауға
жиналып отырмыз.
Құтты
болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл
өмірде күліп қана жүріңіз!
-Біздің
бүлдіршіңдер бүгін сіздерге көктемгі аналар мерекесіне шашуларын
дайындады.
Хор:
«Нұрлы көктем»
Жүргізуші: Бүгін – наурыздың
сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз
адамның,
Анаға
айтар лебізі.
Балалардың тақпақтары:
Айсұлу-: Ақ мамамды
әрқашан,
Құрметтеймін сыйлаймын
Мерекеде
мен оған
Түрлі
сыйлық сыйлаймын
Ернұр: Біз доспыз
гүлдермен,
Текке оны
жұлмаймыз
Мерекеде
бір-бірлеп
Аналарға
сыйлаймыз
Көзайым: Бесіктерін
әнімен
Тербетуде
аналар
Жасай
берсін сәнімен
Жер
бетінде аналар.
Нәзік: Аялаған
анашым
Өзгелерден дарасың
Мерекеңмен құттықтап
Ән салады
балашын
Ән
«Анашым»
Жүргізуші: Қар, мұз
еріп,
Су
көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік
шашып,
Жапырақ
ашып,
Жер гүл
шашақ тағады.
Балалар,
айтыңдаршы,
Бұл қай
кезде болады?
Балалар: Көктемде!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, көктемде.
Қанеки, ортаға тұрып ән шырқайық, мерекемізге Көктемді әнімен
шақырайық!
«Көктем келді» әні
Музыка
сүйелмеумен, залға билеп Көктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(балалар амандасады) Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! (қонақтар
амандасады)
Көктем: Наурыз айы
көктеммін,
Күлемдеп
күмбез көкте күн.
Жайқалған
жасыл жапанға,
Жылулық
нұрын төккенмін.
Жүргізуші: Келгеніне қуаныштымыз, төрлет
Көктем. Кел ортамызға төрлет. Нұрынды төк, сәнінді жай, асықпай
деміңді ал.
Көктем: Рахмеет сендерге көп көп. Мен
босқа отырмай Жолда болған оқиғаларыммен бөлісе
отырайын.
Жүргізуші: Өте тамаша!кәне ендеше
тыңдайық
Көктем: Мен жолда келе жатып, жиналып
отырған кәрі әжелерді көрдім. Жандарына мерекелері құттықтайын деп
жақындасам, ай-ай-ай әжелеріміз ренжулі екен. Не болғанын сұрасам
әжелер осылай деп кезекпен кезек реніштерін
білдірді.
1-Әже: Келіңдер,
келіңдер
Келіңдер,
өсек бастайық
Келіннен
қорқып саспайық
Немеренің
әр түрлі
Қылығын
айтып тастайық
2-Әже: Немерем менің
тентек
Күндіз
тыным таппайды
Телефоның
керек деп
Түнгі
ұйқыға жатпайды
Ойбай,
сұмдық ай
Ұят
екен-ау масқарай
3-Әже:Немерем менің
теңгеге
Үйір
болып алыпты
Жүз
теңгені сағызға
Аямай
бере салыпты
Ойбай,
сұмдық ай
Ұят
екен-ау масқарай
4-Әже : Немерем менің ән
салса
Махабат
деп айтады
Қызың бар
ма деп едім
Жоқ деп
басын шайқайды
Ойбай,
сұмдық ай
Ұят
екен-ау масқарай
5-Әже: Еркеліктен
немерем
Жалқау
болып кетіпті
Сабақ оқу
кезінде
Маған
сеніп алыпты.
Ойбай,
сұмдық ай
Ұят
екен-ау масқарай
6-Әже: Немерем менің
басқалай
Бұйрықтары патшадай
Ойбай,сұмдық ай
Ұят екен
ау масқарай
7-Әже: Келіңдер келіп қапты
ғой
Бізде
үйге кетейік
Немере
шіркін тәтті ғой
Барына
шүкір етейік
Көктем: Әжелерді таныдыңдарма балалар?
Әжелерді ренжітпеу керек. 8 наурыз – ол әжелердің де
мерекесі. Сендер әжелерді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә, жақсы
көреміз!
Жүргізуші: Ендеше балалар әжелеріміздің
көңіл күйін көтеріп, әжелердің құрметіне өлең,тақпақтар айтып
берейік, жарайма?
Ән:
«Әжем айтқан ертегі»
Балалардың тақпақтары:
Нұрислам: Әжем менің әлі
де
Ұқсамайды
кәріге.
Шай
қайнатып береді,
Қонақтардың бәріне.
Ерназар: Менің әжем, жыр
әжем!
Шуағы мол
нұр әжем!
Еркелетіп
біздерді
Аман-есен
жүр әжем!
Перизат:Ақ әжемді
әрқашан,
Сыйлап,
жақсы көремін.
Қуантайын
деп оны,
Өлең
айтып берейін
Әміре: Өзің мені
өсірген
Айналайын
ақ әжем
Тентек
болсам кешірген
Балдай
тәтті бал әжем
Мұхамед-Али: Барған сайын бір
жаққа
Кәмпит
алып келеді
Әжем мені
өйткені
Қатты
жақсы көреді
Көктем: Иә, әжелеріңді өте жақсы
көресіңдер екен. Әжелеріңнің айтқан тілін алып,ешқашан
ренжітпеңдер.
Би:
«Қуыршағым-қонжығым» қыздар биі.
Ән:
«Ай-хой,қыздар-ай» ұлдар әні
Балалардың тақпақтары:
Арша-
Мансур: Ана біздің
күніміз
Ана
біздің гүліміз
Бізді ана
қуантып
Ұзақ өмір
сүріңіз
Асылым-Жанель:Айналайын
анашым
Күн боп
мәңгі жанасың
Құтты
болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Ұлпан-Бекнар: Аналарды
сұйеміз
Сөзін
ойға түйеміз
Әжені де
құрметтеп
Әдеппен
бас иеміз
Ән:
«Арулар»
Көктем: Қадірлі аналар
көңілі
Көктемдей
жайнап, гүл ашсын!
Бақытқа
толып өмірі
Шаттыққа
шаттық ұлассын.
-Сау
болыңдар, кездескенше, - деп қоштасып кетеді.
Жүргізуші: Құлпырған
гүлдей,
Көктемгі
күндей.
Жылулық
бізге
Төгетін
үзбей –
Мың
рахмет аналарға!
Сәуле
шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз.
Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын өз
әсем өміріңіз!
-Құрметті
аналар, балаларыңыздың сіздерге арнап қолдарымен дайындаған осындай
әдемі сыйлықтары сіздерді топта күтіп тұр.
Ән:
«Ана деп ән салам»
Жүргізуші ата-аналарға сөз береді.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар,
осымен 8 наурызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Біз балалармен
бірге мерекені топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, қош сау
болыңыздар!